Автор: Лейла Болтаева

Кеңес Рақышев

Белгілі кәсіпкер Кеңес Рақышев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында танымал өнер қайраткерлері Мейрамбек Беспаев және Ринат Ғайсинмен бірге түскен суретін жариялап, олардың шығармашылығына жоғары баға берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Соңғы уақытта Кеңес Рақышев парақшаларын қазақ тілінде жүргізіп, мазмұнды жазбаларымен көпшіліктің ықыласына бөленіп жүр. Оның бұл бастамасы өзге де кәсіпкерлерге үлгі болса игі. «Бүгін қазақ өнерінің майталманы, көптеген танымал әндер мен әуендердің авторы, досым Ринат Ғайсиннің туған күні. Ринат – қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне өлшеусіз еңбек сіңірген тұлға. Оны отбасымыздың атынан шын жүректен құттықтаймыз!» – деп жазды кәсіпкер. Сонымен қатар, ол атаулы күні Ринат Ғайсинмен бірге халықтың сүйіктісі, «Бозторғай» әнімен талайдың…

Толық оқу
мүмкіндігі шектеулі жандар

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруды ынталандыру мақсатында бірқатар салық жеңілдіктері қарастырылған, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа Салық кодексінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа қабылдайтын кәсіпорындар үшін арнайы жеңілдіктер мен шарттар белгіленген. Атап айтқанда, корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша келесідей жеңілдіктер көзделген: Ұйымдағы мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 3-тен 10-ға дейін болса, КТС 50%-ға, ал 10-нан асқан жағдайда 100%-ға азайтылады. Дегенмен бұл жеңілдікті қолдану үшін келесі талаптарды сақтау міндетті: ұйым қызметкерлерінің кемінде 51%-ын мүгедектігі бар адамдар құрауы тиіс; еңбек ақы қорының кемінде 51%-ы осы азаматтарға төленуі керек; ұйымның табысының 90%-дан астамы мүгедектігі бар жұмысшылардың қатысуымен алынуы қажет; бұл қызметкерлер басқа ұқсас ұйымдармен еңбек…

Толық оқу
Жұлдыз жорамал

Астрологтар 10 ақпанға арналған жұлдыз жорамалды жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін асығыстық танытпаған дұрыс. Сабыр сақтап, жолыңызда кездескен пайдалы әрі сенімді мүмкіндіктерді жіберіп алмауға тырысыңыз. Торпақ Бұл күн сізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Күніңіз қалжыңға толы, әрі бастысы – күлкі сізге бағытталмайды. Егіздер Өзіңізді әлем қожайыны ретінде сезінуге негіз бар. Бұл мүмкіндікті пайдаланып, айналаңыздағы кейбір келеңсіздіктерді реттеп алуға тырысыңыз. Шаян Өзіңізге деген сенімсіздігіңізді айналаңыздағы адамдарға сездірмеуге тырысыңыз. Жүзіңізден сенімділік байқалуы керек, сонда ешкім шынайы сезіміңізді аңғармайды. Арыстан Жеңіл әрі жағымды күн болғалы тұр. Бүгін жұмыстан бастап, жақындарыңызбен қарым-қатынасқа дейін – барлығы қуаныш әкеледі. Бикеш Бүгін әдеттегіден сезімтал болуыңыз мүмкін. Барлық…

Толық оқу
құрылыс

Өскеменде бірқатар құрылыс компаниялары тұрғын үйлерді ешқандай рұқсат құжаттарынсыз тұрғызған. Заң талаптарын өрескел бұзған кәсіпорындардың әрекетін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандары анықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Тексеру қорытындысы бойынша сегіз ірі құрылыс компаниясына жалпы сомасы 177 миллион теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар екі құрылыс фирмасы тұрғындарды заңсыз үлестік құрылысқа тартқаны белгілі болды. Олар әлі пайдалануға берілмеген тұрғын үйлер үшін пәтер сатып алушылардан алдын ала екі миллиард теңгеге жуық қаражат жинап алған. – Барлығы 187 ұйғарым берілді. Негізгі заңбұзушылықтар – құрылыс-монтаждау жұмыстарының сараптамасыз басталуы. Құрылыс басталмай тұрып, жобалық құжаттама міндетті түрде ведомствоаралық мемлекеттік сараптамадан өтіп, құрылыс нормаларына сәйкестігі тексерілуі қажет еді, –…

Толық оқу
ауа райы суық тұман

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында күн құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, қатты жел соғады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ал республиканың орталық және солтүстік аймақтарында қар, көктайғақ және боран күтілуде. Батыста күн біршама суытса, шығыс өңірлерде керісінше күндіз ауа температурасы жоғарылайды. Елордада бүгін күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Күндіз жел күшейіп, төменнен соққан боран күтіледі. Ауа температурасы күндіз де, түнде де -1…+1 градус аралығында сақталады. Алматыда күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -1…+1 градус, күндіз +6…+8 градус болады. Шымкентте ауа райы құбылмалы, жаңбыр жауады, түнде және таңертең қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні күшейеді. Түнде ауа…

