20 қаңтарда аспан әсеріне бүгінгі күн тәртіпке, жауапкершілікке және жоспарлы әрекетке бейімдейді, деп жазады Ertenmedia.kz. Эмоциядан гөрі логика мен есеп алдыңғы қатарға шығады, ұзақ мерзімді жоспар құруға, қаржылық мәселелерді таразылауға және құжаттармен жұмыс істеуге қолайлы уақыт қалыптасады. Асығыс шешім мен орынсыз шығыннан аулақ болып, салқынқандылық танытқан жөн. Тоқты Бүгін байыпты шешім қабылдау қажет, әсіресе жұмысқа қатысты мәселелерде. Басшылықпен немесе әріптестермен маңызды әңгіме өтуі ықтимал. Жеке қарым-қатынаста сөзді салмақтап айтқан дұрыс. Торпақ Отбасы мен үй ішіндегі шаруалар назарға шығады. Тұрмыстық мәселелерді ретке келтіруге қолайлы күн. Қаржыға келгенде тәуекелге бармаған жөн. Егіздер Келіссөздер мен пікір алмасу үшін ыңғайлы уақыт. Жаңа ойлар мен ұсыныстар тууы…
Автор: Лейла Болтаева
Жыл қорытындысы бойынша Kcell Қазақстандағы ең жылдам мобильді интернеті бар оператор ретінде танылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Интернет қосылымының сапасын талдауға маманданған SpeedGeo платформасы байланыс нарығына арналған жыл сайынғы зерттеу нәтижелерін ұсынып, рейтингті пайдаланушылар жасаған нақты өлшемдер негізінде қалыптастырған. SpeedGeo-ның 2025 жылғы есебіне сәйкес, орташа жүктеу жылдамдығы көрсеткіші бойынша көшбасшылық Kcell компаниясына тиесілі. Оператор желісіндегі download speed 61,1 Мбит/с деңгейіне жетіп, осы нәтижемен елдегі мобильді байланыс операторлары арасында бірінші орынға шыққан. Зерттеу SpeedGeo платформасының V-SPEED мобильді қосымшасы арқылы жиналған краудсорсингтік деректерге сүйенеді. Қосымша интернет жылдамдығын пайдаланушылардың өз құрылғыларында өлшейді. Лабораториялық тесттерден айырмашылығы, өлшемдер абоненттердің күнделікті қолданатын ортасында – үйде немесе жұмыс…
Қонаев қаласында жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар белсенді түрде жалғасуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Өткен жылы қалада бірқатар маңызды жобалар қолға алынып, кейбірі өз мәресіне жетті. Соның ішінде туристік маңызы бар «Көшпенділер» қалашығына дейін 6,8 шақырымдық жаңа жол салынды. Жол бойы толықтай жарықтандырылып, қалашықтың кіреберісінде автотұрақ ашылды. Қалаға қарасты «Қарлығаш» ықшамауданында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мұнда ұзындығы 7,4 шақырым жол күрделі жөндеуден өтуде. Бұдан бөлек, 8,5 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолы салынып, аялдамалар мен көшені жарықтандыру жүйесі орнатылады. Аталған жоба биыл аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар кешенді даму жоспары аясында Шеңгелді ауылдық округіндегі төрт ауылда жалпы ұзындығы 29,2 шақырым жол жөнделді.…
Алматыда тұрғын үй құрылысы талаптары күшейтіледі. Бұған 1 шілдеде күшіне енетін жаңа Құрылыс кодексі негіз болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы қаласы қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен осы мәселеге арналған арнайы кеңес өтті. Қала басшысы құрылыс қауіпсіздігі күн тәртібінен түспейтінін атап өтті. Жаңа кодекс құрылыс саласындағы талаптарды күшейтумен қатар, орталықтандырылған цифрлық басқаруды енгізуге жол ашады. Әсіресе, сейсмикалық қаупі жоғары әрі тау етегінде орналасқан Алматы үшін бұл ерекше маңызды. Енді таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін міндетті түрде сейсмикалық микрозоналау жүргізіледі. Сонымен қатар сел қаупі, топырақ көшкіні сияқты қатерлер де ескерілетін болады. Мұндай аумақтарда жеңілдетілген жобалық шешімдерді қолдануға тыйым…
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тиісті орындар медициналық сақтандыру қорынан 26 миллиард теңгенің қолды болғанын анықтағанын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол: «Бір қарағанда, бұл медициналық сақтандыру қорының бүкіл қаражатының небәрі бір пайызы. Бірақ сол «бір пайыздың» өзі өте үлкен сома. Әрине, бұл қордың ақшасы түгел тоналып жатыр дегенді білдірмейді. Дегенмен қарапайым азамат пен мемлекет үшін бір теңгенің де ұрлануы үлкен мәселе екенін түсіну керек», – деп экс-министр ойын ортаға салды. – Бүкіл проблеманың себебі біреу-ақ, қор мен Денсаулық сақтау министрлігінің осы қаржы ағындарына нақты цифрлық бақылауы жоқ. Осы туралы қанша жылдан бері айтып келеміз. «Ақпараттық жүйелерді біріктіріп, интеграция жасайтындарын…
