2026 жылғы 16 мамырда Түркістан қаласында жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологияларын тәжірибелік тұрғыда қолдануға көшкен алғашқы елдердің бірі болып отыр. Жоба оңтүстіктегі су тапшылығы мен құрғақшылық салдарын азайтуға, су қоймаларын толықтыру деңгейін арттыруға және ауыл шаруашылығы аумақтарын қосымша су ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған. Толық ауқымда іске асыру жұмыстары 2026 жылғы 17 мамырда басталады. Жаңа технология Түркістан облысындағы жалпы көлемі 911 мың гектардан асатын егістік жерге әсер етіп отырған құрғақшылық тәуекелін төмендетуге арналған. Оңтүстік өңір үшін су мәселесі жай ғана табиғи құбылыс емес, егін өнімділігіне, шаруалардың табысына, азық-түлік…
Автор: Лейла Болтаева
Астанадағы «Barys Arena» спорт кешенінде Counter-Strike 2 бойынша PGL Astana 2026 халықаралық турнирі басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жүлде қоры 1,6 млн АҚШ долларын құрайтын жарысты PGL Esports SRL ұйымдастырып отыр. Турнирге әлемдік деңгейдегі 16 команда қатысуда. Олардың қатарында Team Spirit, G2 Esports, FURIA Esports және Heroic секілді киберспорттағы танымал ұжымдар бар. Ірі додаға арнайы шақырылған қонақтар да аз емес. Олардың арасында Counter-Strike бойынша әлем чемпионы Дәурен Қыстаубаев, FURIA Esports ойыншысы Даниил Голубенко, стример Слава Бустер, PGL турнирлерінің жүргізушісі James Banks, сондай-ақ әлем чемпионы Габриель Толедо бар. PGL Astana 2026 турнирі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған…
«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Республикалық қоғамдық қабылдау алаңында азаматтармен кездесіп, ел ішіндегі өзекті әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді тыңдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қабылдауға келген тұрғындар су желілерін жаңарту, елді мекендерді газдандыру, байланыс сапасын жақсарту, еңбек құқығын қорғау, пошта қызметін жолға қою, ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету және білім беру инфрақұрылымын дамыту секілді бірқатар мәселені көтерді. Партия төрағасы әр өтінішті жеке тыңдап, тиісті бағыттар бойынша жұмыс жүргізілетінін айтты. Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының тұрғыны Бейбіт Қасенов аудан орталығындағы су желілерінің әбден тозғанын жеткізді. Оның айтуынша, желілер 30 жылға жуық уақыт бойы күрделі жөндеу көрмеген. Қазір инфрақұрылымның 60-70 пайызы ескіргендіктен, тұрғындарды сапалы…
Қарасай ауданында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Қаскелең өзені аумағында экологиялық сенбілік ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. «Таза өлке – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбымен өткен шараға аудан тұрғындары, еріктілер, белсенді жастар, діни бірлестік өкілдері және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қатысты. Жалпы сенбілікке 100-ден астам адам жиналып, өзен жағалауын тазалау жұмысына үлес қосты. Игі бастаманың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдысын күшейту және қоғамда тазалық мәдениетін дамыту. Сонымен қатар тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға, өзен-көл маңын таза ұстауға және ортақ кеңістікке жанашырлықпен қарауға үндеу көзделді. Сенбілік барысында Қаскелең өзенінің жағалауы тұрмыстық қалдықтан тазартылды. Қатысушылар қураған шөпті, бей-берекет…
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы жаңадан тағайындалған Бас консулы Джафар Заманимен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуде тараптар өңір мен Иран арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Әсіресе инвестиция, көлік-логистика, туризм, мәдени-гуманитарлық байланыс, балық шаруашылығы және ауыл шаруашылығы салаларына басымдық берілді. Сонымен қатар виза рәсімдеу, көші-қон және кеден саласындағы өзекті мәселелер де қаралды. Нұрдәулет Қилыбай Джафар Заманиді жаңа қызметімен құттықтап, Маңғыстау облысының Каспий маңындағы көлік-логистикалық және инвестициялық әлеуетіне тоқталды. Облыс әкімінің айтуынша, өңір бүгінде халықаралық транзиттік бағыттар тоғысатын маңызды хабтардың біріне айналып келеді. – Маңғыстау облысы бүгінде Каспий маңындағы маңызды көлік-логистикалық және инвестициялық хабтардың біріне айналып…
