Автор: Лейла Болтаева

Вэньчан ғарыш айлағы

Қытай Айға ғарышкерлерді жіберуге арналған жаңа зымыран мен ғарыш кемесін алғаш рет сынақтан сәтті өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Сәрсенбі күні Қытайдың Хайнань аралындағы Вэньчан ғарыш айлағынан Long March 10 ауыр класты зымыран-тасығышының және Mengzhou ғарыш кемесінің прототиптері ұшырылды. Ұшу сынағы барысында зымыран мен ғарыш аппараты аса күрделі «Max-Q» нүктесінен зымыранға әсер ететін аэродинамикалық қысымның ең жоғары шегінен сәтті өтті. Осы сәтте ғарыш кемесінің капсуласы зымыраннан ажырап, арнайы құтқару зымыранының көмегімен қауіпсіз қашықтыққа шығарылды. Кейін капсула парашюттермен Оңтүстік Қытай теңізінің белгіленген аймағына жайлап қонды. Ал Long March 10 зымыраны ары қарай ұшуды жалғастырып, Карман сызығынан (Жер атмосферасы мен ғарыш арасындағы халықаралық…

Толық оқу
экзопланета

Астрономдар алыстағы жұлдыздардың өте баяу тербелістерін бақылап, бір алып экзопланета мен сирек қоңыр ергежейлі нысанды анықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Гавай аралдарындағы Subaru телескопымен жұмыс істейтін ғалымдар OASIS (Observing Accelerators with SCExAO Imaging Survey) жобасы аясында екі ерекше аспан денесін тіркеді. Бұл жоба Еуропалық ғарыш агенттігінің Hipparcos және Gaia миссиялары жинаған аса дәл астрометриялық деректерді Subaru телескопының SCExAO (Subaru Coronagraphic Extreme Adaptive Optics) бейнелеу жүйесімен ұштастырады. Жұлдыздардың көзге көрінбейтін серіктерінің гравитациялық тартылысы туғызатын өте әлсіз қозғалыстары алдын ала анықталып, кейін телескоп сол нысандарға бағытталады. Қазіргі телескоптармен тікелей суретке түсіруге болатын алып планеталар мен қоңыр ергежейлілер барлық жұлдыздардың шамамен 1 пайызының маңынан…

Толық оқу
Наполеон Бонапарт

1812 жылы Наполеон Бонапарт бастаған француз әскерінің Ресейден шегінуі оның империясының күйреуіне түрткі болған, тарихта орны ерекше оқиғалардың бірі болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Алғашында жарты миллионға жуық әскермен жолға шыққан Наполеон қолынан шамамен 300 мыңға жуық сарбаз опат болған еді. Ғалымдар сол тарихи оқиғаға қатысты жаңа зерттеу жасап, сол кездегі әскерде бұрын белгісіз болып келген жұқпалы аурулардың болғанын анықтады. Литва астанасы Вильнюс маңындағы Наполеон сарбаздары жерленген жаппай қорымнан табылған жауынгерлердің сүйектеріне жасалған ДНҚ-зерттеуі Grande Armée (Ұлы армия) сарбаздарының бірнеше аурудан зардап шеккенін көрсетті. Ғалымдар сарбаздардың тісінен алынған үлгілер арқылы паратиф және биттен тарайтын қайталама сүзек (возвратный тиф) қоздырғыштарын анықтаған. Бұл…

Толық оқу
Ауыл партиясы

Көкшетау қаласында «Ауыл» партиясының өңірлік филиал өкілдеріне арналған «Жаңартылған Конституция – тұрақты даму негізі» атты республикалық семинар-кеңес өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараның басты мақсаты жаңа Конституция жобасының мазмұнын жан-жақты түсіндіру, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдықтарды талқылау және халық арасында құқықтық мәдениетті нығайту. Жиын барысында қатысушылар жаңа Конституцияның негізгі ережелеріне терең тоқталып, оның еліміздің саяси жүйесіне тигізер оң әсерлерін сараптады. Әсіресе билік тармақтары арасындағы өкілеттіктердің теңгерімі, жергілікті өкілді органдардың құзыретін кеңейту, өңірлердің дербестігін арттыру мәселелері қызу талқыланды. Сондай-ақ, семинарда өңірлік филиал өкілдері Конституциялық реформаны жергілікті деңгейде тиімді іске асырудың жолдары мен тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың, қоғамдық белсенділікті күшейтудің маңызды…

Толық оқу
Қант қызылшасы

Жетісу облысында биыл қант қызылшасы 13 мың гектар алқапқа егіледі. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 838 гектарға артық, деп жазады Ertenmedia.kz. Жақында облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаевтың төрағалығымен өткен ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі жиында көктемгі егіс науқанына дайындық барысы талқыланды. Осы басқосуда биылғы маусымда қант қызылшасын егу үшін өңірге қажетті 17,4 мың себу бірлік тұқым дайындалып жатқаны айтылды. Жиында сөз алған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев өнімді дер кезінде жинап, өңдеу үшін ерте пісетін сорттарға ерекше мән берілетінін атап өтті. – Өткен жылғы оң тәжірибемізді ескере отырып, биыл да 3500 гектар жерге ерте пісетін, 120 күндік «Авантаж» сорты…

