Соңғы үш жылда Жетісу облысының Кербұлақ ауданында 34 жаңа әлеуметтік нысан қолданысқа берілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Нысандардың жартысы «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында, қалған 17-сі жергілікті бюджет есебінен салынған. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев аудан активімен кездесу барысында айтты. Жаңадан ашылған нысандардың басым бөлігі – 30 нысан денсаулық сақтау саласында бой көтерген. Бұдан бөлек, ауданда 2 спорттық және 2 мәдениет мекемесі халыққа есігін айқара ашты. – «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыс бойынша ең көп нысан дәл осы Кербұлақ ауданында салынды. Дәрігерлік амбулаториялар Басши, Сарыбастау, Ақтөбе, Малайсары, Қызылжар, Шұбар, Қарағаш, Қарашоқы, Алтынемел ауылдарында ашылса, фельдшерлік-акушерлік…
Автор: Лейла Болтаева
Алматыда толық жаңартылған телекоммуникация және машина жасау колледжі қайта ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңарған оқу орнының жағдайымен қала әкімі Дархан Сатыбалды арнайы танысып, бес блоктан тұратын заманауи кешенді аралап көрді. Жаңғыртылған оқу кешеніне зертханалар, тәжірибелік оқу шеберханалары, спорт залдары мен 118 орындық студенттік жатақхана кіреді. Ғимарат мүмкіндігі шектеулі азаматтарға толық бейімделген. Колледж қазақ және орыс тілдерінде дуалды оқыту жүйесі бойынша мамандар даярлайды. Білім ордасының жалпы жобалық қуаты – 1050 студент. Оның 340-ы тікелей колледжде білім алса, қалған студенттер аталған салаларға қатысты кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтеді. Сондай-ақ, қала әкімі ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан көппәтерлі үйлердің құрылыс жұмыстарын…
2025 жылдың 12 айында Түркістан облысында 1274 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (1065 жағдай) 19,6%-ға артып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендер саны 15,4%-ға ұлғайып, 1625-тен 1876-ға дейін жетті. Оның ішінде жарақат алғандар саны 18,1%-ға өсіп, 1356-дан 1602 адамға дейін көбейген. Ал қайтыс болғандар саны 1,9%-ға артып, 269-дан 274 адамға жеткен. Жол апаттары ең көп тіркелген аудандар қатарында Сайрам (183), Түркістан қаласы (177), Жетісай (175), Арыс (84), Түлкібас (72), Келес (68), Шардара (64), Төлеби (52), Ордабасы (52), Отырар (52), Сарыағаш (49), Созақ (47), Сауран (45), Кентау қаласы (41), Қазығұрт (39), Мақтаарал (38),…
Ақорда Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуы үшін миллиард доллар төлеу қажет болды деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ақорда өкілдерінің айтуынша, кез келген мемлекеттің Бейбітшілік кеңесіне қосылуы тек оның тәуелсіз әрі егемен шешіміне байланысты жүзеге асырылады. Мемлекет осы ұйымға кірген сәттен бастап оның мүшелігі үш жылға белгіленеді. «Жарғыда көрсетілген 1 млрд доллар көлеміндегі ерікті жарна міндетті шарт емес. Ол әрбір мемлекеттің өз қалауы. Мұндай жарна ұйымға қосылған алғашқы жылы жасалса, елдің Кеңестегі мерзімін үш жылдан асыру мүмкіндігі қарастырылған. Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне ешқандай қаржылық жарна жасамай кірді және бұл толықтай ұйым Жарғысына сәйкес келеді», – деп хабарлады Ақорда өкілдері. 2026 жылғы…
Франция президенті Эммануэль Макрон Давостағы форумға «авиатор» стиліндегі көзілдірік тағып шыққаннан кейін, италиялық iVision Tech компаниясының акциясы бір тәулікте 28 пайызға қымбаттады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Макрон көпшіліктің алдына Pacific S 01 үлгісіндегі күннен қорғайтын көзілдірік киіп шыққан. Компанияның ресми сайтында оның бағасы 659 еуро (шамамен 770 доллар) тұрады. Әлеуметтік желілерде Макронның бұл бейнесі танымал фильмдегі Top Gun стиліне ұқсас деп кеңінен тарап, қысқа мерзімде көпшіліктің назарын аударған. Соның арқасында компанияның нарықтағы құны бір тәулікте шамамен 3,5 миллион еуроға (4,1 миллион доллар) өсті. Танымал режиссер Тимур Бекмамбетовтің жаңа скринлайф-жанрындағы «Казнить нельзя помиловать» фильмі сыншылар тарапынан өте төмен баға…
