Кремльге жақын ресейлік олигарх Константин Малофеев айтқан Украина туралы ойы Ресей ақпарат кеңістігінде күтпеген саяси белгі ретінде қабылданды, деп жазады Ertenmedia.kz. Желіде тараған үзінділерде Малофеев Украинаға жеңілу Ресей үшін «ұят емес» деген мағынадағы пікір айтты. Ол мұны украиндарды «шын мәнінде орыстар» деп сипаттау арқылы түсіндіруге тырысқан. Ең қызығы Малофеев украиндардың ешқашан жеңілмейтінін, ешқашан бас имейтінін, соңына дейін күресетінін мойындапты. Малофеевтің кім екенін ескерсек, бұл жай кездейсоқ пікір емес. Ол «орыс әлемі» идеологиясына жақын, Царьград медиа жобасымен танылған, Украинаға қарсы ресейлік бағытты көптен қолдап келе жатқан тұлғалардың бірі саналады. АҚШ Қаржы министрлігі 2022 жылы оны Ресейдің санкцияны айналып өту және ықпал…
Автор: Лейла Болтаева
Алматыдағы Ғылым ордасында Халықаралық музейлер күні мен Халықаралық музейлер кеңесінің 80 жылдығына арналған «Музейлер кеңістігі: тарих пен болашақ үндестігі» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Мерекелік жиынға ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Медеу ауданы әкімдігі өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, музей саласының мамандары, жоғары оқу орындарының студенттері және қала тұрғындары қатысты. Шараның ашылуында «Ғылым ордасы» бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Д. Баринов музей қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, музей ісінің мемлекеттік және қоғамдық маңызына тоқталды. Ол ұлттық мұраны сақтау, тарихи жәдігерлерді жүйелі зерттеу және оларды жас ұрпаққа таныстыру бағытында музейлердің рөлі айрықша екенін атап өтті. Салтанатты…
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ел азаматтарының басым бөлігі елдің қазіргі даму бағытын оң бағалайтынын атап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. 2026 жылғы сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 84,4 пайызы Қазақстан дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді. Бұл көрсеткіш қоғамда қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық бағытқа қатысты оң көзқарастың басым екенін аңғартады. Аумақтық бөлініс бойынша қала мен ауыл тұрғындарының бағалауында айтарлықтай айырмашылық байқалмайды. Қала тұрғындарының 84 пайызы елдің даму бағытын оң бағалаған. Ауыл тұрғындары арасында бұл көрсеткіш 85,2 пайызға жетті. Мұндай дерек азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан, елдегі қазіргі бағытты ұқсас қабылдайтынын…
Алматыда 18-22 мамыр аралығында электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қалалық электр желілеріндегі жоспарлы жұмыстар кестесін жариялады. Компанияның түсіндіруінше, мұндай жұмыстар міндетті түрде жарықты толық өшіру дегенді білдірмейді. Жөндеу нақты учаскелерде жүргізіледі, ал тұтынушыларды резервтік желіге қосу мүмкін болмаған жағдайда ғана электр қуаты уақытша шектелуі ықтимал. 18 мамырда 18 мамырда сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жұмыстар Көк-Қайнар шағынауданындағы Бенберин көшесі, Әйгерім-1 шағынауданындағы С.Ашимов және Наби көшелерінде жарық болмайды. Сол сияқты Шаңырақ-1 шағынауданындағы Өтемісұлы, Асан қайғы, Мұрагер, Орбұлақ, Ертарғын көшелері, Райымбек даңғылы, Крылов, Скрябин, Ратушный көшелері маңында жүргізілуі мүмкін. Сонымен қатар Жандосов – Гагарин –…
Продюсер Гүлзира Айдарбекова кәсіпкер әрі блогер Сәуле Базарханның қазасына байланысты әлеуметтік желіде көңіл айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Өнер иесі марқұмның өмірден өткенін ауыр қабылдағанын жазды. Оның айтуынша, соңғы күндері Сәулемен бірге түскен сәттерін сториске жариялап жүрген. Продюсер қуанышын да, қайғысын да көпшілікпен бөлісетінін айтып, бұл жолғы жазбасы жүрегіне қатты батқанын жеткізді. Гүлзира Айдарбекова екі түн ұйықтай алмағанын, Сәуленің «Гүлеке» деп күліп кіріп келетіндей, қоңырау шалатындай болып елестейтінін айтты. Ол Ташкенттегі концертке барар алдында Шымкентке демалыс ұйымдастырып, ертерек ұшып кеткен. Ұшақ қонған сәтте жақындары мен құрбыларынан көп қоңырау түскенін көріп, суық хабарды естіген. Продюсер қонақтарын қалдырып, қайта ұшып кеткенін, марқұмды жер…
