Қазақстанда тұрақты тұру үшін шетелге шығу тәртібі жаңарады. Жаңа ережелер 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енеді. Ішкі істер министрлігі құжат рәсімдеу тәртібін қайта қарап, процесті цифрлық тексеріс жүйесімен тығыз байланыстырды. Енді қарыз, алимент, әскери есеп, баланың екінші ата-анасының келісімі сияқты мәселелер өтініш берген сәтте-ақ анықталуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Егер азамат құжатты портал арқылы тапсырса, өтініш толық онлайн рәсімделеді. Ол үшін электронды анкета толтырылып, қажетті құжаттардың скан-нұсқалары тіркеледі және өтініш ЭЦҚ арқылы расталады. Өтініш түскеннен кейін деректер бірнеше мемлекеттік орган арқылы тексеріледі. Олардың қатарында ҰҚК, Бас прокуратура, Әділет министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті және Қорғаныс министрлігі бар. Келісу рәсіміне 10…
Автор: Лейла Болтаева
Атырауда Мұқанғалиевтер отбасы мүшелерін өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сотта тың деректер айтылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Тергеу мәліметінше, күдікті қылмыстан кейін марқұмдардың мүлкін иемденіп, сол қаражатқа шетелге кеткен. Іс материалдарында 2025 жылғы желтоқсанда Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның Өзбекстан арқылы Индонезияға ұшқаны көрсетілген. Тергеу дерегі бойынша, 2025 жылғы 9 желтоқсанда олар «Қапланбек» өткізу бекеті арқылы Өзбекстанға өтіп, кейін Ташкент – Куала-Лумпур – Бали бағытымен Индонезияға барған. Күдіктілер Бали аралында екі айдан астам уақыт жасырынғаны айтылды. 2026 жылғы 24 ақпанда Индонезияның көші-қон қызметі визалық режимді бұзғаны үшін екеуін ұстаған. Кейін олар Қазақстанға депортацияланды. Тергеу барысында Сәрсемәлиевтің көрсетуімен Мұнайшы ықшамауданындағы үй ауласынан…
Алматыда мектеп бітірген түлектер ұйымдастырған автокортеж тоқтатылды. Бұған дейін мұндай іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, бір топ түлек қала көшелерінде көлік колоннасын ұйымдастырған. Полиция мәліметінше, олар жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзған, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиғаға байланысты кәмелетке толмаған 21 жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін шара қолданылған. Сонымен қатар полиция көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу деректері бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды. Алматы қаласы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаевтың айтуынша, полиция автокортеж ұйымдастыруға, әсіресе оған кәмелетке толмағандардың қатысуына жол берілмейтіні туралы алдын ала ескерткен. Соған қарамастан…
Ұлы Отан соғысында жоғалған қазақстандық жауынгер Берікбосын Дүйсембиновтың тағдыры араға ондаған жыл салып анықтала бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жауынгердің туыстары соғыста қаза тапқан және хабарсыз кеткен адамдар туралы деректер жинақталған сайттардың бірінен маңызды құжат тапқан. Онда Берікбосын Дүйсембиновтың 1945 жылдың сәуір айында Польша аумағында хабар-ошарсыз кеткені көрсетілген. Бұл Кеңес Одағы жеңіске небәрі бір ай қалғанда болған оқиға. Осы деректен кейін іздеу жұмысына соғыс жылдары хабарсыз кеткен қазақстандықтардың тағдырын анықтаумен айналысатын «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі қосылды. Волонтерлер мен іздеушілер архив материалдарын қарап, жауынгердің ауыр шайқастардың бірінде қаза тапқанын анықтауға көмектесті. Зерттеушілердің айтуынша, қатардағы жауынгер Дүйсембинов қызмет еткен бөлімше жаудың жойқын оғында…
Астана, Шымкент және Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерде жел күшейіп, тұман түседі, ал жекелеген облыстарда түнгі үсік күтіледі. Сонымен қатар бірнеше аймақта өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады. Астанада күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Шымкентте де күндіз жауын-шашын мен найзағай болжанып отыр. Абай облысында түнде ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі ықтимал. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, -2 градусқа дейін үсік күтіледі. Ақмола облысында қысқа…
