27 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал әрбір жанға ерекше үйлесім мен айқындық сыйлайды. Энергияның сәтті үйлесуі арқасында көптен күткен сұрақтарға жауап табылып, істер ретімен орындалатын күн, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір) Тоқтылардың сезімдері мен ақыл-ойы бүгін тепе-теңдікке келуі керек. Сізді мазалаған сауалдарға жауап іздеуге қолайлы күн. Әр қадамыңызға мән беріп, сабырмен шешім қабылдаңыз. Шыдамдылық бүгін сіздің ең мықты серігіңіз болады. Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр) Бүгінгі күн Торпақтарға күтпеген жағымды өзгерістер сыйлайды. Жоспарыңызда болмаған ұсыныстар қаржылық жағдайыңызды жақсартуға сеп болады. Кешке отбасыңызбен бас қосып, жан жылуына бөленесіз. Егіздер (21 мамыр – 20 маусым) Егіздер бүгінгі күнді…
Автор: Лейла Болтаева
Конституциялық реформалар Қазақстанның әлемдегі геосаяси ахуалды ескере отырып, жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы дамудың тың бағытын таңдауын көрсетеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұндай ойды Конституциялық комиссияның мүшесі, «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының Төрағасы Бекзат Алтынбеков мәлімдеді. Алтынбековтың пікірінше, әрбір өзгерістің өз мәні мен маңызы бар. Конституциялық реформа – ел санасының жаңғыруының нақты көрінісі әрі алдағы уақытқа арналған жаңа бағдар. – Жақында Қызылордада өткен Ұлттық Құрылтайдың V отырысында ел дамуында тың әрі маңызды бастамалар көтерілді. Бұл отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық Құрылтайдың тарихи миссиясы табысты аяқталды деп есептеймін. Енді жаңа институт ретінде Қазақстанның Халық Кеңесін құруды ұсынамын»,…
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында қаладағы маңызды инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуын тексерді, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкім алдымен Сапожников өзенінің жағалауын бекіту жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта өзеннің 3 шақырымнан астам аумағы толықтай жаңғыртылып, арна жағалауының қауіпсіздігі гидротехникалық шаралар арқылы күшейтілген. Арнаның беткейлері габиондық құрылымдармен бекітіліп, өзен бойында алғаш рет жаяу жүргіншілерге арналған жол пайда болды. Бұған қоса, аймақ толықтай жарықтандырылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Дегенмен әкім жұмыс сапары барысында кейбір кемшіліктерді анықтап, оларды қысқа мерзім ішінде түзетуді тапсырды. Әсіресе, өзен жағалауын көгалдандыру жұмыстарын арттыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар Дархан Сатыбалды Үлкен Алматы өзені арнасын қайта жаңғырту жұмыстарының барысын да…
Түркістан облысы әкімдігінде мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыстардың қорытындысы шығарылып, жаңа жылға арналған жоспарлар бекітілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Аппараттық мәжіліске облыс әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етіп, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. – Мемлекеттік сатып алудағы қателіктерді қайталамау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін тұрақты түрде арттырып отыру маңызды. Әсіресе, аудан-қалалар мен басқармалар бойынша заңбұзушылықтарды жиі қайталайтын мекемелердің рейтингін әзірлеп, ай сайын есеп беруді тапсырамын. Бюджет қаржысы халықтың игілігіне тиімді жұмсалып, өңірдегі өзекті мәселелер нақты шешімін табуы тиіс, – деді облыс әкімі. Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ақәділ Сатыбалдының мәліметінше, 2025 жылы Түркістан облысының мемлекеттік сатып алуларының жылдық жоспары…
Бүгін Королев кен орны қайта іске қосылып, Теңіздегі Екінші буын зауытының өндірістік процестері қайта жанданды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазірдің өзінде тәулігіне 2 500 тонна шикізат қабылдап отырған зауытты алдағы күндері толық жобалық қуатына жеткізу жоспарлануда. Энергетика министрлігі мамандарының хабарлауынша, қазір Теңіз кен орнындағы бүкіл техникалық ресурстар мен кадрлар толықтай жұмылдырылып, инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Энергетикалық жүйелер мен жабдықтардың қауіпсіздігі тексеріліп, өндірістік процестерді іске қосу үшін соңғы техникалық сынақтар өткізілуде. Бұл жұмыстарды жүргізуде «Теңізшевройл» компаниясына өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың халықаралық