Автор: Лейла Болтаева

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин жер қойнауын басқару саласында мемлекеттік бақылауды күшейту қажет деп есептейді, деп жазады Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, Қазақстан жылдар бойы жер қойнауы саласында «инвестиция тарту», «халықаралық стандарт» деген ұғымдарды алға тартып, стратегиялық ресурстарға мемлекеттік бақылаудың әлсіреуіне жол беріп келді. Оның пікірінше, бұл мәселе енді тек экономикалық өлшеммен қаралатын тақырып емес, ұлттық мүддеге тікелей қатысты стратегиялық бағытқа айналып отыр. Еділ Жаңбыршин мемлекеттік сараптаманың жойылып, оның орнына «құзыретті тұлғалар» институтының енгізілгеніне назар аударды. Депутаттың сөзінше, мұндай жағдайда ел байлығының есебін жер қойнауын игерушілермен мүдделес болуы мүмкін жеке сарапшылар анықтайтын жүйе қалыптасты. Оның ойынша, сирек және стратегиялық металдардың нақты есебі әлі…

Толық оқу
Құрбан айтта нені ұмытпау керек?

Құрбан айт қарсаңында Қазақстанда құрбандыққа шалынатын мал бағасы айтарлықтай өсті, деп жазады Ertenmedia.kz. 2026 жылы мал басы көбейгеніне қарамастан, нарықтағы баға төмендеген жоқ. Наурыз айының соңындағы дерек бойынша, елімізде ірі қара саны 9,2 млн басқа жеткен. Бұл былтырғыдан 2,9 пайызға көп. Қой саны 21,1 млн бастан асып, 2,3 пайызға артты. Жылқы 7,1 пайызға, түйе 2 пайызға көбейген. Соған қарамастан, мал базарындағы баға халық қалтасына салмақ түсіріп отыр. Орта есеппен сиыр бағасы 489,3 мың теңгеге, бұқа 526,7 мың теңгеге, жылқы 581,3 мың теңгеге жеткен. Қойдың орташа бағасы 77,2 мың теңге болса, қошқар 86,3 мың теңгеге дейін қымбаттаған. Ең қымбат мал түйе.…

Толық оқу
коммуналка тариф

Астанада электр энергиясының тарифін көтеру мәселесі қаралып жатыр. Елордада «Астана-РЭК» компаниясының жаңа тариф бекіту туралы өтінімі бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Компания басқарма төрағасы Руслан Абжановтың айтуынша, шекті бағаны қосылған құн салығынсыз 1 киловатт-сағат үшін 31,18 теңгеден 35,07 теңгеге дейін көтеру ұсынылған, деп жазады Ertenmedia.kz. Өсім 12,5 пайызды құрайды. Жаңа тарифтер мақұлданса, 2026 жылғы 5 маусымнан бастап күшіне енуі мүмкін. Алайда тариф әлі бекітілген жоқ. Астана қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің мәліметінше, өтінім бір айға жуық қаралуы мүмкін. «Астана-РЭК» тарифті көтеру қажеттігін электр энергиясын сатып алу және тасымалдау шығындарының өсуімен, KEGOC тарифтерінің қымбаттауымен, баланс нарығы мен қуат нарығындағы шығыстармен…

Толық оқу
Ипотека

Алматыда «Алматы жастары» жеңілдетілген ипотека бағдарламасына өтінім қабылдау 2026 жылғы 1 маусымда басталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бағдарлама бойынша ең жоғары несие сомасы 20 млн теңгеге дейін беріледі. Жылдық мөлшерлеме – 5 пайыз. Бастапқы жарна кемінде 10 пайыз болуы керек. Несие мерзімі 25 жылға дейін қарастырылған. Бағдарламаға қатысу үшін бастапқы жарна Отбасы банктегі депозитте тұруы қажет. Өтінім берген кезде банктен алынған үзіндіні PDF форматында тіркеу керек. «Алматы жастары» бағдарламасы 35 жасқа дейінгі азаматтарға арналған. Қатысушы Алматыдағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда ресми жұмыс істеуі тиіс. Бағдарлама денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, журналистика, әлеуметтік сала, құқық…

Толық оқу
түлектер

Алматы облысында 20 мыңнан астам түлекке соңғы қоңырау соғылды. Бүгін өңірдегі мектептерде соңғы қоңырау салтанаты талапқа сай, жоғары деңгейде өтті. Айтулы шаралардың бірі Қонаев қаласындағы орта мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, түлектерге ақ жол тіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір облыстағы 497 жалпы білім беретін мектепте 379 мыңнан астам оқушы білім алады. Биыл 20 109 түлек мектеп бітіріп отыр. Олардың 1 844-і «Алтын белгіге», 1 680 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Жуырда Еңбекшіқазақ ауданындағы М.Горький атындағы орта мектеп түлегі Әли Лоян ҰБТ-дан 140 балл жинап, өңір мерейін көтерді. Марат Сұлтанғазиев түлектердің алдында жаңа өмір белесі тұрғанын айтып, білім…

