Алматы қаласында қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтар мен веложолдар желісі кеңейтіліп, бірқатар көшеде біржақты қозғалыс енгізу қарастырылып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Диханбаевтың айтуынша, мегаполисте көлік инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қазір қалада 26 тасымалдаушы 206 тұрақты қалалық және қала маңындағы бағытқа қызмет көрсетеді. Қоғамдық көлік паркі 3 108 автобустан тұрады, ал маршруттардағы қозғалыс тұрақтылығы 99 пайызға жеткен. Алматыда 2025 жылдың басынан бері №21, №61, №64, №83, №84, №90, №96 және №130 бағыттары іске қосылды. Осы маршруттарға 105 автобус шығарылған. Сонымен қатар 10 бағытта жылжымалы құрам жаңартылып, 162 жаңа автобус берілді. Тағы 49…
Автор: Лейла Болтаева
Орал қаласында Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясының камералық залында ақын, әнші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ақсұңқар Ақынбабақызының шығармашылығына арналған ән-жыр кеші өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. «Алтай менен Ақжайықтың арасы» деп аталған рухани кешке жыр сүйер қауым көп жиналды. Кеш атауының өзі алыстағы Алтай мен қасиетті Ақжайық арасын жалғаған сағыныштың, өнердің және рухани сабақтастықтың белгісіндей әсер қалдырды. Әдеби-сазды кеш ақынның өмір жолы мен шығармашылық белестерін танытатын арнайы бейнебаянмен ашылды. Экраннан өрілген сырлы сәттер көрерменді Ақсұңқар әлеміне жетелесе, сахна төрінде оқылған лирикалық өлеңдер көпшілік көңілін тербетті. Сонымен қатар ақынның өз сөзіне жазылған әндер орындалып,…
Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар күре жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуық болса, оның 303 шақырымы БҚО аумағынан өтеді. Биыл өңірде осы бағыттағы жолды орташа жөндеу бойынша 3 жоба іске асырылуда. Облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй бастаған құзырлы құрылым өкілдері мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының директоры Асылбек Марданов мердігер ұйымдармен кездесіп, құрылыс барысын тексерді. «Атырау–Орал» автожолының 189–249 шақырым аралығын «Айдана» ЖШС жөндеп жатыр. Жоба құны 8,5 млрд теңгеге жуық. Мұнда 20 шақырым жол ресайклинг әдісімен ретке келтіріледі. Кейін 60 шақырым жолдың төменгі қабатына ірі түйіршікті, жоғарғы қабатына ұсақ…
Threads желісінде қазақстандық әйел қарт әкесінің зейнетақысы түскен бойда жеке сот орындаушысы арқылы толық ұсталып қалғанын жазды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Автордың айтуынша, әкесіне алғаш рет 289 мың теңгеден астам зейнетақы түскен. Алайда ақша картаға түскеннен кейін бірден есептен шығарылған. Жарияланған банк үзіндісінде 218 100 және 71 191 теңге көлеміндегі екі төлем түскені, кейін сол сомалардың толық ұсталғаны көрсетілген. «Заң бойынша зейнетақының 50 пайызынан артық ұстамауы керек деп естіген едім», деп жазды Threads қолданушысы. Заңға сәйкес, атқарушылық іс жүргізу кезінде азаматтың зейнетақысы мен өзге табысынан ұсталатын сома әдетте 50 пайыздан аспауы тиіс. Бірақ алимент немесе кейбір берешек түрлері бойынша ерекше тәртіп…
Астанада көші-қон саясатын жаңарту және шетелдік мамандарды тарту тетіктері талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Эльдар Күзембаев өткізген жұмыс кездесуіне «Отандастар қоры», «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Халықаралық көші-қон ұйымы, бизнес қауымдастық өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар қатысты. Жиында Қазақстанға шетелдік капитал тарту, жоғары білікті мамандарға, инвесторлар мен кәсіпкерлерге қолайлы көші-қон тәртібін қалыптастыру мәселесі қаралды. Эльдар Күзембаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елде көші-қон ағындарын реттеудің сервистік әрі бәсекеге қабілетті жаңа моделі әзірленіп жатыр. Негізгі құралдың бірі ретінде «Алтын виза» институты енгізілмек. Ол инвесторлар мен сұранысқа ие мамандарға Қазақстанда ұзақ мерзім жұмыс істеуге және…