стандарттарын қатаң сақтай отырып, қысқа мерзімде толықтай қалыпты режимге шығу міндеті жүктелді. Зауытты жылдам іске қосуға арнайы…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауы еліміз үшін аса маңызды қадам болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы ретте Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі цифрлық технологияларды отын-энергетика кешеніне кеңінен енгізу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Министрліктің негізгі ұстанымы тәжірибелік сынақтар мен эксперименттерге емес, нақты тиімділік әкелетін қолданбалы жобаларды жүзеге асыруға негізделген. Осы мақсатта энергетика саласында үш бірегей практикалық жоба іске қосылып, оң нәтижесін көрсете бастады. Бірінші жоба электр беру әуе желілерін ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) арқылы жасанды интеллект көмегімен дефектоскопиялау. 4K сападағы камералар, жылу сезгіштер және лидарлармен жабдықталған дрондар сымдар мен тірек конструкцияларындағы кез келген ақауларды, қызып кету…
Әр азамат дүниеге келген сәттен бастап, өмір бойы мемлекеттік қызмет түрлерімен тікелей байланысты. Баланың туу туралы куәлігін алудан бастап, білім, әлеуметтік көмек алу, денсаулық сақтау қызметіне жүгіну, жер телімін рәсімдеу – осының бәрі азамат пен мемлекет арасындағы күнделікті қарым-қатынастың көрінісі, деп жазады Ertenmedia.kz. Сондықтан мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігінің және азаматтардың билікке сенімінің басты көрсеткіші. Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауларында осы салаға үнемі басымдық беріп келеді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері халыққа көрсетілетін қызметтердің заң аясында әрі сапалы болуын бақылауда ұстап отыр. Қазір еліміз бойынша 1323 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оның ішінде Түркістан облысында 364…
Бүгін Конституциялық комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Ата заңымызға ұсынылатын маңызды өзгерістерді таныстырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, бұл ұсыныстар азаматтардың, саяси партиялар мен қоғам белсенділерінің пікірлерін ескере отырып дайындалған. Өзгерістердің негізгі бөлігі мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, Үкіметтің, Конституциялық соттың, прокуратура мен сот билігінің кейбір функцияларын нақтылау, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру, арнайы құқықтық режимдерді белгілеу ережелерін қайта қарастыру ұсынылып отыр. Сондай-ақ жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтайдың қызметіне қатысты маңызды түзетулер бар. Жаңа құрылымда төрағаның тағайындалу тәртібі, депутаттық корпустың қалыптасуы және басқа да рәсімдік мәселелер айқындалады. – Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңыздылығын ескере отырып, түзетулер…
2025 жылы Түркістан облысы мемлекеттік бюджетке 1 триллион теңгеден астам салық жинап, жоспарды 101,2%-ға орындады. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 234 миллиард теңгеге көп, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерлан Тұрысов мәлімдеді. – Өткен жылы бюджетке қосымша 12 миллиард теңге анықталып, толық өндірілді. Камералық бақылаудан – 5,7 миллиард, жер қойнауын пайдаланушылардан – 3,5 миллиард, кедендік және ҚҚС әкімшілендіруінен 2,6 миллиард теңге түсті. Сонымен қатар, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес күшейтілді. Былтыр кедендік бақылау кезінде есірткі тасымалдаудың 32 дерегі анықталды. Мұнай өнімдерін заңсыз алып өтудің 271 жағдайы тіркеліп, 16,1 млн теңгеден астам айыппұл салынды.…
Қазақтың көрнекті актері, Қазақстанның халық әртісі, марқұм Асанәлі Әшімовтің отбасына тағы бір ауыр қайғыға тап болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жақында ғана асыл жарынан айырылып, жүрегі қан жылап отырған Бағдат Әшімова тағы бір қайғылы хабарды жеткізді. Бұл жолы актердің марқұм ұлы Сағидың жары, екі немересінің анасы Селимхан келіні өмірден өтті. – Қайғымызды әлі ұмыта алмай, жанымыз жаралы күйде отырған шаңырағымызға тағы бір ауыр қаза келді. Сағидан қалған екі құлыншағымыздың анасы, Селимхан келініміз өмірден озды. Немерелерім Ансарым мен Майрамды қалай жұбатарымды білмеймін. Оларға өмір жалғасатынын түсіндірудің өзі де қиын болып тұр. Алла енді ешкімді жылатпасын… Келініміздің жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны…