Astana LRT жолаушылары Halyk Bank акциясы арқылы әр сапар құнын бонус түрінде қайтара алады, деп жазады Ertenmedia.kz. Halyk Bank 2026 жылғы 16 мамырдан 31 шілдеге дейін арнайы акция іске қосты. Осы кезеңде Halyk SuperApp клиенттері мен Halyk картасының иелері Astana LRT жолақысын төлеген кезде төлем сомасының 100 пайызы көлемінде бонус ала алады. Акцияға қатысудың бірнеше жолы бар. Жолаушы жолақыны Face Pay арқылы төлей алады, CTS бокстық терминалын пайдалана алады, Halyk SuperApp қосымшасында LRT-ға арналған жол жүру билетін сатып ала алады немесе сол қосымша арқылы көлік картасын толықтыра алады. Бонустар төлем жасалғаннан кейін автоматты түрде есептеледі, қосымша өтініш берудің қажеті жоқ.…
«Қазгидромет» 18 мамырға арналған ауа райын жариялады. Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, кей өңірде найзағай, шаңды дауыл, тұман, бұршақ және үсік күтіледі. Сонымен қатар көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Шымкентте желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Қалада жоғары өрт қаупі күтіледі. Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл болады. Желдің екпіні кей жерде 23 м/с дейін күшейеді. Түркістан қаласында да жоғары өрт қаупі сақталады. Абай облысында түнде және таңертең кей жерде тұман түседі. Жел екпіні 15–20 м/с болады. Түнде жекелеген аудандарда топырақ бетінде -1 градус үсік күтіледі.…
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Үржар ауданына «Қаладан ауылға» жобасы аясында қоныс аударған отбасылардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Аймақ басшысы көшіп келген тұрғындармен кездесіп, олардың әлеуметтік жағдайын көрді. Қазіргі уақытта Үржар ауданына 16 отбасы, жалпы саны 66 адам қоныс аударған. Оның 45-і – балалар. Көшіп келушілерге тұрғын үйлер дайындалып, қажетті тұрмыстық жағдайлар жасалған. Ірі шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары тарапынан отын-көмір, азық-түлік және басқа да қажетті тұрмыстық заттармен көмек көрсетілуде. Облыс әкімі Шымкент қаласынан Үржар ауданының Қазымбет ауылына көшіп келген Расул Керімбек пен Фируза Байхоразовамен жүздесті. Отбасында тоғыз адам тұрады. Еңбекке қабілетті бір адам жұмыспен қамтылып, алдағы уақытта жеке кәсіпкер ретінде тіркелу…
Шығыс Қазақстан облысында Халықаралық отбасы күні аясында өткен «Ғасырлық дәстүрлер» халықаралық фестивалінде қазақтың сәндік-қолданбалы өнері бойынша екі бірдей әлемдік рекорд тіркелді, деп жазады Ertenmedia.kz. Фестивальдің басты жаңалығы «Аламан құрақ – 2026» жобасының Global Best of Records халықаралық рекордтар кітабына енуі болды. Қазақтың көне құрақ құрау дәстүріне негізделген жоба ұлттық қолөнердің әлемдік деңгейде танылуына жол ашты. Құрақ өнері қазақ тұрмысында тек мата қиындысын біріктіру тәсілі емес, үйдің берекесін, ананың мейірімін, отбасының жылуын сақтайтын ерекше мәдени белгі саналады. Рекордтық жоба аясында көпшілікке ені 60 сантиметр болатын «Жылқы» сәндік жастықтары ұсынылды. Ұлттық нақышпен тігілген бұйымдарда қазақ танымындағы еркіндік, күш, тектілік және дала мінезінің…
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның іске асырылу барысын тексерді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында жобаларды қаржыландыру, отандық тауар өндірушілер өнімдерін пайдалану деңгейі, сатып алу рәсімдері және тұрғын үй көмегін проактивті форматта көрсету мәселелері қаралды. Ұлттық жобаның электрондық платформасында жалпы құны шамамен 1,4 трлн теңге болатын 520 жоба тіркелген. Соның ішінде 554 млрд теңге сомасындағы 244 жоба сатып алу рәсімдерінің әртүрлі кезеңінде тұр. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, пилоттық жобаларды қоса алғанда, жалпы құны 371 млрд теңгеден асатын 127 жоба бойынша конкурстық рәсімдер аяқталған. Қазір жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл ұлттық жоба аясында «қызыл…










