Автор: Лейла Болтаева

Нариман Төреғалиев Hitachi

Орал қаласындағы жылу электр орталығында жапондық «Hitachi» компаниясының қуаты 28 МВт газ турбиналық қондырғысы күрделі жөндеуден кейін қайта іске қосылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Аталған газ турбиналық қондырғы 20 жыл бұрын орнатылып, 2019 жылы жоспарлы тексеруден өткен. Дегенмен техникалық күрделі жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізілмей, кейінге қалдырылған болатын. Маңызды мәселе облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің тікелей араласуының арқасында оң шешімін тапты. Облыс әкімі бұл туралы былай деді: – Биыл батысқазақстандық делегациямен бірге Жапонияға арнайы барып, қондырғыны шығарған зауыт өкілдерімен тікелей кездесіп, қосалқы бөлшектерді делдалсыз алу туралы келісімге келдік. Соның арқасында жөндеу жұмыстарын ойдағыдай аяқтап отырмыз. Күрделі жөндеу жұмыстарын атыраулық компания жүргізгенін де айта кеткен…

Толық оқу
Мақсат Дүйсенов

Журналист Гүлжан Ерғалиева Алматы қаласы қаржы полициясының бұрынғы басшысы Мақсат Дүйсенов Германияда тұтқыннан босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қожамжаровтың оң қолы болған Мақсат Дүйсенов Қазақстан билігінің сұрауы бойынша ауыр қылмыстарға қатысты айып тағылып, экстрадицияны күтіп абақтыда отырған еді. Алайда неміс билігі күтпеген жерден оны бостандыққа шығарып жіберген. Бұл шешімді Ресейден шыққан әлдебір «құқық қорғаушы ұйым» өзінше түсіндіргені мәлім болды. – Олардың пікірінше, біз, қазақстандық журналистер, Дүйсеновке қатысты ақпараттық қысымды тым күшейтіп жіберіппіз. Тіпті олар бұл жағдайға «Елмедиа» арнасын мысалға келтірген. Яғни, Еуропада бұлай БАҚ арқылы адамға қысым жасау күдік туғызып, сот оның кінәсіне күмәнмен қараған екен-мыс, – дейді Гүлжан Ерғалиева. Ерғаливаның…

Толық оқу
Жастар

Қонаев қаласында өткен жастарға арналған маңызды кездесу еңбек көші-қонына қатысты өзекті мәселелерді қозғады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жиын Мансап орталығы мен Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM / UN Migration) бірлескен бастамасымен ұйымдастырылып, қатысушыларға шетелде еңбек етуге заңды түрде дайындалу жолдары мен маңызды ақпараттар ұсынылды. Кездесудің негізгі мақсаты шетелге шығуды жоспарлаған азаматтарға нақты әрі сенімді мәлімет беру. Іс-шара барысында визалық талаптар, еңбек миграциясының кезеңдері және шетелде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қолжетімді бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат айтылды. Халықаралық көші-қон ұйымының ұлттық бағдарлама қызметкері Светлана Бекмамбетова өз сөзінде еңбек мигранттарының құқығы мен міндеттерін түсіну аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, заңсыз жұмыс істеудің арты…

Толық оқу
Ерназ Есбергенов

Әр мемлекет өзінше алып бір корпорация. Оның өз стратегиясы, басқару құрылымы, ішкі процестері мен мәдениеті бар екенін Ерназ Есбергенов алға тартып, ойын ортаға салды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Конституция болса осы күрделі жүйенің басты архитектурасын анықтап, мемлекет институттарының өзара әрекеттесу принциптерін белгілейді. Сондықтан конституциялық реформаны қарастырғанда, оны тек құқықтық құжат емес, ең алдымен мемлекеттік басқарудың маңызды механизмі ретінде түсінген жөн. Әлемнің дамыған елдерінде кең тараған басқару философиясының бірі Кайдзен жүйесі. Әдетте, Кайдзенді қарапайым «кішігірім қадамдармен алға жылжу» деп түсінеміз. Шын мәнінде Кайдзен күрделі жүйелерді басқарудың бірегей тәсілі. Оның басты мәні өзгерістердің тездігі емес, олардың жүйеге орнықты енуінде. Өзгеріс алдымен іс жүзінде сыналып,…

Толық оқу
сот курилка

Қазақстанда бұрын-соңды болмаған ерекше қылмыстық іс қаралғанын Михаил Козачков алға тартты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шығыс Қазақстан облысындағы «Kaz Ceramics» кәсіпорны Беларусь еліне бериллий оксидінен жасалған өнімдер экспорттаған. Тергеу мен соттың пайымдауынша, бұл тауарлар жаппай қырып-жою қаруын жасауға қолданылуы мүмкін екен – 2024 жылы «Kaz Ceramics» зауытынан жұмыстан шығарылған Юрий Падалко есімді азамат құқық қорғау органдарына келіп, кәсіпорын «көрші мемлекетке қару-жарақ бөлшектерін жеткізіп жатыр» деп мәлімдеген. Оның мәліметтерінің дереккөзі, өз сөзімен айтқанда, зауыттың темекі шегетін орнында болған әңгімелер екен, – дейді Михаил Козачков. Осы хабардан кейін Ресей шекарасында Беларуське бағыт алған «Газель» көлігі ұсталды. Оның ішіндегі «Kaz Ceramics» өнімдері контрабандалық тауар ретінде рәсімделіп,…