Қазақстандық ҰБТ сертификатын Малайзия елінің Жоғары білім министрлігі ресми түрде мойындады, деп жазады Ertenmedia.kz. Енді қазақстандық түлектер ҰБТ сертификатын Малайзия университеттерінің бакалавриат бағдарламаларына түсу кезінде қолдана алады. Бұл қазақстандық талапкерлердің академиялық дайындығын бағалау жүйесінің халықаралық деңгейде мойындала бастағанын көрсетеді. Министрлік мәліметінше, қазақстандық мектеп бітірушілер Малайзиядағы бірқатар жоғары оқу орнына Foundation дайындық бағдарламасынан өтпей-ақ құжат тапсыра алады. Дегенмен ағылшын тіліндегі бағдарламаларда оқу үшін IELTS, TOEFL немесе соған теңестірілген сертификаттар талап етіледі. Әр университет ҰБТ бойынша ең төменгі өту балын және қосымша қабылдау шарттарын өзі белгілейді. Таңдалған мамандыққа қарай талапкерлерге ішкі емтихан, сұхбат, портфолио қарау немесе дайындық курсынан өту талабы қойылуы мүмкін.…
Франция жағалауында теңіз түбінде жатқан XVI ғасырдағы сауда кемесін зерттеу үшін арнайы робот-дайвер пайдаланылып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғалымдар Жерорта теңізінің шамамен 2,4 шақырым тереңдігінде жатқан көне кемені «уақыт капсуласы» деп бағалап отыр. Себебі мұндай тереңдікте кеме тонаушылардан, күн сәулесінен және қатты ағыстан қорғалған. Соның арқасында 500 жыл бұрынғы теңіз саудасына қатысты көптеген заттар біршама жақсы сақталған. Кеме қазір «Камарат 4» деп аталады. Оны алғаш рет 2025 жылдың наурызында Франция Әскери-теңіз күштері жоғары дәлдіктегі гидролокатор арқылы байқаған. Теңіз түбіндегі белгісіз нысанды тексеру үшін камерамен жабдықталған автономды суасты дроны жіберіліп, ұзындығы 29 метрлік сауда кемесінің бейнесі алынған. Кемеде Солтүстік Италиядан жеткізілген…
Түркістанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтіп, сала мамандары марапатталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, мәдениет және өнер саласының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады. Ол мәдениет ел руханиятының өзегі екенін айтып, өңірде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ертай Алтаевтың айтуынша, Түркістанда жуырда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті жоғары деңгейде өтті. Мұндай халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың абыроймен ұйымдастырылуына мәдениет саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. «Елдің абыройын көтеретін игілікті істердің барлығы – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі деп сеніммен айта аламын. Өңірде көптеген мәдениет ошақтары салынып, халыққа рухани қызмет көрсетіп келеді. Түркістан қаласынан бөлек, облыстың…
АҚШ әскери ведомствосы белгісіз ұшатын нысандарға қатысты видеожазбалар мен құжаттардың жаңа топтамасын жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жарияланған материалдардың ішінде 50 видео мен құжат бар. Олардың қатарында азаматтық тұлғалар мен әскери қызметкерлердің куәлік сипатындағы мәліметтері де қамтылған. Алайда видеолардың ешқайсысына нақты түсіндірме берілмеген. Сондықтан онда көрінген нысандардың табиғаты әзірге ашық сұрақ күйінде қалып отыр. 2019 жылы Таяу Шығыста түсірілген бір видеода Парсы шығанағы үстінде бір қатармен ұшып бара жатқан үш белгісіз нысан көрінеді. Пентагон дерегінше, кадрлар америкалық әскери кемедегі инфрақызыл датчик арқылы түсірілген болуы мүмкін. 2022 жылғы тағы бір видеода Иран жағалауындағы суларда кемелердің жанынан ұшып өткен төрт белгісіз нысан байқалады.…
Атырауда халықаралық қолөнершілер фестивалі «ШеберFEST-2026» басталды. Сұлтан Бейбарыс алаңы бірнеше күнге нағыз шеберлер қалашығына айналды. Мұнда жартылай киіз үй үлгісіндегі тақырыптық аймақтар орнатылып, келушілер халық шығармашылығымен жақын танысуға мүмкіндік алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ауқымды фестивальге Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген сәндік-қолданбалы өнердің 100-ге жуық шебері қатысып жатыр. Олар 4 мыңға жуық авторлық бұйым ұсынды. Көрмеде киізден жасалған әшекейлер, зергерлік бұйымдар, ағаш ою өнері, ұлттық музыкалық аспаптар, тоқыма, этнодизайн үлгілері және басқа да қолөнер туындылары қойылды. Фестивальге қатысқан Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов көрме экспозициясымен танысып, халықтық қолөнерді сақтау мен насихаттаудың маңызына тоқталды. Өңір басшысының айтуынша, халықтық қолөнер – ұлттың жаны…