Қазақстандықтар мобильді аударымдарға қатысты салық органдарынан келуі мүмкін хабарламаны алаңдап күтіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. 1 қаңтардан бастап банктер мобильді аударымдар туралы мәліметті салық органдарына бере бастады. Мемлекеттің негізгі мақсаты көлеңкелі бизнесті анықтау. Яғни тауар сатып, қызмет көрсетіп, бірақ төлемді жеке картаға қабылдайтын, ресми тіркелмеген кәсіп иелерін заңды алаңға шығару көзделіп отыр. Алайда қарапайым азаматтар да алаңдаулы. Себебі күнделікті тұрмыста мобильді аударымсыз жүретін адам аз. Бірі ата-анасына ақша жібереді, бірі баласына көмектеседі, енді бірі сыныпқа перде алуға, балабақша тобына сыйлыққа, туған күнге немесе ортақ сатып алуға ақша жинайды. Осындай тұрмыстық аударымдар салық органдарының назарына ілігіп кетпей ме деген сұрақ көбейді.…
Түркістан облысы жылыжай шаруашылығын дамыту бойынша республикадағы жетекші өңір саналады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір еліміздегі жылыжайлардың 72 пайызы осы облыс аумағында орналасқан. Өңірде жалпы аумағы 1 006,7 гектарды құрайтын 3 366 жылыжай жұмыс істейді. Соның ішінде 62,5 гектарды қамтитын 17 өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай және 944,2 гектар аумақта орналасқан фермерлік жылыжайлар бар. Өткен жылы Түркістан облысында 113 мың тонна көкөніс өндірілді. Осы өнімдер маусымаралық кезеңде республика халқының көкөніске деген қажеттілігінің 45 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Демек, өңір жылыжайлары елдің азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінде ерекше орын алады. Жылыжай шаруашылықтарын қолдау үшін 2023 жылдан бастап электр энергиясы, газ және көмір шығындарын ішінара субсидиялау шаралары…
Жетісу облысында қоңыр аю Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы қонақ үй үйшігіне кірмек болған, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан тауда орналасқан қонақ үйлердің біріне келген жыртқыштың ізі анық көрінеді. Аю ішке кіруге тырысып, темір есікті жұқа қаңылтырдай майыстырып кеткен. Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Ұлттық парк әкімшілігінің мәліметінше, жағдай Аттапқан шатқалында болған. Мамандардың алдын ала дерегіне қарағанда, аю аталған аумаққа тағам иісіне елітіп келген болуы мүмкін. «Тянь-Шань қоңыр аюы адамға сирек шабуыл жасайтын жануарлар қатарына жатады. Алдын ала мәлімет бойынша, аю көрсетілген аумаққа тағам иісіне байланысты келген. Оқиға салдарынан зардап…
20 мамырға арналған жұлдыз жорамал барлық зодиак белгісіне әңгімеге, жаңалыққа және күтпеген ұсынысқа мұқият қарауға кеңес береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Күн хат алмасуға, кездесуге, қысқа сапарға және алдағы жоспарды талқылауға қолайлы. Бірақ кешке қарай қарқынды бәсеңдеткен дұрыс. Шаршауды дау-дамайға айналдырмауға тырысыңыз. Тоқты бүгін тез келісімге келу қабілетін тиімді пайдаланады. Бірақ әр хабарламаға бірден жауап берудің қажеті жоқ. Жұмыста қоңырау, қысқа кездесу және ұсақ детальды шатастырмауды талап ететін тапсырмалар көбеюі мүмкін. Кешке серуендеу немесе спортпен айналысу іште жиналған ашуды жақындарға төкпеуге көмектеседі. Торпақ шығын, сатып алу және өз еңбегінің құны туралы көбірек ойлануы мүмкін. Әдемі сөз көп, бірақ ақша мен мерзімге…
АҚШ Сенаты Әсел Робертсті Словения Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының төтенше және өкілетті елшісі қызметіне бекітті, деп жазады Ertenmedia.kz. АҚШ Сенатының ресми дерегіне сәйкес, Әсел Робертстің кандидатурасы 2026 жылғы 18 мамырда бекітілді. Сенаттағы дауыс беру қорытындысы бойынша оның кандидатурасы 46 дауыс қолдап, 43 дауыс қарсы болып өткен. Ақ үй бұған дейін, 2026 жылғы 11 ақпанда, оны Словениядағы АҚШ елшісі қызметіне ұсынған болатын. Бұл жаңалық Қазақстан үшін де ерекше мәнге ие. АҚШ-та дипломатиялық қызметтің жоғары сатысына көтерілген Әсел Робертс, ашық деректерде көрсетілгендей, Қазақстанда дүниеге келген. Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі оны АҚШ тарихында елші қызметіне бекітілген алғашқы этникалық қазақ ретінде құттықтады. Осы тұрғыдан алғанда,…










