Автор: Лейла Болтаева

Нұрлан Сауарнбаев

Еліміздегі темір жол құрамдарына ерекше қажеттілігі бар жолаушылар үшін арнайы вагондар енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлім етті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, көлік саласындағы инклюзивті саясат инфрақұрылым, көлік және қызмет көрсету бағыттары бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде теміржол көлігіндегі құрамдардың шамамен 90%-ы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған көтергіштер және арнайы купелермен жабдықталған. Ал 2030 жылға қарай әрбір теміржол құрамында кемінде бір арнайы мамандандырылған вагон болмақ. Сонымен қатар вокзалдарды жаңғырту бойынша ауқымды бағдарлама іске асырылуда. Бағдарлама аясында пандустар, лифттер, арнайы көтергіш құрылғылар орнатылып, кассалар мен санитарлық орындар қолжетімділік талаптарына сәйкес жабдықталады. Авиация саласында да инклюзивтілік деңгейі…

Толық оқу
тазы ит

Қазақстанда 2026 жылдан бастап жаңа ресми мереке – Қазақы тазы мен төбеттің күні атап өтіледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкіметтің арнайы қаулысына сәйкес, мереке жыл сайын 3 қыркүйекте атап өтілетін болады. Қазақтың ұлттық мұрасы мен дәстүрінің бір бөлігі саналатын қазақы тазы мен төбет иттерінің мәртебесін көтерудің маңызы зор. Тазы итті сақтау және кеңінен насихаттау мақсатында осындай шешім қабылданды. Тазы мен төбет – ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасап келе жатқан құнды ит тұқымдары. Әсіресе, аңшылықта серік болған тазы мен малды күзеткен төбеттің қазақ өмірінде алатын орны ерекше. Жаңа мереке арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата-бабамыздан жеткен осы бір ерекше ит түрлерін сақтау мен көбейтуге…

Толық оқу
Шренк шыршасы

Алматы облысының Кеген ауданы жасыл-желек өсіруден еліміз бойынша алдыңғы қатарда келеді. Әсіресе, бұл өңірдің Шренк шыршасы сияқты табиғатқа ерекше көрік беретін ағаш түрлерін көбейту ісі қарқынды жүріп жатыр. Табиғат байлығын сақтау мақсатында орманшылар жүйелі жұмыстарды қолға алған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Кеген орман шаруашылығы» мекемесінің директоры Айболат Сұлтанғазиевтің айтуынша, бүгінде аудан аумағында 154,4 гектар жерге 1 миллионнан астам қылқан жапырақты ағаш отырғызылған. Сонымен қатар, 110 гектар жерге 118 мыңнан астам көшет егілді. Мұндағы негізгі мақсат орман алқабын көбейтіп, топырақтың тозуына жол бермеу. Орманшылардың жұмысы отырғызылған ағаш санымен емес, олардың жергілікті табиғатқа бейімделу көрсеткішімен бағаланады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 75-80 пайызды құрайды.…

Толық оқу
зейнеткер куәлігі

Қазақстанда зейнетақы жүйесіне елеулі өзгерістер енгізу мәселесі талқыланып жатыр. Соның бірі – «4+1» деп аталатын жаңа модель. Оның негізгі ерекшелігі жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын екі бөлікке бөлу арқылы азаматтардың жеке жинақтарын көбейту және өмір бойы төленетін зейнетақы жүйесін енгізу, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкер үшін ай сайын зейнетақы қорына аударым жасайды. Бұл аударымдар 2024 жылы – 1,5 пайыз, 2025 жылы – 2,5 пайыз, 2026 жылы – 3,5 пайыз болса, 2028 жылға қарай 5 пайызға дейін артады. Бірақ бұл қаражат қызметкердің жеке меншігі емес, ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлеріне берілмейді. Жаңа ұсынылып отырған «4+1» моделі бойынша осы 5 пайыздың…

Толық оқу
Қорғас Хоргос

Соңғы жылдары «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында (ШЫХО) цифрландыру және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл шаралар орталықты туризм, сауда және инвестиция саласында жоғары деңгейде қызмет көрсететін заманауи алаңға айналдырды, деп жазады Ertenmedia.kz. «Қорғас» ШЫХО басқарма төрағасының орынбасары Сейілбек Садырбектің айтуынша, орталықтағы өткізу бекеттері толық автоматтандырылып, Face ID жүйесі енгізілген. – Басты ғимарат күрделі жөндеуден өтті. Орталыққа кіру, билет алу және тауарды алу процестері толығымен цифрланды. Онлайн билет сатып алу үшін QR-код енгізілді. Соның нәтижесінде орталықтың өткізу мүмкіндігі айтарлықтай артты. Бұрын күніне 4-5 мың адам қабылдасақ, қазір бұл көрсеткіш 9 мыңға дейін жетті. Мысалы, 2024 жылмен салыстырғанда былтыр туристер саны…

