12 желтоқсан жұлдыз жорамал энергиялық үйлесім мен айқындыққа бастайтын күн. Көп нәрсе өз ретімен шешіліп, әр адам өзі іздеген жауаптарын табуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір) Бүгін Тоқтыларға сезім мен ақылдың тепе-теңдігін сақтау маңызды. Іштегі күмән мен сұрақтарды бір ретке келтіретін күн. Қарбаласқа түспей, сабыр сақтап, әр қадамыңызды ойланып бассаңыз, табысқа жетесіз. Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр) Торпақтар үшін бүгінгі күн – күтпеген мүмкіндіктерге толы. Жоспарламаған жағдайда қызықты ұсыныстар түсіп, қаржылық мәселеңіз оң шешілуі ықтимал. Кешке жақын отбасылық жиын көңіліңізге жылулық сыйлайды. Егіздер (21 мамыр – 20 маусым) Егіздер бүгін ішкі түйсікке құлақ асқаны…
Автор: Лейла Болтаева
Әнші Мейрамбек Бесбаев Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісованы туған күнімен ерекше құттықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Әлеуметтік желідегі парақшасында әнші бала кезінде Мақпал Жүнісовамен бірге түскен суретін жариялап, оған арнаған өлең жолдарын оқырманмен бөлісті. «Мақтаулы Мақпал, Тәтті әнді Мақпал! Тербеткен ән боп, Бақтарды Мақпал! Ақжүрек Мақпал, Ән – жүрек Мақпал! Ел үшін туған, Елжіреп Мақпал! Тағдырлы Мақпал, Ән-жырлы Мақпал! Сахна сәні, Сан қырлы Мақпал! Нәзік үн Мақпал, Сазы – мұң Мақпал! Әніңмен егіз, Әзілің Мақпал! Күлкің-ай, Мақпал, Шіркін-ай, Мақпал! Сақтасын сұқтан, Бір Құдай, Мақпал! Әпкетайым, туған күніңізбен!» – деп жазды Мейрамбек Бесбаев. Айта кетейік, әнші Мақпал Жүнісова 1963 жылы 11 қаңтарда…
Белгілі экономист Олжас Құдайбергенов көпшілікке ел азаматтары жасаған такси қосымшаларын пайдалануға кеңес берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол жақында елімізде жасалған отандық такси сервисі Aparu қосымшасын тауып алғанын алға тартты. «Бұрын байқамаппын, ал шын мәнінде ол миллион рет жүктелген екен. Әрине, қосымша авторларын, директорын немесе қызметкерлерін танымаймын. Бірақ елімізде осындай сервис бар болғанына кәдімгідей қуанып қалдым», – дейді білікті маман. – Артынша ғаламторды ақтарып, елімізде осыған ұқсас тағы бірнеше отандық сервистің бар екенін көрдім. Олардың ішінде Sooncar.kz, Jetem App, Alaman.app, Elim Taxi, Motor Taxi, NomadGo бар екен. Содан соң шетелдік такси қосымшасын ұялы телефонымнан біржола өшірдім. Бұған дейін басқа шетелдік сервистерді…
Желтоқсан көтерілісі кезінде Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Қалматаев қазақ жастарына ара түсіп, бір кісідей қиянат көрді, деп жазады Ertenmedia.kz. 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасы басталғанда алаңға шыққан жастарды бастапқыда шынымен тәртіп бұзған шығар деп ойлағанмын. Бірақ кез келген құқық бұзушылықтың заңды жазалау жолдары бар еді. Ал ол кезде жазалаудың ең сорақы әрі дөрекі тәсілі қолданылды. Алаңға шыққан жастарды солдаттар аяусыз соққының астына алды. Жігіттерді ғана емес, қыздарымызды да шашынан сүйреп, шешіндіріп, мұзға жатқызып қойды. Олар басын көтере бергенде, дубинкамен ұрып, есінен тандырып отырды. Бұл қатыгездікке шыдай алмай, Мәскеуден келген Кеңес Одағы Ішкі істер министрінің орынбасарына қарсы шықтым. Қазақстан Компартиясы Орталық…
Танымал блогер Қайсар Хамза қаржы мониторингі агенттігінің бастамасымен іздеуге жарияланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қайсар Хамзаның есімі әлеуметтік желілерде кеңінен танымал. Оның Instagram парақшасында 2,4 миллионнан астам оқырманы бар. Соңғы жылдары блогер әртүрлі онлайн-ойындар мен ұтыс ұйымдастыру арқылы көпшілікке танылған еді. Алайда 2025 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігі Қайсарды заңсыз онлайн-ойындар мен ұтыстар өткізгендер тізіміне қосқан болатын. Сол кезде оған 1 миллион 179 мың 600 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Қазіргі таңда Қаржы мониторингі агенттігі Қайсар Хамзаны қаржылық заң бұзушылықтарға қатысты күдікпен іздеп жатыр. Құзырлы орган блогерді табу мақсатында ресми іздеу шараларын бастағанын хабарлады. Айта кетейік, Қайсар Хамза соңғы жылдары…
Қазақстанның киберспортшысы Данил «molodoy» Голубенко Counter-Strike 2 ойыны бойынша беделді HLTV Awards сыйлығының «2025 жылдың үздік жаңа ойыншысы» номинациясын жеңіп алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты марапаттау рәсіміне Голубенко ұлттық нақыштағы шапан киіп шығып, сахнадағы сөзін «Алға, Қазақстан!» деген ұранмен аяқтады. Оның бұл әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Осы ретте айта кетерлігі, балаларыңыз уақытын CS2 ойынымен өткізсе, олардың арасында да болашақ «жұрттың баласы» өсіп келе жатуы әбден мүмкін. Айтпақшы, Қазақ Ұлттық университетінің оқу корпустары мен жатақханаларының шатырларына инвестор есебінен күн панельдері орнатылды.
