Бүгін – қарым-қатынас, өзгерістер мен нақты шешімдер қабылдау күні. Астрологтар әр жұлдыз белгісіне арналған пайдалы кеңестер ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тоқты Белсенді әрі мазмұнды күн. Жұмыста жаңа тапсырмалар пайда болып, жылдам шешім қабылдауды қажет етеді. Қаржы жағынан күтпеген ұсыныстар келуі мүмкін. Торпақ Бүгінгі күнді жеке мәселелер мен тұрақтылыққа арнаңыз. Отбасылық бюджет жоспарын құрып, тұрмыстық мәселелерді шешуге қолайлы уақыт. Егіздер Қарым-қатынас пен ақпарат ағынына толы күн. Болашақта пайдалы болатын жаңа таныстық немесе іскерлік байланыс орнатасыз. Шаян Эмоционалды тұрғыда тұрақсыз күн. Үйдегі істермен айналысып, ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіруге күш салыңыз. Арыстан Лидерлік қабілетіңізді көрсетуге мүмкіндік туады. Дегенмен күшіңізді дұрыс бағалап, жанжалдан аулақ…
Автор: Лейла Болтаева
Қазақстанның бірқатар өңірінде 22 сәуірде қолайсыз ауа райы күтіледі. Осыған байланысты Астана және 10 облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір аймақтарда бұршақ жауып, қатты жел соғады деп күтілуде. Елордада ауа райы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз температура +22…+24°C болады. Алматыда күн ашық, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +23…+25°C. Шымкент пен Түркістанда ауа райы күрт бұзылады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетуі мүмкін. Шымкентте күндіз +25…+27°C, ал Түркістанда +26…+28°C болады. Қарағанды мен Жезқазғанда жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз ауа +21…+25°C аралығында жылы болады. Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қонаев, Қостанай, Павлодар,…
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізіп, жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституция нормаларын сапалы әрі жедел енгізу үшін «Заң мен Тәртіп» қағидатын орнықтыру мәселесін қарады, деп жазады Ertenmedia.kz. Үкімет басшысы өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңға қол қойғанын еске салды. Соған сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алуға жауапты субъектілердің тізбесі кеңейіп, ведомствоаралық комиссияның құрамы да жаңарған. Ол жаңа Конституцияда құқықтық мемлекетті нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға бағытталған «Заң мен Тәртіп» ұстанымы негізгі қағидаттардың бірі ретінде бекітілгенін атап өтті. Премьер-министрдің айтуынша, заң бұзудың алдын…
Семейде биыл 30-ға жуық көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті бірыңғай үлгіде жаңартылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Кеңгірбай би көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй аумағына барып, қасбетін жөндеу жұмысының барысымен танысты. Қазір аталған үйдің сырты термопанельмен қапталып, балкондары металлсайдингпен әрленген. Терезе жиектері мен сәндік кронштейндер орнатылып, сыртқы жарықтандыру жүйесі де қойылған. Қала әкімі Әділет Қожанбаевтың айтуынша, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, осы жылы шаһардағы 30-ға жуық үйдің қасбеті біркелкі стильде жаңартылмақ. Жұмыс қаланың сыртқы келбетін жақсартып, негізгі көшелер бойындағы ғимараттардың сәулеттік үйлесімін арттыруға бағытталған. Жөндеу көріп жатқан үйдің тұрғындары атқарылған іске оң бағасын берді. Кеңгірбай би көшесінің…
Түркістан облысында шағын өндірістік парктер құру тәжірибесі өзге өңірлерде де қолданылмақ, деп жазады Ertenmedia.kz. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірде қалыптасқан осы үлгіні басқа облыстарға енгізу жоспарланып отыр. Сол себепті тәжірибе алмасу үшін аймақтардың Түркістан облысына іс-сапары жалғасуда. Осы жолы Түркістан облысына Батыс Қазақстан облысы әкімдігінен салаға жауапты өкілдерден құралған делегация келді. Іссапардың негізгі мақсаты – инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған өндірістік алаңдардың жұмысымен танысу және осы бағыттағы тиімді тетіктерді зерделеу. Делегация Сауран ауданындағы «SAURAN» өндірістік паркінде болып, ондағы кәсіпорындардың жұмысын көрді. Сонымен қатар Түркістан қаласында салынып жатқан өндірістік парктердің құрылыс барысымен танысты. Бұдан бөлек, арнайы экономикалық аймақ…
