Автор: Лейла Болтаева

Гулзира

Продюсер Гүлзира Айдарбекова кәсіпкер әрі блогер Сәуле Базарханның қазасына байланысты әлеуметтік желіде көңіл айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Өнер иесі марқұмның өмірден өткенін ауыр қабылдағанын жазды. Оның айтуынша, соңғы күндері Сәулемен бірге түскен сәттерін сториске жариялап жүрген. Продюсер қуанышын да, қайғысын да көпшілікпен бөлісетінін айтып, бұл жолғы жазбасы жүрегіне қатты батқанын жеткізді. Гүлзира Айдарбекова екі түн ұйықтай алмағанын, Сәуленің «Гүлеке» деп күліп кіріп келетіндей, қоңырау шалатындай болып елестейтінін айтты. Ол Ташкенттегі концертке барар алдында Шымкентке демалыс ұйымдастырып, ертерек ұшып кеткен. Ұшақ қонған сәтте жақындары мен құрбыларынан көп қоңырау түскенін көріп, суық хабарды естіген. Продюсер қонақтарын қалдырып, қайта ұшып кеткенін, марқұмды жер…

Толық оқу
ЛРТ астана

Astana LRT жолаушылары Halyk Bank акциясы арқылы әр сапар құнын бонус түрінде қайтара алады, деп жазады Ertenmedia.kz. Halyk Bank 2026 жылғы 16 мамырдан 31 шілдеге дейін арнайы акция іске қосты. Осы кезеңде Halyk SuperApp клиенттері мен Halyk картасының иелері Astana LRT жолақысын төлеген кезде төлем сомасының 100 пайызы көлемінде бонус ала алады. Акцияға қатысудың бірнеше жолы бар. Жолаушы жолақыны Face Pay арқылы төлей алады, CTS бокстық терминалын пайдалана алады, Halyk SuperApp қосымшасында LRT-ға арналған жол жүру билетін сатып ала алады немесе сол қосымша арқылы көлік картасын толықтыра алады. Бонустар төлем жасалғаннан кейін автоматты түрде есептеледі, қосымша өтініш берудің қажеті жоқ.…

Толық оқу
ауа райы

«Қазгидромет» 18 мамырға арналған ауа райын жариялады. Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, кей өңірде найзағай, шаңды дауыл, тұман, бұршақ және үсік күтіледі. Сонымен қатар көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Шымкентте желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Қалада жоғары өрт қаупі күтіледі. Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл болады. Желдің екпіні кей жерде 23 м/с дейін күшейеді. Түркістан қаласында да жоғары өрт қаупі сақталады. Абай облысында түнде және таңертең кей жерде тұман түседі. Жел екпіні 15–20 м/с болады. Түнде жекелеген аудандарда топырақ бетінде -1 градус үсік күтіледі.…

Толық оқу

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Үржар ауданына «Қаладан ауылға» жобасы аясында қоныс аударған отбасылардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Аймақ басшысы көшіп келген тұрғындармен кездесіп, олардың әлеуметтік жағдайын көрді. Қазіргі уақытта Үржар ауданына 16 отбасы, жалпы саны 66 адам қоныс аударған. Оның 45-і – балалар. Көшіп келушілерге тұрғын үйлер дайындалып, қажетті тұрмыстық жағдайлар жасалған. Ірі шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары тарапынан отын-көмір, азық-түлік және басқа да қажетті тұрмыстық заттармен көмек көрсетілуде. Облыс әкімі Шымкент қаласынан Үржар ауданының Қазымбет ауылына көшіп келген Расул Керімбек пен Фируза Байхоразовамен жүздесті. Отбасында тоғыз адам тұрады. Еңбекке қабілетті бір адам жұмыспен қамтылып, алдағы уақытта жеке кәсіпкер ретінде тіркелу…

Толық оқу
қрақ көрпе

Шығыс Қазақстан облысында Халықаралық отбасы күні аясында өткен «Ғасырлық дәстүрлер» халықаралық фестивалінде қазақтың сәндік-қолданбалы өнері бойынша екі бірдей әлемдік рекорд тіркелді, деп жазады Ertenmedia.kz. Фестивальдің басты жаңалығы «Аламан құрақ – 2026» жобасының Global Best of Records халықаралық рекордтар кітабына енуі болды. Қазақтың көне құрақ құрау дәстүріне негізделген жоба ұлттық қолөнердің әлемдік деңгейде танылуына жол ашты. Құрақ өнері қазақ тұрмысында тек мата қиындысын біріктіру тәсілі емес, үйдің берекесін, ананың мейірімін, отбасының жылуын сақтайтын ерекше мәдени белгі саналады. Рекордтық жоба аясында көпшілікке ені 60 сантиметр болатын «Жылқы» сәндік жастықтары ұсынылды. Ұлттық нақышпен тігілген бұйымдарда қазақ танымындағы еркіндік, күш, тектілік және дала мінезінің…

