Автор: Лейла Болтаева

Астанада коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған ірі жобалар басталды. Ұлттық жоба аясында жылу, электр және су желілерін жаңғыртуға 4, 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп жазады Ertenmedia.kz. Соңғы жылдары елорда халқының саны қарқынды өсіп келеді. Жаңа тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік нысандардың көбеюі инженерлік желілерге түсетін жүктемені де арттырды. Сондықтан қазіргі кезеңде жаңа үйлер салумен қатар оларды сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Астана-Теплотранзит» АҚ жылу желілерін жаңартуға арналған екі жобаны қолға алды. Жалпы құны 870 млн теңгеден асатын жобалардың бірі Қабанбай батыр даңғылына жақын орналасқан жаңа тұрғын аудандарды қамтиды. Мұнда Қ. Мұхамедханов көшесінің бойымен өтетін ұзындығы…

Толық оқу

Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы Бердібек Соқпақбаев атындағы саябақта балалармен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Еркін форматта өткен жүздесуге 35-ке жуық бала қатысты. Ашық аспан астындағы кездесуде оқушылар облыс әкіміне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның мәні туралы пікір алмасты. Марат Сұлтанғазиев балаларға мемлекеттік рәміздер тәуелсіз Қазақстанның басты нышаны екенін айтты. Оның сөзінше, Ту, Елтаңба мен Әнұранды құрметтеу – әр азаматтың елге деген құрметін көрсететін маңызды белгі. Кездесу барысында әкім мемлекеттік рәміздерге қатысты қызықты деректермен де бөлісті. Әсіресе көк Тудың ғарыш кеңістігіне көтеріліп, әлемнің ең биік шыңдарында желбірегені туралы мәліметтер балалардың ерекше…

Толық оқу

Бұрынғы Дүниежүзі көпенділер ойыны  дирекциясының жетекшісі Наиль Нуров аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен қамауға алынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ашық деректерге қарағанда, сот Наиль Нуровты екі айға қамауға санкция берген. Қазір іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Оған тағылған күдік 2024 жылы Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық кезіндегі жобалардың бірімен байланысты айтылып отыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, әңгіме этноауыл салу жобасы төңірегінде өрбіген. Жобаның құны 500 млн теңгеден асқан. Құқық қорғау органдарының дерегінше, дирекция басшысы келісім жасалғаннан кейін мердігерден келісімшарт сомасының 10 пайызы көлемінде заңсыз сыйақы талап еткен болуы мүмкін. Алдын ала мәлімет бойынша, Нуровқа қолма-қол ақша берілген. Сонымен…

Толық оқу
Швейцария

Швейцарияда әлемдегі ең қуатты энергия сақтайтын алып кешен жүйелерінің бірі салынып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Швейцариялық FlexBase компаниясы Лауфенбург қаласы маңында алып аккумулятор кешенінің құрылысын бастады. Жоба жаңартылатын энергия көздерінің тұрақсыздығын азайтуға және электр желісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа нысанның негізі – редокс-ағынды аккумулятор технологиясы. Оның басты міндеті күн мен жел электр станциялары артық энергия өндірген кезде оны жинап, кейін электр тапшылығы туындағанда желіге қайта беру. Жоба көлемі жағынан ерекше. Аккумулятор жүйесі шамамен 26 метр тереңдіктегі алып шұңқырға орналастырылады. Кешеннің жалпы ұзындығы екі футбол алаңына жуық болады. FlexBase мәліметінше, кешен құрамына энергия сақтау жүйесі ғана емес, деректерді өңдеу орталығы…

Толық оқу
Қазақстанда

Қазақстанда жаңа саяси және әкімшілік басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған бірқатар конституциялық заң жобалары әзірленді. Ұсынылған құжаттардың бірі «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конституциялық заң. Жобаға сәйкес, Қазақстан Халық Кеңесі жоғары консультативтік орган мәртебесіне ие болады. Оның негізгі міндеті жалпыхалықтық диалогты дамыту және азаматтық қоғамның мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысуын қамтамасыз ету, деп жазады Ertenmedia.kz. Құжатта Кеңестің кең ауқымды өкілеттіктерге ие болатыны көрсетілген. Атап айтқанда, заңнамалық бастама көтеру және жалпыхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу құқығы қарастырылған. Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан азаматтарынан құрылады. Құрамында этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттары мен қоғамдық кеңестерінің атынан 42 өкіл болады.…