Толық оқу
Сенаттағы талқылау

Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен жаңа Конституция жобасының негізгі мазмұнын талқылауға арналған ауқымды жиын өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Шараға Сенат депутаттарымен қатар, сарапшылар қауымдастығы, ғылыми-талдау орталықтары мен салалық институттардың өкілдері, сондай-ақ Сенат жанындағы Сарапшылар клубы мен Taldau Community мүшелері қатысты. Жиынды ашқан Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы қолға алған саяси реформалардың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасы – қоғамдағы саяси жаңғыруға деген нақты сұраныстың нәтижесі. – Конституциялық реформа Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздегі саяси жүйені терең әрі жүйелі жаңғыртуға бағытталған бастамаларының логикалық жалғасы. Жаңа Конституцияның негізі заң мен тәртіпке, азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне, экологиялық жауапкершілік пен орнықты дамуға бағытталған.…

Толық оқу
Коститутциялық комиссия жиыны

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов тілге байланысты баптың жаңа редакциясын таныстырды. Ол Конституциясының жаңартылған жобасында тіл мәселесіне қатысты маңызды өзгеріс орын алатынын жеткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұсынылып отырған өзгеріс бойынша, Конституцияның мемлекеттік тілге арналған 9-бабының бірінші тармағы өзгеріссіз қалады. Ал екінші тармақтағы «тең» сөзі «қатар» сөзімен ауыстырылмақ. Бұл тармақтың жаңа нұсқасы былайша тұжырымдалмақ: «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады». Қазіргі Конституцияда осы тармақ «орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылады» деп көрсетілген. Конституциялық реформа барысында тілге қатысты дәл осы тұжырым қоғам арасында қызу талқыға түсті. Мемлекеттік тілдің мәртебесін ерекше назарда ұстайтын…

Толық оқу
Мұқағали Мақатаев

Жетісу облысында қазақ поэзиясының алыбы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мерейтойлық іс-шаралар аясында ақын өлеңдеріне жазылған әндерден «Есіңе мені алғайсың» атты облыстық ән байқауы өтті. Талдықорғандағы Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармонияда өткен байқауға Жетісу өңірінің аудан-қалаларынан жиналған 16-35 жас аралығындағы 29 әнші қатысты. Байқау дәстүрлі ән және эстрадалық ән сияқты екі номинация бойынша ұйымдастырылды. – Ақынның терең де әсерлі өлеңдеріне ән жазған композиторлар өте көп. Сол әндер халықтың жүрегінен орын алып, бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл байқау арқылы біз Мұқағали мұрасын кеңінен насихаттап, жастар арасында өнерге деген сүйіспеншілікті арттыруды көздейміз, – деді…

Толық оқу
Наурыздағы демалыстар

2026 жылдың наурыз айы қазақстандықтар үшін ерекше жомарт болып, бірнеше ұзақ демалыс күндерін сыйлайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл айда елімізде бірден екі мемлекеттік мереке атап өтіледі. Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы. Мерекелік күндердің демалыстармен сәйкес келуіне байланысты азаматтар айдың жартысына жуығын демалып өткізеді. Наурыздағы жұмыс және демалыс күндері қалай белгіленген? 2026 жылдың наурызы демалыс күндеріне ең бай айлардың бірі болады. Нақтырақ айтсақ: Бес күндік жұмыс аптасында: 13 күн демалыс және 18 жұмыс күні. Алты күндік жұмыс аптасында: 9 күн демалыс және 22 жұмыс күні. 8 Наурыз мерекесіндегі демалыс кестесі: Халықаралық әйелдер күні жексенбіге түсіп тұр. Сондықтан демалыс күнін ауыстыру…

Толық оқу
кофе ішіп отыр

Кофе ішу гипертонияның (жоғары қан қысымы) пайда болу қаупін арттырмайды. Ғалымдар 315 мыңнан астам адамның қатысуымен өткен 13 зерттеудің нәтижесін талдап, осы қорытындыға келді, деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеу туралы The Conversation басылымы хабарлады. Талдау нәтижесінде бір шыны кофе ішкеннен кейін систолалық қысым орта есеппен 3-15 мм сынап бағанына көтерілген. Ал диастолалық қысым 4-13 мм сынап бағанына уақытша көтерілуі мүмкін екендігі анықталды. Ал бұрыннан гипертониямен ауыратын адамдарда бұл көрсеткіштер одан да жоғары болуы мүмкін. Дегенмен ғалымдар қысымның мұндай қысқа мерзімді көтерілуі кофеден мүлдем бас тартуға себеп емес дейді. «Жынысы, ішу жиілігі, кофеиннің болуы және зерттеу ұзақтығы секілді факторларға қарамастан, кофе тұтыну…

Толық оқу