Толық оқу
қызды құтқарды

Алматыда жаттықтырушы Данияр Сафин өз өмірін тәуекелге тігіп, суға батып бара жатқан кішкентай қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға «Шахристан» тұрғын үй кешенінің маңында болды. Жаттықтырушы Данияр Сафин шәкірттерімен бірге жүгірумен айналысып жүрген кезде, Үлкен Алматы өзенінде ағып бара жатқан баланың қолын байқап қалады. Қыз өзеннің қатты ағысына төтеп бере алмай, су астына кетуге шақ қалған еді. Жағдайды бірден бағамдаған Данияр ойланбастан суға секіріп, мұздай судан қызды алып шығады. Кейін оны жағалауда тұрған шәкірттеріне табыстаған. Даниярдың бұл батыл әрекеті көпшіліктің құрметіне бөленіп, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Осындай қайсар әрі батыр адамдарға мың алғыс! Астанаға ұшып келген ұшақта кәмелетке…

Толық оқу
Ерболат Досаев

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев соңғы айларда бірнеше маңызды лауазымнан бірінен соң бірінен кетті, деп жазады Ertenmedia.kz. 2026 жылдың наурыз айында Президент Жарлығымен Досаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл қызметті ол шамамен жарты жыл атқарған еді. Сондай-ақ, Досаев 2025 жылдың желтоқсан айында тағайындалған «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің құрамынан да шықты. Оған қоса, биыл қаңтар айында ғана құрамына енген «Бәйтерек» ұлттық холдингі директорлар кеңесінің мүшелігінен де шеттетілген. Осылайша, қысқа мерзім ішінде Ерболат Досаев мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардағы бірнеше қызметінен айырылып отыр. Қызметінен босату себептері ресми түрде айтылған жоқ. Алматы қаласында тұрғындардан ескі көліктерді сатып алу жобасы басталмақ. Бұл…

Толық оқу
ұшақтағы жанжал

Астанаға ұшып келген ұшақта кәмелетке толмаған балаларға қатысты жағымсыз оқиға тіркелді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәліметке сәйкес, Екатеринбургтен жарысқа қатысып қайтқан 2017 жылы туған жас хоккейшілер отырған ұшақта әскери киім киген ер адам балаларға тиісіп, тәртіп бұзған. Куәгерлердің айтуынша, ол балағат сөздер айтып, қарумен атқандай қимыл көрсетіп, балаларға «сендер ұйықтап жатқанда мен соғыста болдым» деп агрессия танытқан. Сондай-ақ ол жанжал шығаруға әрекеттенген. Жағдайды бортсеріктер мен команданың жаттықтырушысы әрең тыныштандырған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша көліктегі полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. 22 жастағы Ернұр Алмаханның туыстары Қазақстан билігінен көмек сұрауда. Жас жігіт 2024 жылдың қыркүйегінде Алматыдан…

Толық оқу
Ернұр Алмахан

22 жастағы Ернұр Алмаханның туыстары Қазақстан билігінен көмек сұрауда. Жас жігіт 2024 жылдың қыркүйегінде Алматыдан Дубайға жұмысқа аттанған, бірақ көп ұзамай сол жақтағы түрмеге түскен. Алайда, жігіттің жақындары мен адвокаты оған тағылған айыптың нақты мән-жайынан бейхабар екенін айтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Анасының айтуынша, Ернұр бастапқыда байланысқа жиі шығып, жұмыс істеп, тұрып жатқан жері туралы айтып отырған. Кейіннен кенеттен байланыс үзілген. Соңғы рет Ернұр анасына тергеу изоляторынан хабарласып, тек бір ауыз сөз айтқан: «Мен кінәсізбін, ақталамын». Алайда нақты қандай айып тағылғанын түсіндіріп үлгермеген. Одан кейін анасы ұлының өмір бойы бас бостандығынан айырылғанын Сыртқы істер министрлігінің ресми хатынан білген. – Жақында ғана…

Толық оқу
ескі көліктер

Алматы қаласында тұрғындардан ескі көліктерді сатып алу жобасы басталмақ. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен экология мәселелері жөніндегі кеңесте әкім Дархан Сатыбалды мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бағдарлама аясында экологиялық санаты төмен ескі көліктерді тұрғындардан сатып алу және оларды утилизациялау қарастырылған. Жобаны Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мен «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) бірлесіп жүзеге асырады. Сонымен қатар, автокөліктерін жаңартуға ниет білдірген тұрғындарға жеңілдетілген несие, лизингтік бағдарламалар мен trade-in механизмдері ұсынылмақ. Бұл бағытта отандық автокөлік өндірушілер де тартылмақ. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, Алматыдағы ауа ластануының негізгі себептерінің бірі – ескі автокөліктерден бөлінетін зиянды газдар. Сондықтан бұл бастама ескі көліктер санын азайтып, экологиялық ахуалды…

Толық оқу