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Онпо жұмысшылар демалыс орталығының ашылу салтанатына қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Демалыс орталығы елдегі ең ірі термалды шипажай кешені болып саналады. Табиғи ескерткіш мәртебесіне ие Онпо ыстық бұлақтары аумағында салынған кешеннің құрылысы бірнеше жылға созылған еді. 2018 жылдың шілдесінде дәл осы жерге келген Ким Чен Ын демалыс кешенінің санитарлық және басқарушылық жағдайын сынған болатын. Сол кезде нысанды толық жөндеуден өткізуге тапсырма берген ол, араға бірнеше жыл салып, жұмыстардың нәтижесін өзі тексеруге келді. Салтанатты шара кезінде Ким Чен Ын демалыс орталығының әрбір бөлігін мұқият қарап шықты. Қара пальто мен туфли киіп, тіпті сыртқы киімін шешпестен ыстық…
Танымал режиссер Тимур Бекмамбетовтің жаңа скринлайф-жанрындағы «Казнить нельзя помиловать» фильмі сыншылар тарапынан өте төмен баға алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Rotten Tomatoes сайтында фильм тек 17% жинаған. Басты рөлді Крис Пратт сомдаған киноны сыншылар «клишеге толы, диалогтары жасанды әрі актерлердің ойыны әлсіз фильм» деп бағалады. Toronto Star басылымы фильмге тіпті 0 деген баға қойды. Бұған дейін 2025 жылы Бекмамбетовтің Айс Кьюб пен Ева Лонгория басты рөлдерде ойнаған «Әлемдер соғысы» (War of the Worlds) фильмін сыншылар «жылдың ең нашар фильмі» және «бір жарым сағаттық Amazon жарнамасы» деп сынаған болатын. Қазір сол туынды Голливудтың ең нашар фильмдеріне берілетін «Алтын таңқурай» («Золотая малина») сыйлығына…
Бүгін жұлдыздар сабыр мен байыпты шешімдерді алдыңғы орынға шығарады. Күн тәртібіндегі ұсақ детальдарға мән беру көптеген мәселені оңтайлы реттеуге мүмкіндік береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін қаржылық түйсігіңіз күшейеді. Айлығыңызды көтеру туралы әңгіме қозғағыңыз келсе немесе тиімді келісім жасасуды жоспарласаңыз – дәл бүгін әрекетке көшіңіз. Ақша сізді өзі іздейді, бірақ оны ұсақ-түйекке жұмсамағаныңыз абзал. Торпақ Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңызға баса мән беріңіз. Кішігірім келіспеушіліктер туындауы мүмкін, сондықтан сабырлы болыңыз. Кешкі уақыттағы бір ашық әңгіме бұрыннан келе жатқан реніштің нүктесін қойып, отбасы атмосферасын жақсартады. Егіздер Алдыңыздан жаңа ұсыныс немесе қызықты тапсырма шығады. Бүгін сіздің жылдам ойлау қабілетіңіз үлкен артықшылық береді. Бастамашыл болудан тартынбаңыз…
«Қазгидромет» 23 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғатынын хабарлады. Солтүстік өңірлерде аяз әлі де сақталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада ауа райы құбылмалы болып, қар жауады. Жел жылдамдығы 9-14 м/с болады. Температура түнде -24…-26°C, күндіз -19…-21°C. Алматыда күн бұлтты, қар жауып, жел 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз -1…-3°C аралығында. Шымкентте қар жауады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде -6…-8°C, күндіз -3…-5°C болады. Ақтауда күн құбылмалы, жауын-шашын күтілмейді, жел 5-10 м/с. Температура түнде -2…-4°C, күндіз +3…+5°C аралығында. Ақтөбеде бұлтты, қар жауып, жел 5-10 м/с. Температура түнде -19…-21°C, күндіз -14…-16°C. Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашын…
Танымал әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдукәрімованың қызы Алау үлкен кино жобасына түсуге шақырту алғанын анасы мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Алау арманына қарай алғашқы қадамдарын жасап, кино әлеміне қадам басуды маңызды тәжірибе ретінде қабылдайды. Анасының айтуынша, қызы алғашқы түсірілімге жауапкершілікпен қарап, қобалжып жүр. – Оның бұл толқуы жауапкершіліктің белгісі деп ойлаймын. Ең маңыздысы, Алау кәсіби мамандардың ортасында болып, олардан қолдау көріп, кеңес алатыны қуантады, – деп атап өтті Жұлдыз Әбдукәрімова. Айта кетейік, Алау Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың ортаншы қызы. Ол көпшілік алдына жиі шығып, ата-анасының жанында түрлі іс-шараларға қатысып тұрады. Білесіз бе, Астанада Tinder желісінде өзін қыз ретінде…