Толық оқу
Айдарбек Қожаназаров

Жаңа Конституцияның жобасы кәсіби заңгерлердің, әртүрлі сала сарапшыларының және азаматтық қоғам өкілдерінің ұзақ әрі жүйелі жұмысы нәтижесінде әзірленді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында Мәжіліс депутаты, «Respublika» партиясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров мәлімдеді. Айдарбек Қожаназаров, реформаны талқылау алты айдан астам уақыт бойы жүргізілгеніне тоқталды. Осы кезең ішінде жүздеген, мыңдаған азамат өз ұсыныстарын жолдады. Комиссия мүшелері ғана емес, жұртшылық та бұл құжатты қазіргі заман талаптарына толық жауап беретін, терең ойластырылған және елдің ұзақ мерзімді даму бағдарын айқындайтын маңызды құжат ретінде бағалап отыр. Соған орай ол жаңа Конституцияның жобасын референдумға шығаруды ұсынды. – Конституциялық комиссияның мүшесі ретінде жекелеген баптардың редакциясы…

Толық оқу
Серік Ақылбай

Конституциялық комиссияның VIII отырысында Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай мемлекеттің жария-құқықтық жауаптылығын Конституция деңгейінде бекітуді ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі азаматтардың құқықтарын жиі бұзады. Бұл көбіне өтініштерді қараудың кешігуі, шешім қабылдамау немесе сот шешімдерін орындаудан жалтару сияқты жағдайларда көрінеді. Соның салдарынан адамдар құқықтық белгісіздік жағдайында қалып отыр. – Заңсыз әрекеттер немесе әрекетсіздік билік өкілеттіктерінің орындалу тәртібін бұзып, жеке тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіреді. Сондықтан мемлекет азаматтарды қорғау үшін өзара іс-қимыл рәсімдерін жетілдіріп, заңнаманың тиімділігін арттыруы тиіс, – деді Серік Ақылбай. Ол 2021 жылы қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс мемлекеттік органдардың санасын өзгерткенін атап өтті. Кодекс бойынша…

Толық оқу
қазақстандық өнім

Қазақстандық жаңа брендтер өз өнімдерін дүкен сөрелеріне жеңілдетілген шарттармен қоя алады. Сауда және интеграция министрлігі ішкі саудадағы кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған ережелерге өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа ережеге сәйкес, отандық өндірушілер тауарларын сауда орындары мен дүкен сөрелеріне жеңілдікпен орналастырады. Бұл мүмкіндік Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген жаңа брендтерге беріледі. Жеңілдік мерзімі үш айдан басталады. Ол үшін өндіруші жазбаша өтініш беруі керек. Сонымен қатар ережеге айналым қаражатын толтыру кезінде қажетті сауда жабдықтары, тауарлар мен шикізаттарды тек Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енген кәсіпкерлерден алу туралы талап енгізілген. Бұдан бөлек, кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мен кепілдік беру туралы шарт жасалғаннан кейін,…

Толық оқу
TRMOTOR компаниясы kaan ұшағы

Түркия авиациялық саладағы технологиялық тәуелсіздікке ерекше көңіл бөлуде. Әсіресе әскери авиацияға қажетті қозғалтқыштар мен қосалқы қуат жүйелерін дамытуға басымдық берілген, деп жазады Ertenmedia.kz. Ресми Анкараның осы бағыттағы жұмыстар Түркияның сыртқы тәуелділіктен арылуға және жаһандық геосаяси жағдайда тәуелсіз әскери шешімдер қабылдау қабілетін күшейтуге бағытталған. Осы саладағы басты орталықтардың бірі TRMOTOR компаниясы.  Кәсіпорын әскери авиация платформаларына арналған ұлттық газ-турбиналық қозғалтқыштар мен қуат қондырғыларын жобалаумен айналысады. TRMOTOR ұстанған стратегиялық бағыт сыртқы көздерге тәуелділікті жойып, отандық технологияларды дамыту және халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болу. TRMOTOR әскери тәуелсіздікті нығайтады 2017-2021 жылдары TRMOTOR ұлттық энергетикалық жүйелер саласындағы зерттеу және конструкторлық жұмыстарды күшейтті. 2021 жылдан бастап компания 5-ші буын…

Толық оқу
несие ақша теңге

Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қабылдаған шаралары оң нәтиже бере бастады. Халыққа берілетін несие көлемінің өсу қарқыны төмендеді, ал кепілсіз тұтынушылық несиелендіру бұрынғы қарқынын жоғалтты. Сонымен қатар, банктер бизнес пен экономиканы қаржыландыруды арттырып, сектордың тұрақтылығын сақтап қалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Реттеу шараларының нәтижесі 2025 жылы халыққа берілген несие 19,8%-ға өсіп, 24,8 трлн теңгеге жетті. 2024 жылы бұл көрсеткіш 23,9% болған еді. Әсіресе тұтынушылық несиелендіру қарқыны айтарлықтай бәсеңдеді. Тұтынушылық несие көлемі бір жыл ішінде 21%-ға (16,7 трлн теңге) артты. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 33,5% болған. Кепілсіз несиелендіру қарқыны екі есеге жуық төмендеді: 2024 жылы – 29,3%,…

Толық оқу