Германия экономикасындағы үшінші маңызды сала саналатын химия өнеркәсібі соңғы жылдары ауыр дағдарысқа тап болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Саланың әлсіреуіне бірнеше фактор қатар әсер етіп отыр. Украина мен Ирандағы соғыстарға байланысты энергия тасымалдаушылар бағасы өсті. Бұған қатаң реттеу талаптары, экономикалық баяулау және халықаралық бәсекенің күшеюі қосылды. Германия химия өнеркәсібі қауымдастығы VCI дерегінше, елдегі химия компанияларының жалпы табысы 2025 жылы 2022 жылмен салыстырғанда шамамен 22 пайызға төмендеп, 220 млрд еуроға дейін азайған. Сарапшылар жақын арада жағдай тез жақсарады деп күтпейді. Мюнхендегі ifo экономикалық зерттеулер институтының сарапшысы Анна Вольфтың айтуынша, саланың өзі энергия мәселесіне қарсы қолдан келетін шаралардың көбін жасап үлгерді. Компаниялар энергияны…
Автор: Лейла Болтаева
Астанада «Alem.ai» Халықаралық жасанды интеллект орталығында «AMANAT» партиясы Кәсіпкерлер қанатының IT-қауымдастық және бизнес өкілдерімен кездесуі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, жетекші технологиялық компаниялар, банк секторы, телекоммуникация операторлары, IT-кәсіпкерлер және өңірлерден онлайн қосылған қатысушылар жиналды. Жалпы кездесуге шамамен 440 адам қатысты. Басқосуда цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту және Қазақстанның заманауи цифрлық экономикасын қалыптастыру бағытындағы бірлескен жұмыс мәселесі талқыланды. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов мемлекет цифрлық трансформация мен жасанды интеллект құралдарын енгізуге ерекше мән беріп отырғанын айтты. Оның сөзінше, алдағы үш жылда Қазақстан толыққанды цифрлық мемлекетке айналуы тиіс. Осы мақсатта инфрақұрылым құру, заңнаманы жаңарту және IT-салаға…
Қазақстандықтардың қаржылық өмірі жылдам өзгеріп келеді. Қазір жұрт баспананы арзан несие арқылы алғысы келеді, акциядан табыс табуға қызығады, ал бизнес банк қызметінің жай ақша аударымымен шектелмей, толық цифрлық көмекшіге айналғанын қалайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Кәсіпкерлер банктерден жаңа деңгейдегі сервисті күтіп отыр. Әлеуметтік желілерде компания банк қосымшасы арқылы БСН немесе ЖСН бойынша бірден шот шығарып, клиент оны push-хабарлама арқылы бір батырмамен төлей алатын жүйе енгізу туралы ұсыныс айтылып жүр. Кәсіпкерлердің айтуынша, қазір компаниялар арасындағы қарапайым мәміленің өзі кейде ұзақ бюрократиялық рәсімге айналып кетеді. Шот, PDF құжат, акт, электронды шот-фактура, қолмен салыстыру – шағын бизнес үшін уақыт пен қосымша шығын. Сондықтан банктер…
Астана қаласында 2027 жылы бокстан әлем чемпионаты өтеді. Елорда әкімі бұл оқиғаның қала үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік екенін атап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, Астана алдағы жылдары әлемдік бокстың басты орталықтарының біріне айналмақ. Жеңіс Қасымбек World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкинмен, ұйымның бас хатшысы Том Диленмен және өзге де өкілдермен кездескенін хабарлады. Кездесу барысында әлем чемпионатына дайындық, спорт инфрақұрылымының әзірлігі және алдағы ынтымақтастық мәселелері талқыланған. Қала әкімінің айтуынша, бокс Қазақстан үшін жай спорт түрі емес. Ол елдің болмысымен біте қайнасқан, қайсарлықты, тәртіпті және жеңіске деген жігерді көрсететін маңызды бағыт. Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысы Қазақстанның бокстағы әлеуеті жоғары…
Абай облысының кіреберіс аумақтарына өңірдің брендтік нышаны бейнеленген арнайы белгілер орнатылуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Жұмыс облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатыр. Басты мақсат өңірдің аймақтық келбетін айқындап, облысқа кіретін негізгі бағыттарда бірыңғай визуалды белгі қалыптастыру. Бұған дейін мұндай нышан Жетісу облысы жағынан кіреберіс аумаққа қойылған еді. Енді Шығыс Қазақстан облысының Өскемен – Семей бағыты жағындағы кіреберіске жаңа белгі орнатылды. Жоба аясында жыл соңына дейін Абай облысына апаратын 5 негізгі күрежолдың бәрінде осындай кіреберіс белгілерін орналастыру жоспарланып отыр. Бұл өңірдің туристік және мәдени танымалдылығын арттыруға, жол бойындағы инфрақұрылымның көркін жақсартуға мүмкіндік береді. Орнатылған белгілердің тағы бір ерекшелігі – олар…