Толық оқу
қалақ

NASA Марсқа арналған жаңа буын тікұшағының ротор қалақтарын дыбыс жылдамдығынан асырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Сынақ Калифорниядағы NASA-ның Реактивті қозғалыс зертханасында өтті. Мамандар Марста ұшуға арналған келесі буын тікұшағының қалақтарын 1,08 Мах жылдамдыққа дейін айналдырған. Жер жағдайында тікұшақ роторының мұндай деңгейге жетуі өте сирек құбылыс. Жаңа аппарат бұрын Марста 72 рет ұшқан Ingenuity тікұшағының тәжірибесіне сүйеніп жасалуда. NASA келесі миссияларда осындай жетілдірілген тікұшақтарды Марс бетінде кеңірек барлау жүргізуге қолдануды көздейді. Марстың атмосферасы Жермен салыстырғанда өте сирек. Ондағы ауа тығыздығы Жер атмосферасының шамамен 1 пайызына ғана тең. Сондықтан тікұшаққа көтерілу күші жасау үшін қалақтар әлдеқайда жылдам айналуы керек. Ingenuity Марста ұша алғанымен,…

Толық оқу
қуыршақ театры

Алматы мемлекеттік қуыршақ театры Румынияда өткен «The Craiova International Shakespeare Festival» халықаралық фестивалінде қазақ тіліндегі «Ромео мен Джульетта» спектаклін сахналады, деп жазады Ertenmedia.kz. Биылғы фестивальге әлемнің 28 елінен 90-нан астам театр ұжымы қатысты. Осындай ауқымды өнер алаңында Алматы театрының Уильям Шекспир шығармасы негізінде қойылған спектаклі еуропалық көрермен мен театр мамандарының жоғары бағасына ие болды. Режиссер Дина Жұмабаеваның қойылымы қазақ тілінде ұсынылды. Крайова сахнасында лық толы зал мен ұзаққа созылған қошемет қазақстандық өнерпаздардың халықаралық деңгейдегі табысын айқындады. Спектакльдің хореографы – Анна Цой, қоюшы-суретшісі – Юлия Чернова. Бұған дейін қойылым Франция, Канада, Болгария, Ресей, Түркия және Қазақстандағы халықаралық театр фестивальдерінде жоғары марапаттарға…

Толық оқу
Уәлихан Төлешов

Саясаттанушы Уәлихан Төлешов қазіргі әлем көпполярлыққа емес, жаңа жаһандық байланыстар жүйесіне өтіп жатқанын айтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның пікірінше, соңғы жүз жылдағы халықаралық қатынастарды тек Версаль жүйесі, Ялта-Потсдам тәртібі, АҚШ үстемдігі немесе көпполярлық кезең ретінде сипаттау жеткіліксіз. Мұндай түсіндіру әлемдік тәртіптің сыртқы көрінісін ғана көрсетеді. Ал шын мәнінде, мәселе мемлекеттер арасындағы байланыстардың қалай құрылғанында жатыр. Төлешов бұл үдерісті «текстуралық реконфигурация» деп сипаттайды. Яғни әлемдік тәртіпті тек әскери күш немесе экономикалық қуат емес, мемлекеттер, өркениеттер, сауда жолдары, технологиялар, энергетика, цифрлық платформалар және мәдени кеңістіктер арасындағы байланыстардың тығыздығы айқындайды. Саясаттанушының айтуынша, Версаль жүйесі әлсіз әрі теңсіз құрылым болды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін…

Толық оқу
2000 теңге

Қазақстанда 2012 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік банкноттарды қатар қолдану мерзімі 24 маусымда аяқталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық банк мәліметінше, 25 маусымнан бастап бетінде «Қазақ Елі» монументі мен ұшқан көгершіндер бейнеленген ескі 2000 теңгелік купюралармен дүкендерде төлем жасауға болмайды. Алайда азаматтар бұл банкноттарды жоғалтып алмай, кейін де айырбастай алады. 25 маусымнан бастап оларды үш жыл бойы барлық банк пен «Қазпошта» бөлімшелерінде жаңа үлгідегі ақшаға ауыстыруға болады. Ал Ұлттық банктің филиалдарында 2012 жылғы 2000 теңгелік банкноттар мерзімсіз айырбасталады. Еске сала кетейік, ескі және жаңа 2000 теңгелік купюралардың қатар айналым кезеңі 2024 жылғы 25 желтоқсанда басталған еді. Сонымен қатар жаңа 500 теңгелік банкноттар 2017…

Толық оқу
ветеряк жел энергиясы

Қытай әлемдегі ең ірі қалқымалы теңіз жел турбинасын іске қосты. Бүгінде Қытай парниктік газдар шығарындылары бойынша әлемдегі ең ірі елдердің бірі болып қала бергенімен, соңғы жылдары жаңартылатын энергетика саласында ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді. Соның бірі оңтүстік Қытай теңізінде орнатылған жаңа алып жел турбинасы, деп жазады Ertenmedia.kz. «Үш шатқал» пилоттық жобасы деп аталатын нысанды Қытайдың China Three Gorges Corporation компаниясы салған. Мамандар оны қуаты мен ротор көлемі бойынша әлемдегі ең ірі жұмыс істеп тұрған қалқымалы теңіз жел турбинасы деп бағалап отыр. Турбинаның қуаты 16 мегаваттқа жетеді. Роторының диаметрі шамамен 253 метрді құрайды, ал қалақтарының ең жоғарғы нүктесі теңіз деңгейінен 270…

Толық оқу