Алматыда тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту бағдарламасының егжей-тегжейі белгілі болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қала әкімдігінің мәліметінше, биыл Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін ауқымды түрде жаңарту жоспарланып отыр. Негізгі мақсат – ғимараттардың сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, олардың тарихи сипатын сақтап қалу. «Алматыгенплан» компаниясының бас директоры, сәулетші Асхат Садуовтың айтуынша, жоба қаланың сәулеттік келбетін айқындай түсуге бағытталған. Сонымен бірге үйлердің пайдалану сапасын арттыру да назардан тыс қалмайды. Атап айтқанда, жылу мен дыбыс оқшаулауын күшейту, ылғалдан қорғау секілді міндеттер де ескерілген. Оның сөзінше, бағдарламаға ең алдымен 1950 жылдардың соңы мен кейінгі кезеңде салынған, қасбеті жаңартуды қажет ететін үйлер енгізіледі. Әсіресе қаланың сәулеттік бейнесін…
Қазақстан мен Моңғолия президенттері Астанада кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нақты мазмұнмен толықтыруға басымдық берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсухтың кездесуі ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғасты. Тараптар қазақ-моңғол байланысы достық, өзара қолдау және сенім рухында дамып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы Моңғолия Президентіне Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгені және Аймақтық экологиялық саммитке қатысуға ниет білдіргені үшін алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы қазанда Моңғолияға жасаған мемлекеттік сапарын еске алып, сол сапар екіжақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтергенін айтты. Оның сөзінше, дәл сол кезеңнен кейін Қазақстан мен Моңғолия арасындағы байланыс стратегиялық серіктестік дәрежесіне шықты. Президент…
Алматыда маусымдық аллергия биыл әдеттегіден ертерек басталып, ұзаққа созылып отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты жанындағы Республикалық аллергологиялық орталықтың жетекшісі, дәрігер-аллерголог Арай Батырбаева осындай мәлімет келтірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Маманның айтуынша, Алматыда ғана емес, елдің өзге өңірлерінде де, әсіресе балалар арасында аллергиямен ауыратындар көбейген. Өткен жылы 14 жасқа дейінгі балалар арасында аллергиялық риниттің шамамен 4,7 мың жағдайы, бронх демікпесінің 3 мыңнан астам дерегі тіркелген. Жасөспірімдердегі көрсеткіш салыстырмалы түрде төмендеу. Ал ересектер арасында керісінше бронх демікпесі жиірек кездеседі. Бұл санатта 11 мыңнан астам адамнан демікпе, шамамен 7,5 мың адамнан аллергиялық ринит анықталған. Арай Батырбаеваның сөзінше, аллергиялық ауруларды…
Желі қолданушысы Дарья Горелова Алматыда қолма-қол ақшаға пәтер іздегенде көптеген жалған хабарландыруға тап болғанын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Дарьяның айтуынша, ипотекасыз, бірден ақшамен алатын сатып алушы – кез келген сатушы үшін таптырмайтын клиент. Бірақ іс жүзінде пәтер іздеу оңай болмай шыққан. Оның сөзінше, жарияланған хабарландырулардың едәуір бөлігі шын пәтер емес, тек қоңырау тарту үшін әдейі қойылған «елес» нұсқалар екенін алға тартты. Ол жалған хабарландыруларға қатысты нақты дәлелдермен бірге Krisha платформасына шағым түсіргенін, бірақ ешқандай жауап алмағанын жазады. Дарьяның сөзінше, риелторлардың бірі оған мұндай айланы ашық айтқан. Яғни, жалған хабарландыруды әдейі қоятынын, нарықта мұны көп адам қолданатынын жасырмаған. Оның ойынша, дәл…
Премьер-министр Олжас Бектенов жуырда елдегі базарларда жұмыс істейтін ұйымдасқан делдал топтардың мәселесін реттеуді тапсырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғалым Байтуктің айтуынша, бұл тақырып Қазақстан үшін тосын дүние емес. Делдалдармен күрес туралы әңгіме жыл сайын көтеріледі. Бірақ көп жағдайда соңы баяғы сценариймен аяқталады. Тексеріс жүріп, рейд өтеді, ал қысым ең әлсіз буынға, яғни ұсақ саудагерлерге түседі. Оның ойынша, мәселенің түбі сөреде тұрған сатушыда емес, тауар соған жеткенге дейінгі тізбекте жатыр. Мысал ретінде картопты алуға болады. Фермер өнімін шартты түрде 100 теңгеден өткізеді. Ал сол тауар базарға жеткенше бағасы 250-300 теңгеге дейін өсіп кетеді. Байтуктің пайымынша, мұнда негізгі сұрақ бағаның өскенінде емес, арадағы…










