Автор: Лейла Болтаева

Тауық еті өндірісі

Алматы облысының Ұйғыр ауданында орналасқан «Прима Құс» ЖШС Қазақстандағы құс етін өндіру және өңдеу саласындағы тұйық циклді заманауи ірі кәсіпорындардың бірі. Chickodelli брендімен танымал бұл кешен өндіріс сапасы мен қауіпсіздігін басты назарда ұстап, тұрақты даму қағидаттарын ұстанып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Кәсіпорынның негізі 2019 жылы Алматы қаласында қаланған. Ал 2021 жылы Алматы облысында ірі құс кешенінің құрылысы басталған. Қазір өндірістік аумақтың жалпы көлемі 547,5 гектарды құрайды. Компанияда бүгінде 750-ден астам адам жұмыс істейді. Құрылыс толық аяқталған соң, жұмысшылар саны 1200-ге дейін көбейеді деп жоспарланған. Компания өндіріс қуатын кезең-кезеңімен арттырып келеді. 2022 жылы аяқталған алғашқы кезеңге 33,5 млрд теңге инвестиция тартылып,…

Толық оқу
Кездесу

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Ұлттық балаларды оңалту орталығының басқарма төрағасы Ажар Ғиниятпен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында өңірдегі мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін оңалту қызметтерінің сапасын арттыру, осы саладағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары кездесуде ана мен бала денсаулығы мәселесінің маңыздылығына ерекше тоқталды. – Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы қатарда. Ана мен бала денсаулығы – біз үшін әрдайым басты назарда тұратын мәселе. Балалардың сапалы әрі тиімді ем алуы үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Оңалту орталықтарына заманауи технологияларды енгізіп, мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстарын күшейту қажет. Осы кездесуде айтылған ұсыныстарды мұқият қарап, алдағы жоспарға…

Толық оқу
Қонаев қаласы автобус

2023-2025 жылдар аралығында Алматы облысында автобус паркінің жартысына жуығы жаңартылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Үш жыл ішінде өңірдегі 240 автобустың 113-і ауыстырылып, парктің 47%-ын жаңа техника құрады. Тек 2025 жылдың өзінде ғана облыс маршруттарына 36 жаңа автобус шықты. Бұл қадамдар бірнеше жылдан бері қордаланған қоғамдық көлік мәселесін шешуге бағытталған жұмыстардың бір бөлігі. Автобус паркін жоспарлы жаңарту басталғанға дейін өңірдегі қоғамдық көліктің тозуы мен қолжетімділік мәселесі өзекті еді. Мысалы, 2023 жылға дейін соңғы рет автобус паркі 2018 жылы ғана жаңартылып, оның өзі Қонаев қаласында небәрі 11 автобуспен шектелген болатын. Әсіресе ауданаралық маршруттар мен шалғай ауылдарда көлік қатынасы қиындық тудырып, тұрғындар үшін қоғамдық…

Толық оқу
Кувейт келісім

Әл-Кувейт қаласында Қазақстанның Кувейттегі Елшілігі «Eurasia Agro Semey» компаниясының жұмыс сапарын ұйымдастырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл компания Қазақстанда заманауи ет өңдеу комбинатын салуды қолға алған. Жоба тарихи тұрғыдан кеңес дәуірінде Семейдегі Калинин атындағы әйгілі ет комбинаты орналасқан аумақта жүзеге асырылуда. Мұнда өңірдегі дәстүрлі өндіріс тәжірибесі заманауи технологиялармен ұштастырылып, халықаралық стандартқа сай кәсіпорын салынып жатыр. Жұмыс сапары аясында қазақстандық компания Кувейттің ірі кәсіпорыны «ALMARAI National Co.» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат биыл тамызда жаңа комбинат іске қосылғаннан кейін, ет өнімдерін Кувейт нарығына экспорттауды көздейді. Меморандум Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтудағы маңызды қадам. Оның басты мақсаты Таяу…

Толық оқу
Астана қаласы Жеңіс Қасымбек

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қаланы дамытуға жеке инвестицияларды тарту жұмыстары жалғасып жатқанын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкімнің айтуынша, 2025 жылы елорда экономикасына 2,5 триллион теңге көлемінде рекордтық инвестиция тартылған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21,3%-ға артық. Қаражат әлеуметтік нысандармен қатар, өңдеу өнеркәсібі, логистика, көлік және басқа да салаларды дамытуға бағытталған. Кезекті инвестициялық штаб отырысында инвесторлар ұсынған жаңа жобалар қаралды. Олардың қатарында қуаты 500 МВт-тық бу-газ қондырғысын салу және пайдалану, ірі логистикалық парк құрылысы, 1000 оқушыға арналған жеке мектеп және пансионат ашу сияқты жобалар бар. Сонымен қатар №2 Индустриалдық парктің құрамына енетін бірқатар маңызды жобалар ұсынылды. Атап айтқанда, мотор майларын шығаратын…

