Алматыда электромобильдерге қызмет көрсететін станцияда өрт шықты. Оқиға салдарынан бірнеше көлік жанып кеткен, деп жазады Ertenmedia.kz. Куәгерлердің айтуынша, ғимарат ішінде кемінде төрт автокөлік өртенген. Кейін белгілі болғандай, олардың арасында алматылық танымал блогер Алина Лидің көлігі де болған. Блогер болған жағдай туралы Instagram парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, бұл көлік – ұзақ уақыт бойы жинаған еңбегінің нәтижесі болған. – 14 жасымнан бастап армандаған көлігіме ақша жинадым. 18 жасымда сатып алдым. Тіпті толық жетпеген соң несие алуға тура келді. Бүгін сол көлік күлге айналды, – деді ол. Алина алғашында бұл хабарды қалжың деп қабылдағанын айтады. Алайда шындықты білгенде ауыр күй кешкенін жасырмады. –…
Автор: Лейла Болтаева
Қазақстанда көктем біртіндеп өз күшіне еніп келеді. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа температурасы күндіз жоғарылап, тұрақты жылылық орнай бастайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Астана Астана қаласында 18 наурыз күні құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -7…-9 градус, күндіз +3…+5 градус. 19 наурызда да жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Жел солтүстік-батыстан соғады. Түнде -5…-7 градус, күндіз +3…+5 градус. 20 наурызда ауа температурасы біршама көтеріледі. Түнде -2…-4 градус, күндіз +5…+7 градусқа дейін жетеді. Жел әлсіз болады. Алматы Алматы қаласында 18 наурызда құбылмалы бұлтты ауа райы…
Бүгінгі күн әр белгі үшін жаңа мүмкіндіктер мен ішкі өзгерістерге толы. Ең бастысы – өзіңізді тыңдап, батыл қадам жасау, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Армандарыңызды кейінге қалдырмаңыз. Жақында ойлаған мақсаттарыңызды іске асыруға кірісіңіз. Әрекет жасаған сайын шабыт арта түседі. Торпақ Көкжиегіңізді кеңейтіңіз. Жаңа адамдармен танысу сізді жаңа белестерге жетелейді. Кейде жайлылық аймағынан шығу қажет. Егіздер Өзіңізге қуаныш сыйлайтын істерге көңіл бөліңіз. Бұл ішкі тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Шаян Ішкі дауысыңызға сеніңіз. Логика жеткіліксіз жерде интуиция дұрыс жол көрсетеді. Кеш тыныш демалысқа қолайлы. Арыстан Бүгін сіздің тартымдылығыңыз ерекше байқалады. Қарым-қатынаста оң әсер қалдырып, кез келген адамды өзіңізге тарта аласыз. Бикеш Ойыңызды ретке келтіріңіз.…
Марс планетасының бетінде бұрын су болғаны туралы дәлелдер артып келеді. NASA-ның «Perseverance» марсоходы георадар көмегімен жер астынан ежелгі өзен атырауының іздерін анықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеу Жезеро кратерінде жүргізілген. Бұл аймақ Марстың солтүстік жарты шарында орналасқан және бұрын суға толы көл болған деген болжам бар. Марсоход 6,1 шақырым жүріп өтіп, 35 метр тереңдікке дейінгі геологиялық қабаттарды зерттеген. Ғалымдар қабатталған шөгінділер мен эрозияланған беттерді анықтап, бұл жердің өзен атырауы болғанын растады. Мұндай атыраулар өзеннің үлкен су айдынына құятын тұсында қалыптасады. Зерттеулерге сәйкес, бұл құрылым шамамен 3,7-4,2 миллиард жыл бұрын пайда болған. Бұл кезең Марстың бастапқы қалыптасу уақытына жақын. Яғни, планета тарихының…
АҚШ барлау қызметінің соңғы бағалауы халықаралық қауіпсіздік күн тәртібінде жаңа пікірталас туғызды. Вашингтон Пәкістанды Ресей, Қытай, Солтүстік Корея және Иранмен қатар атап, оның зымырандық әлеуеті ұзақ мерзімде АҚШ аумағына қауіп төндіруі мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. АҚШ Ұлттық барлау директоры Тулси Габбард Сенаттағы тыңдауда 2026 жылға арналған қауіп-қатерлер туралы баяндама ұсынып, бірнеше елдің жаңа буындағы зымыран жүйелерін дамытуы стратегиялық тәуекелге айналып отырғанын айтты. Оның сөзінше, Пәкістан да алыс қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандарды әзірлеу бағытын күшейтіп келеді. Алайда бұл мәлімдемелерге сарапшылар мен Пәкістан тарапынан күмәнмен қарау байқалады. Ресми Исламабад әзірге жауап бермегенімен, бұрынғы дипломаттар мен әскери сарапшылар бұл бағалауларды «саяси…