Елімізде ең ауқымды әлеуметтік бастамаға айналған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының екінші жылдық нәтижелері жарияланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бағдарламаның кезекті төлемдері қарсаңында Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қаражаттың есептелу мерзімін, тізімдерді қалыптастыру тәртібін және игерілмеген қаржының болашағы жайындағы сауалға жан-жақты жауап берді. Бағдарлама аясында 2006 жылы және одан кейін туған әрбір бала Ұлттық қордың инвестициялық табысынан 50 пайыз үлес алады. 2024 жылы бұл сома бір балаға 100,52 доллар болған еді. Жалпыға қызықты сұрақ – балалардың шоттарына ақша қашан түседі? БЖЗҚ нақты мерзімдерді белгіледі. «2025 жыл үшін мақсатты аударымдар мен инвестициялық табыс қатысушылардың шоттарына 2026 жылғы 1 ақпанға дейін есептеледі», –…
Қазақ қоғамында әнші-әртістердің өмірі үнемі ел аузында жүретіні жасырын емес. Бірде жұлдызын жағып, атағын аспандатса, енді бірде керісінше, олардың жігерін жасытып, көңіліне көлеңке түсіретіні рас, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Белгілі актриса Дариға Бадықова да соңғы уақытта осының бәрін бастан өткерді. Дегенмен, жұрттың сөзіне қаймықпаған ол бір жылдың ішінде табандылық танытып, қатарынан үш фильм түсіріп, өзінің нағыз шығармашылық әлеуетін көрсетті. Бүгін актриса әлеуметтік желідегі парақшасында: «Басқаның сөзіне мән беріп қайтемін? Сені жақсы көретін көрерменің бар емес пе дегенде кәдімгідей ойланып қаламын. Солардың ықыласынан қуат аламын», – деп ағынан жарылды. Иә, әртістің ең үлкен тірегі де, тілекшісі де көрермен ғой. Дариғаның көрермені көбейе берсін.…
19 қаңтарда аспан әсеріне Тауешкі белгісі басшылық етіп, тәртіпке, жауапкершілікке және жоспарлы әрекетке бейімдейтін, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін сезім мен эмоция екінші орынға шығып, логикалық ой мен есепке жүгінуге тура келеді. Жұлдызшылардың айтуынша, күн ұзақ мерзімді жоспар жасауға, қаржылық мәселелерді шешуге, құжаттармен жұмыс істеуге өте қолайлы. Асығыс шешім мен ретсіз шығыннан аулақ болған жөн. Ұстамдылық пен салқынқандылық қиын міндеттердің өзін жеңілдетуге септігін тигізеді. Тоқты Бүгін сізден байыптылық пен салмақты шешімдер талап етіледі. Жұмыста басшылықпен маңызды әңгімелер өтуі мүмкін. Жеке қарым-қатынаста сөзге сақ болыңыз. Торпақ Отбасыңыз бен үй ішіндегі мәселелер басты назарға шығады. Күнделікті тұрмыстық істерді шешуге қолайлы уақыт. Қаржыда тәуекелден…
АҚШ президенті Дональд Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқаратынын жария етті, деп жазады Ertenmedia.kz. Трамп Truth Social желісінде «Википедия» үлгісіндегі скриншот жариялады. Онда 2026 жылдың қаңтарынан бастап Венесуэла президентінің міндетін атқаратыны, сондай-ақ АҚШ президенті қызметін де сақтап қалғаны көрсетілген. Айта кетейік, 2025 жылдың желтоқсанында АҚШ Венесуэла президенті Николас Мадуроны және оның жұбайын Каракас қаласында арнайы операция арқылы тұтқындаған болатын. Кейін Мадуроның Бруклиндегі тергеу изоляторына жеткізілгені белгілі болды. Президент Трамп Венесуэлаға қатысты операция туралы айта келе, Американдық континентті өзге державалардың араласуына жабық аймақ деп жариялайтын Монро доктринасын еске салды. Сонымен қатар ол АҚШ-тың барлық жауларына Венесуэладағыдай операция жасалуы мүмкін екенін айтып,…
Әр ұлттың маңдайына біткен тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні, деп жазады Ertenmedia.kz. Дінмұхамед Ахметұлының тұлғасы қазақ тарихының жарқын парақтарының бірі ғана емес, тұтас бір дәуірдің келбетін айқындайтын айшықты белгісі. Өзіне артылған сенім мен жауапкершілік жүгін адал атқарып, елдің болашағы үшін аянбай қызмет еткен абзал азаматтың еңбегі уақыт өткен сайын биіктей бермек. Оның үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атануы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі дәрежесіне жетуі, техника ғылымдарының докторы атануы өзінің ерен еңбегі мен халыққа жасаған қызметінің айқын көрінісі. Ол басқарған тұста қазақ даласы өндірісті өркендетіп, ғылым мен білімді биікке көтеріп, мәдениеті мен өнері әлемдік деңгейде танылды. Қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігі…