Толық оқу
Мәдениет үйі

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданына қарасты Қырқопа ауылындағы С.Меңдешев ауылдық округінде жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ауылдағы бұрынғы мәдениет нысаны бірнеше жыл бойы апаттық жағдайда жұмыс істеп келген. Жергілікті тұрғындар бұл мәселені талай рет көтеріп, ауылға заманауи мәдениет үйі қажет екенін айтып жүрген. 2024 жылы «AMANAT» партиясының бастамасымен жаңа нысанның құрылысы басталып, бүгінде ауыл халқының игілігіне толық берілді. Жаңақала ауданы Батыс Қазақстан өңіріндегі күй өнерінің қасиетті ордасы саналады. Қазақтың күй мұрасын биікке көтерген Құрманғазы Сағырбайұлы мен Дина Нұрпейісова дүниеге келген бұл топырақта өнердің тамыры тереңде жатыр. Оқап Қабиғожин, Мамен, Тұяқберді Шәмелов, Қали Жантілеуов секілді күй тарландары да…

Толық оқу
коммуналдық төлемдер

Алматыда тұрғын үйді күтіп ұстауға арналған ең төменгі тарифті көтеру ұсынылды. Қазір қалада бұл төлем 1 шаршы метр үшін 40 теңгені құрайды. Жаңа жоба мақұлданса, тариф 70 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Құжатты Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы әзірлеген, деп жазады Ertenmedia.kz. Әңгіме тұрғындардың ай сайын КСК, ОСИ немесе басқарушы компанияға төлейтін ағымдағы жарналары туралы болып отыр. Төлем түбіртегінде ол көбіне «тұрғын үйді күтіп ұстау шығыны», «ортақ үй қажеттілігі» сияқты атаумен көрсетіледі. Егер жаңа тариф бекітілсе, тұрғындардың ай сайынғы төлемі айтарлықтай өседі. Мысалы, ауданы 70 шаршы метр пәтер үшін қазір 2800 теңге төленсе, жаңа тариф бойынша бұл…

Толық оқу
түлектер

Түркістан облысында соңғы қоңырау салтанаты «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін еліміздегі барлық мектепте соңғы қоңырау үні естіліп, түлектер мектеппен қоштасып жатыр. Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарында осы күнге орай бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнайы тәрбие сағаттары өткізілді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Түркістан қаласындағы №28 мектепте өткен салтанатты іс-шараға арнайы қатысып, ұстаздар мен оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Ол білім саласында еңбек етіп жүрген педагогтерге алғыс айтып, мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тіледі. Ертай Алтаев түлектер елдің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанның болашағы екенін атап өтті. Оның айтуынша, жас ұрпақ білім мен ғылымға…

Толық оқу
оқшылар

Алматы оқушылары 7-8-сыныптар арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Зияткерлік дода 2026 жылғы 19-22 мамыр аралығында Астана қаласында өтті. Олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірінен 547 оқушы қатысты. Алматы қаласының намысын қорғаған 25 оқушы білім сайысында үздіктер қатарынан көрініп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олимпиада қорытындысы бойынша Алматы командасы «Үздік олимпиадалық команда – 2026» номинациясында бірінші орын иеленді. Бұл нәтиже қала мектептеріндегі дарынды оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын және пәндік дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Жарыс қорытындысында алматылық 3 оқушы бірінші орын, 2 оқушы екінші орын, 8 оқушы үшінші орын алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I,…

Толық оқу
жерлеу

Бразилияда дәрігерлер қайтыс болды деп таныған 88 жастағы ер адам жерлеу бюросында тірі екені анықталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға 16 мамыр күні Бразилияның Президенте-Бернардес қаласында болған. Хурачи Роза Алвес есімді қария тыныс алу жеткіліксіздігімен ауруханаға жеткізілген. Кейін дәрігерлер оның қайтыс болғанын хабарлаған. Осыдан соң ер адамның денесі жерлеу рәсіміне дайындау үшін жерлеу бюросына жіберілген. Алайда бюро қызметкерлері марқұм деп жеткізілген қарияның іш тұсында әлсіз қозғалыс барын байқап, оның өмір белгілерін аңғарған. Жерлеу бюросының медбикелік қызмет басшысы Жаклин Броджиатоның айтуынша, алғашқы сәтте қызметкерлер жағдайды бірден түсіне алмаған. «Алғашында оның тыныс алып жатқанын анық ажырата алмадық. Кейін өмір белгілері байқалған соң бірден…

Толық оқу