Әлемге әйгілі парсы кілемдерін тоқу технологияларының бастауы Орталық Азиядан шыққаны айтылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы Өскемен қаласында өткен «Ғасырлар дәстүрі» халықаралық кілем тоқу фестивалінің ашылуына арналған көшпелі баспасөз конференциясында мәлім болды. Мамандар кілем тоқу өнерінің тарихы екі мың жылдан астам уақытқа созылатынын және оның қалыптасуы көшпелі өркениетпен тікелей байланысты екенін атап өтті. Қазақстандағы «Global BEST of RECORDS» халықаралық рекордтар кітабының ресми өкілі, тарих профессоры Қуандық Құдайбергенов біраз жайтты айтты. Ол Орталық Азия көне кілем тоқу дәстүрінің маңызды ошақтарының бірі саналады. Ол екі мың жылдан астам тарихы бар Берел қорғандарын осы өнердің бастауларымен байланыстыра қарастыруға болатынын айтты. Профессор парсы кілемдері…
2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасына жалпы құны 476,9 млрд теңге болатын 28 инвестициялық жоба тартылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, жаңа жобалар өңдеу өнеркәсібі, туризм, денсаулық сақтау, көлік және логистика сияқты негізгі салаларды қамтыды. Соның нәтижесінде мегаполисте 6,7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Инвестицияның негізгі бөлігі алты ірі жобаға тиесілі. Олардың жалпы құны 440,5 млрд теңгені құрайды. Бұл бастамалар Алматының өндірістік қуатын арттырып, өнеркәсіп әлеуетін күшейтуге және жергілікті өнім шығару көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 2026 жылы қаланың инвестициялық саясаты жоғары технологиялық өндірісті дамытуға, импортты алмастыруға және индустриялық инфрақұрылымды кеңейтуге бағытталмақ. Осы арқылы Алматы тек…
Алматыда «Алматы жастары» жеңілдетілген ипотека бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау қайта басталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Құжат қабылдау 2026 жылғы 1 маусымнан 15 маусымға дейін жүргізіледі. Өтінім тек электронды форматта kezekte.kz порталы арқылы қабылданады. Қатысушылар электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалануы керек. Бағдарлама аясында 20 млн теңгеге дейін тұрғын үй заемын алуға болады. Несие мөлшерлемесі жылдық 5 пайызды құрайды. Бастапқы жарна кемінде 10 пайыз болуы тиіс. Баспананы бастапқы және қайталама нарықтан сатып алуға рұқсат етіледі. Бағдарламаға Алматыда тұратын 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Жеңілдетілген ипотека денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, медиа саласында ресми жұмыс істейтін мамандарға, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен коммуналдық…
Қазақстан жол құрылысына қажетті битумға деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұған Caspi Bitum зауытының қуатын кеңейту жобасы әсер етті. Кәсіпорында мұнай өңдеу көлемі жылына 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайтылды. Соның нәтижесінде жол битумын өндіру қуаты жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін артты. Аталған жоба Энергетика министрлігі іске асырып жатқан мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасы аясындағы алғашқы нақты шаралардың бірі болды. Қазір Қазақстанда жол битумын өндіретін 4 зауыт жұмыс істейді. Олардың жалпы қуаты жылына 1,6 млн тоннаны құрайды. Көлік министрлігі мен «ҚазАвтоЖол» дерегіне сәйкес, 2026 жылы ішкі нарыққа шамамен 1,1 млн…
Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде әріптесі Роза Рымбаеваның сұхбатынан кейін өзіне қатысты тараған әңгімеге жауап берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Өнер иесінің айтуынша, Роза Рымбаеваның «кейбір әншілердің концертіне адамдарды әкімдік күштеп кіргізеді» деген сөзі желіде Мақпал Жүнісоваға қатысты айтылғандай қабылданған. Осыдан кейін бірқатар қолданушы оның концерттеріне көрермен әкімдік арқылы жиналады деген пікір жазған. Мақпал Жүнісова мұндай әңгімені үзілді-кесілді жоққа шығарды. Әнші өмірінде әкімдікке барып, концерт ұйымдастырып беруді сұрамағанын айтты. Оның сөзінше, сахнадағы кештеріне халық өз еркімен келеді. Өнер иесі мұндай пікір айтатын адамдарға нақты дәлелге сүйену керегін ескертті. Ол қажет болса, гастрольдік сапарға бірге шығып, концертке көрерменнің қалай жиналатынын тексеруге…