Толық оқу
Үкімет

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның іске асырылу барысын тексерді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында жобаларды қаржыландыру, отандық тауар өндірушілер өнімдерін пайдалану деңгейі, сатып алу рәсімдері және тұрғын үй көмегін проактивті форматта көрсету мәселелері қаралды. Ұлттық жобаның электрондық платформасында жалпы құны шамамен 1,4 трлн теңге болатын 520 жоба тіркелген. Соның ішінде 554 млрд теңге сомасындағы 244 жоба сатып алу рәсімдерінің әртүрлі кезеңінде тұр. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, пилоттық жобаларды қоса алғанда, жалпы құны 371 млрд теңгеден асатын 127 жоба бойынша конкурстық рәсімдер аяқталған. Қазір жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл ұлттық жоба аясында «қызыл…

Толық оқу
Түркістан

2026 жылғы 16 мамырда Түркістан қаласында жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологияларын тәжірибелік тұрғыда қолдануға көшкен алғашқы елдердің бірі болып отыр. Жоба оңтүстіктегі су тапшылығы мен құрғақшылық салдарын азайтуға, су қоймаларын толықтыру деңгейін арттыруға және ауыл шаруашылығы аумақтарын қосымша су ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған. Толық ауқымда іске асыру жұмыстары 2026 жылғы 17 мамырда басталады. Жаңа технология Түркістан облысындағы жалпы көлемі 911 мың гектардан асатын егістік жерге әсер етіп отырған құрғақшылық тәуекелін төмендетуге арналған. Оңтүстік өңір үшін су мәселесі жай ғана табиғи құбылыс емес, егін өнімділігіне, шаруалардың табысына, азық-түлік…

Толық оқу
киберспорт

Астанадағы «Barys Arena» спорт кешенінде Counter-Strike 2 бойынша PGL Astana 2026 халықаралық турнирі басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жүлде қоры 1,6 млн АҚШ долларын құрайтын жарысты PGL Esports SRL ұйымдастырып отыр. Турнирге әлемдік деңгейдегі 16 команда қатысуда. Олардың қатарында Team Spirit, G2 Esports, FURIA Esports және Heroic секілді киберспорттағы танымал ұжымдар бар. Ірі додаға арнайы шақырылған қонақтар да аз емес. Олардың арасында Counter-Strike бойынша әлем чемпионы Дәурен Қыстаубаев, FURIA Esports ойыншысы Даниил Голубенко, стример Слава Бустер, PGL турнирлерінің жүргізушісі James Banks, сондай-ақ әлем чемпионы Габриель Толедо бар. PGL Astana 2026 турнирі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған…

Толық оқу
Қоғамдық қабылдау

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Республикалық қоғамдық қабылдау алаңында азаматтармен кездесіп, ел ішіндегі өзекті әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді тыңдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қабылдауға келген тұрғындар су желілерін жаңарту, елді мекендерді газдандыру, байланыс сапасын жақсарту, еңбек құқығын қорғау, пошта қызметін жолға қою, ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету және білім беру инфрақұрылымын дамыту секілді бірқатар мәселені көтерді. Партия төрағасы әр өтінішті жеке тыңдап, тиісті бағыттар бойынша жұмыс жүргізілетінін айтты. Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының тұрғыны Бейбіт Қасенов аудан орталығындағы су желілерінің әбден тозғанын жеткізді. Оның айтуынша, желілер 30 жылға жуық уақыт бойы күрделі жөндеу көрмеген. Қазір инфрақұрылымның 60-70 пайызы ескіргендіктен, тұрғындарды сапалы…

Толық оқу

Қарасай ауданында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Қаскелең өзені аумағында экологиялық сенбілік ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. «Таза өлке – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбымен өткен шараға аудан тұрғындары, еріктілер, белсенді жастар, діни бірлестік өкілдері және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қатысты. Жалпы сенбілікке 100-ден астам адам жиналып, өзен жағалауын тазалау жұмысына үлес қосты. Игі бастаманың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдысын күшейту және қоғамда тазалық мәдениетін дамыту. Сонымен қатар тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға, өзен-көл маңын таза ұстауға және ортақ кеңістікке жанашырлықпен қарауға үндеу көзделді. Сенбілік барысында Қаскелең өзенінің жағалауы тұрмыстық қалдықтан тазартылды. Қатысушылар қураған шөпті, бей-берекет…

Толық оқу