Көктемнің ең шуақты әрі көпшілік асыға күтетін мерекесі – Наурыз жақындап келеді. Бұл күндері дастарқан молайып, наурыз көже, бауырсақ, бешбармақ, қазы-қартамен бірге түрлі тез бұзылатын тағамдар кеңінен дайындалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мереке қарсаңында халық жаппай азық-түлік сатып алып, жәрмеңкелер ұйымдастырылып, мектептер мен балабақшаларға тағам апару дәстүрі де күшейеді. Осындай кезеңде тағамнан улану мен инфекциялық аурулардың алдын алу өзекті мәселеге айналады. Сондықтан мамандар мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру кезінде санитариялық талаптарды қатаң сақтауды ұсынады. Ең алдымен, іс-шаралар кестесі нақты жоспарланып, адамдардың шамадан тыс жиналуына жол берілмеуі тиіс. Тағам дайындау мен сату барысында қауіпсіздік басты назарда болуы қажет. Үй жағдайында дайындалған өнімдерді сатуға жол…
Әлемге әйгілі ғалым Стивен Хокинг қара құрдымдар туралы зерттеулерімен ғана емес, адамзат болашағына қатысты батыл пікірлерімен де танымал болған, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның көптеген ойлары оптимистік емес, керісінше ескерту сипатында болды. Хокингтің айтуынша, адамзаттың жойылып кету қаупі бар, бірақ оны алдын алуға мүмкіндік те жеткілікті. Ғалымның пікірінше, ең үлкен мәселе – адамзаттың бір ғана планетада өмір сүруі. Егер Жерде ғана қалсақ, бір астероид, бір індет немесе бір ірі соғыс бүкіл өркениетті жойып жіберуі мүмкін. Хокинг адамзатқа қауіп төндіретін бірнеше негізгі сценарийді атап өткен. Климаттың өзгеруі Ғалым жаһандық жылынудың қайтымсыз деңгейге жету қаупі бар екенін ескерткен. Оның пікірінше, егер бұл үдеріс…
Қазақстанда энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында маңызды келісім жасалды. Ақтау қаласында қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу туралы инвестициялық жоба іске асырылмақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Келісімге ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен «Ақтау энергетика компаниясы» ЖШС басшысы Гэ Личунь қол қойды. Бұл компания 2024 жылы Қытайдың ірі энергетикалық корпорацияларының бірі China Huadian Corporation қатысуымен құрылған. Жобаның жалпы құны шамамен 108 млрд теңгені құрайды. Қаржыландырудың басым бөлігі – 70 пайызы қытайлық серіктес есебінен қамтамасыз етіледі. Қондырғы Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының аумағында салынып, 2027 жылдың маусымында іске қосылады деп жоспарланған. Жоба аясында 300-ден астам жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар кадр даярлау мәселесіне…
Астанада Наурызнама онкүндігі аясында атап өтілетін Жаңару күні ерекше мазмұнмен өтті. Есіл ауданындағы №2 көпсалалы қалалық ауруханада дүниеге келген сәбилерге арналған салтанатты шара ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараның негізгі мақсаты отбасылық құндылықтарды нығайту және экологиялық мәдениетті өмірдің алғашқы сәтінен бастап қалыптастыру. Жаңа туған нәрестелер мен олардың ата-аналарына арнайы құттықтау хаттар табысталды. Бұл хаттардың ерекшелігі әр отбасыға QR-код ұсынылуында. Сол код арқылы сәбидің дүниеге келуіне орай отырғызылатын атаулы ағаштың нақты орналасқан жерін көруге болады. Осылайша, әрбір бала туған сәттен бастап табиғатпен байланысқан символдық бастаманың бір бөлігіне айналады. Есіл ауданының әкімі Дарменияр Қыдырбекұлы бұл бастаманың маңызын атап өтті. – Әр бала жаңа…
Қытай ғалымдар энергияға негізделген жаңа қару түрін жасап, әскери технологияда маңызды қадам жасады. Жаңа жүйе спутниктерді жерден істен шығаруы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. TPG1000Cs деп аталатын бұл құрылғы жоғары қуатты микротолқынды импульстарды бұрынғы жүйелерге қарағанда әлдеқайда ұзақ уақыт бойы шығара алады. Егер бұрынғы үлгілер бірнеше секундтан кейін қызып, жұмысын тоқтатса, жаңа жүйе бір минутқа дейін үздіксіз 20 гигаватт энергия өндіруге қабілетті. Жүйені Сиань қаласындағы Солтүстік-Батыс ядролық технологиялар институты әзірлеген. Құрылғының ұзындығы небәрі 4 метр, салмағы шамамен 5 тонна. Осындай ықшам өлшем оның түрлі платформаларда қолданылуына мүмкіндік береді. Оны жүк көліктеріне, кемелерге, ұшақтарға және тіпті спутниктерге орналастыруға болады. Жаңа технологияның басты…