Толық оқу
Тамара Асар

Белгілі әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі сұрамшақ әрі жылаңқы ерлердің көбейіп кеткенін сынға алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Әнші жазбасында ертеректегі аңыз әңгімемен мысал келтірген. Баяғыда Бармын деген байдың Болар және Соғар атты егіз ұлдары болыпты. Болар сабырлы, салмақты, ақылды, әкесіне жақын өседі. Ал Соғар керісінше тентек, сотқар, сөзге шешен әрі ұрыншақ екен. Бір күні Соғар қарақшылардың қолына түсіп қалады. Олар «Ұлың аман қалсын десең, өз аяғыңмен кел!» деп хабар жібереді. Бармын бай қасына уәзірі мен Боларды ертіп, дереу жетеді. Барса, қарақшылар Соғарды байлап, қорлап жатыр екен. Бір қарақшы найзасын Соғардың жүрек тұсына тіреп: –Ұлыңа ие бола алмасаң, көзіңше өлтіремін, –…

Толық оқу
Роза Рымбаева Аида Кауменова

Сәнгер Аида Кауменова әнші, халық әртісі Роза Рымбаеваны сахнадағы шығармашылық жолының 50 жылдығымен құттықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Сәнгер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әнші туралы әсерлі естелігімен бөлісті: – Роза Қуанышқызы өнер әлемінде жарқырап жүргенде мен әлі кішкентай қыз едім. Ол сахнаға шыққанда біздер, балалар, теледидар алдында таңғалып қарап отыратынбыз. Ал қазір, міне, өзіміз де есейдік, бірақ Роза Қуанышқызының әсем даусы мен керемет өнері әлі күнге дейін жүректерімізді жаулап келеді. Бүгінде ол мәдениетімізге ерекше ықпал ететін қайталанбас тұлғаға айналды. Нәзік болса да, рухы биік, дауысы ерекше қуатты бұл кісінің әрбір әнін тыңдаған сайын терең тебіренемін. Оның өнері елдің мәдени мұрасы. Сахнада…

Толық оқу
инватакси

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның екі ірі қаласында инватакси қызметінің жаңа технологиялық мүмкіндіктерін іске қосты, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұған дейін қолданыста болған ережелер бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар инватакси қызметін пайдалану үшін бір күн бұрын алдын ала тапсырыс беруге тиіс еді. Бұл жағдай тұрғындарды сапарларын күні бұрын жоспарлауға мәжбүр ететін. Оның үстіне, көлік санының аздығынан инватаксиге тапсырыс берушілер қызметті ұзақ күтуге мәжбүр болатын. Министрлік осы мәселені шешу мақсатында жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, такси агрегаторларын тарту арқылы пилоттық жоба бастады. Жобаның басты шарты сапар құнынан агрегатор платформаларына ешқандай комиссия төленбеуі керек. Бұл талапты орындауға «Яндекс» компаниясы келісім беріп, қызметті тегін ұсынды.…

Толық оқу
Салық цифорлық форматқа көшті

Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді толық электронды форматқа ауыстырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл өзгеріс 2025 жылғы 11 қарашадан бастап күшіне енді. Енді барлық әкімшілік істер «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» (ӘІЖБТ) ақпараттық жүйесінде ғана жүргізіледі. Бұл жаңалық – әкімшілік іс жүргізуді цифрландыруға бағытталған шаралардың бірі. Салық төлеушілердің қолайлылығы үшін Салық әкімшілігінің интеграцияланған жүйесінде (СӘИЖ) жаңа қызмет іске қосылды. Енді мемлекеттік кірістер органдарына шақыру туралы хабарлама электронды салық төлеуші ретінде тіркелген тұлғаларға электронды түрде жіберіледі. Хабарлама: СӘИЖ-дегі салық төлеушінің жеке кабинетіне; электронды үкіметтің веб-қосымшасына; қосымша ретінде салық төлеушінің мобильді телефонына 1414 нөмірінен SMS-хабарлама түрінде жіберіледі. Аталған SMS-хабарлама…

Толық оқу
Цифрлық төлемдер қолма қол ақша

Қазақстан цифрлық төлемдер бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына енді. Ал екінші жағынан, айналымдағы қолма-қол ақшаның көлемі рекордтық деңгейге жетіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылғы 1 желтоқсанда банк жүйесінен тыс айналымдағы қолма-қол ақша көлемі 4,6 триллион теңгеге жеткен. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш тұрақты өсуде. 2021 жылы – 3 трлн, 2022 жылы – 3,4 трлн, 2023 жылы – 3,6 трлн, 2024 жылы – 4,4 трлн теңге болған. 2025 жылдың басынан бері өсім 4,5%-ды құрады. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 20,2%-ға жеткен еді. Қызығы сол, қолма-қол ақшаның өсуі халықтың банк жүйесіне сенімсіздігін білдірмейді. Себебі депозит көлемі тұрақты түрде артып жатыр.…

Толық оқу