Николас Кейджден ұрланған әйгілі «Action Comics №1» комиксі рекордтық бағаға сатылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Аты аңызға айналған Супермен туралы алғашқы «Action Comics №1» комиксі рекордтық 15 миллион долларға сатылып, комикстер мен коллекциялық бұйымдар нарығындағы тарихтағы ең қымбат сатылым болды. 1938 жылы алғаш рет жарық көрген бұл комикс сол кезде бар болғаны 10 центке сатылған еді. Нью-Йорк қаласындағы Metropolis Collectibles/ComicConnect компаниясының брокерлері Стивен Фишлер мен Винсент Зурзоло бұл комиксті «комикс әлеміндегі Мона Лиза» деп атады. Сатылымды Нью-Йорк қаласындағы Metropolis Collectibles/ComicConnect компаниясы жүзеге асырды. Сатып алушы мен сатушының есімдері құпия сақталды. Бұған дейін қараша айында орнатылған 9,1 миллион долларлық Superman №1 комиксінің…
Бүгінгі күннің энергиясы екіге бөлінеді біреулер үшін күш-қуат тасып, жаңа белестерге жол ашылса, енді бірі тыныштықты таңдап, бәрін тағдырдың ағысына тапсырады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бәріне бірден ұмтылудың орнына, нақты істі қолға алған жөн немесе барлығын бос жіберіп, тынығуға ден қою керек. Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір) Тоқты бүгін таудан құлаған селдей күш-қуатқа толы болады. Бұл қуатты дұрыс бағытқа жұмсасаңыз, бір күнде өзгелердің бір айлық жұмысын атқара аласыз. Бірақ керісінше болса, бұл энергия өзіңізге зиян әкелуі мүмкін. Сондықтан әр қадамыңызды ойластырып басыңыз. Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр) Торпақ үшін бүгінгі күн – ештеңеге асықпайтын, жан тыныштығын сыйлайтын уақыт. Жағдайды…
Қызылордадағы «Өнер орталығында» Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен білім саласындағы маңызды мәселелерді талқылаған кеңейтілген мәжіліс өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов және Мұрат Ергешбаев қатысты. Сондай-ақ құқық қорғау органдары мен аумақтық басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, ата-аналар комитеті, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі мамандар бас қосты. Тәрбие мен тәртіп талабы Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жиынды аша отырып, жас ұрпаққа берілетін тәрбиенің салмағы артқанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «тәртіп жалпыға ортақ құндылыққа айналуы тиіс» деген қағиданы алға тартып отыр. Әсіресе,…
Қазақ ұлттық университетінің оқу корпустары мен жатақханаларының шатырларына инвестор есебінен күн панельдері орнатылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңғырту жұмыстары аясында шатырлар толықтай жаңартылды. Тозған жабындылар алынып, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ қоқыстар шығарылып, қара қағаз төселді. Жаңартылған суағар жүйелері орнатылып, жауын-шашыннан қорғаныс күшейтілді. Жоба құны 1 миллиард теңгені құрайды. Ең маңыздысы, бұл ауқымды жұмыстар университет бюджетіне ешқандай салмақ түсірмей, инвесторлардың қолдауымен жүзеге асырылды. Университеттің энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жалпы қуаты 994 кВт болатын 1390 күн панелі орнатылды. Олар жылына 3,39 миллион кВт/сағат электр энергиясын өндіруге қабілетті. Бұл ҚазҰУ-дың қазіргі энергия тұтынуының 35 пайызын қамтуға мүмкіндік береді. Жалпы аумағы 20 мың шаршы…