«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин NEF 2026 форумында компанияда алдағы екі-үш жылда ауқымды оңтайландыру жүретінін мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, елдегі ең ірі телеком-оператор кеңсе қызметкерлерінің санын едәуір қысқартуды жоспарлап отыр. Қазір компания құрылымында 8 мың техникалық маман және 8 мың кеңсе қызметкері бар. Мусиннің сөзінше, кеңседе отырған қызметкерлердің бір бөлігі жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер арқылы алмастырылады. Бағдат Мусин қазіргі құрылымда басқарушы, әкімшілік және кеңсе қызметкерлерінің саны желіде, кабельде, техникалық учаскелерде жүрген мамандармен теңесіп кеткенін айтты. Компания басшысы осы теңгерімнің өзгеретінін жеткізді. – «Қазақтелекомда» қазір қолымен жұмыс істейтін 8 мың қызметкер және кеңседе жұмыс істейтін 8 мың…
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Алтын Орда – дала өркениетінің моделі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум ұлттық рухты көтеріп, тарихи сананы кеңейткен маңызды оқиға болды, деп жазады Ertenmedia.kz. ЮНЕСКО қамқорлығымен ұйымдастырылған ауқымды жиын Алтын Орда мұрасының әлемдік деңгейдегі маңызын тағы бір мәрте айқындады. Сақ, ғұн дәуірінен басталып, түркі кезеңімен жалғасқан қазақ мемлекеттілігінің келесі ірі белесі – Алтын Орда дәуірі. Ал Қазақ хандығы сол ұлы мемлекеттің заңды тарихи жалғасы ретінде қарастырылады. Симпозиум барысында Мемлекет басшысының және шетелдік ғалымдар мен сарапшылардың сөздері осы ойды тереңдетіп, ғылыми тұрғыда бекіте түсті. Алтын Орда қазақ мемлекеттілігі үшін жаңа тарихи кезең ғана…
Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары сүт сарысуын тиімді пайдалануға арналған ғылыми жобаны жүзеге асырып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Сүт сарысуы – сүт өндірісінде пайда болатын жанама өнімнің бірі. Қазір ол көбіне шектеулі көлемде ғана қолданылады немесе екінші реттік шикізат ретінде қарастырылады. Алайда ғалымдардың айтуынша, бұл өнімнің тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары. Дұрыс өңделсе, одан денсаулыққа пайдалы жаңа буындағы тағам түрлерін жасауға болады. Жоба аясында сүт сарысуын терең өңдеу және оны қышқыл сүт өнімдері мен сүзбе өндірісінде пайдалану технологиялары әзірленуде. Зерттеушілер сарысу негізінде ақуыз-көмірсулы концентраттар дайындап, оларды бидай кебегі, жасымық сияқты өсімдік тектес шикізаттармен үйлестіруде. Мұндай тәсіл…
Степногорск қаласында 1973 жылы іске қосылған басты жылу магистралі жаңартылатын болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Өткен жылыту маусымында ғана қалаға жылу жеткізетін негізгі құбырда 72 апат тіркелген. Жылдар бойы тозған желі толық ауыстырылмай, көбіне апат болған жерді жамап-жасқаумен шектеліп келген. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, «ЖЭО – Қала» жылу желісінің тозу деңгейі 70,3 пайызға жеткен. Енді мәселе Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы аясында шешілмек. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті хабарлағандай, жылу магистралін қайта құру 2026-2027 жылдарға жоспарланған. Қазір құбыр жеткізуге қатысты келісімшарттар ресімделіп, қосалқы мердігерлермен шарт жасалып жатыр. Жуық арада ескі құбырларды демонтаждау жұмысы басталады.…
БЖЗҚ зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін қолданылатын ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеудің жаңа әдістемесін түсіндірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа тәсіл бойынша азамат жинағының бір бөлігін алғаннан кейін де болашақтағы жинақтаушы зейнетақысы медианалық жалақының кемінде 40 пайызына жуық болуы керек. Қордың мәліметінше, қазіргі әдістеме бойынша тұрақты жарна аударылған күннің өзінде болашақ жинақтаушы зейнетақы шамамен 50 мың теңге деңгейінде ғана қалып, қазіргі медианалық жалақының 15 пайызына да жетпейді. Ұсынылып отырған әдістемеде жеткіліктілік шегі болашақ жарналарға немесе жыл сайын өзгеретін көптеген макроэкономикалық болжамға тәуелді болмайды. Есеп ұзақ мерзімді факторларға сүйенеді. Соның ішінде Қазақстан халқының демографиялық кестелері, инфляция және инвестициялық кірістілік ескеріледі. БЖЗҚ…