Толық оқу
Азат Перуашев

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев жаңа Конституция жобасын толық қолдап, оны жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Азат Перуашев фракция жаңа Ата заңның жобасын талқылау барысында парламенттік реформаға және құжаттың басқа да бағыттарына қатысты 50-ден аса ұсыныс енгізгенін айтты. Депутаттың пікірінше, жаңа Конституциядағы кәсіпкерлік құқықтарын қорғау, меншік түрлерінің алуан түрлілігі мен кепілдіктерін сақтаудың маңызы зор. Сонымен қатар банк және коммерциялық құпияны қорғау сияқты нормалар кәсіпкерлік ортаға, жалпы ел экономикасына оң әсер етеді. – Әсіресе, елімізге жай ғана инвестиция емес, озық технологияларды әкелуге мүмкіндік беретін «жедел дамитын қалаларға» ерекше мәртебе беру бастамасы өте маңызды. Себебі нарықта…

Толық оқу
Коститутциялық комиссия жиыны

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-отырысында «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев қоғамның мыңдаған ұсыныстары негізінде әзірленген жаңа Конституция жобасын толық қолдап, оны жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Серік Егізбаев өз сөзінде жаңа Конституцияның азаматтардың талап-тілегі мен қоғамның өзекті сұраныстарына толық жауап беретінін атап өтті. – Жаңа Конституция жобасын талқылау барысында мыңдаған ұсыныс ескерілді. Бұл құжат еліміздің алдағы даму бағытын, азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының жаңа моделін нақты айқындап береді, – деді партия төрағасы. Серік Егізбаевтың айтуынша, Конституцияның өзегі – адам мен оның құндылықтары, билік тармақтарының теңгерімі, заң үстемдігі және әлеуметтік әділеттілік қағидаттары болып табылады. Сонымен қатар «Ауыл» партиясы еліміздің…

Толық оқу
Бақыт Нұрмаханов

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Ата заңның жобасына қосымша енгізілген өзгерістер туралы баяндады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиын барысында Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасы бойынша азаматтардың тұрғын үйге қол сұғылмаушылық құқығын күшейту мәселесі қаралғанын атап өтті. – Конституцияның 28-бабының 1-тармағына енді тек баспанадан айыруға ғана емес, сот шешімінсіз тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға да тыйым салатын норма енгізілді. Сондай-ақ, тұрғын үйге басып кіру, оны тінту тек заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асады, – деді Бақыт Нұрмұханов. Жаңа Конституцияның қабылдануы мен 1995 жылғы Конституцияның күшін жою мерзімдері туралы да нақты нормалар ұсынылды. Сонымен қатар Конституцияда бірпалаталы Құрылтайға…

Толық оқу
Айдос Сарым

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Жаңа Конституцияның жобасы тарих пен бүгіннің сабақтастығын сақтай отырып, ұлт болашағын айқындайтын ерекше құжатқа айналғанын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 12-отырысында сөз сөйлеген депутат Айдос Сарым бұл тарихи құжаттың көпшілік референдумға шығаруға толық дайын екенін айтты. – Жаңа Конституцияның жобасын әзірлеу кезінде біз көп маңызды мәселелердің шешімін таптық. Мамандар мен қоғам өкілдерінің тығыз бірлесе отырып атқарған жұмысының нәтижесінде еліміздің келбетін, азаматтарымыздың өмірін жақсартатын нақты формулалар мен жаңа қағидалар енгізілді, – деді депутат. Оның айтуынша, бұл Конституцияның ерекшелігі Қазақстанның тарихи контексін толық ескеріп, мемлекеттің бұған дейінгі жетістіктерін жаңа замандағы талаптармен үйлестіре білуінде жатыр. –…

Толық оқу
Әміре Кеңес Рақышев

Белгілі әнші Әміре меценат әрі кәсіпкер Кеңес Рақышевтан су жаңа көліктің кілтін сыйға алды, деп жазады Ertenmedia.kz. – Бүгін күтпеген жерден жаңа көліктің иесі болдым. Кеңес ағамыз өнер жолымды үнемі бақылап, халықаралық байқаулардағы өнеріме қолдау білдіретінін жеткізді. Бұл мен үшін тосын сый әрі үлкен құрмет болды. Ағама шын жүректен алғысымды айтамын, – деді Әміре. Бұған дейін сайтымызда Кеңес Рақышевтың әнші Мейрамбек Бесбаевқа да жылы лебіз білдіргенін жазған едік. Еліміз үлкен саяси өзгерістер алдында тұрғанда, қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлердің белсенділігі артатыны түсінікті. Дегенмен Кеңес Рақышев бұған дейін де қайырымдылық істерімен халықтың алғысын алған, үнемі жомарттығымен танылған азамат. Осындай іс-әрекеттері арқылы кәсіпкердің…

Толық оқу