Автор: Лейла Болтаева

Алматы қаласы

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының Turkistan газетіне берген сұхбатында айтылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында әкім шағын және орта бизнесті қолдау, туризмді дамыту, әлеуметтік саладағы бастамалар мен білім беру жүйесін жетілдіруге ерекше назар аударды. Қаладағы кәсіпкерлік саладағы жетістіктерге тоқталған әкім бүгінде Алматыда 405 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеп тұрғанын айтты. Шағын және орта бизнес қаланың экономикасына қосып отырған үлесі 60%-ға жеткен, ал осы секторда еңбекке жарамды тұрғындардың шамамен 90%-ы жұмыспен қамтылған. 2025 жылы шағын және орта бизнес субъектілерінен қала бюджетіне 1,2 трлн теңге салық түсімі түскен. Туризм бағытында да…

Толық оқу
Маңғыстау облысы Нұрдәулет Қилыбай NCOC

Маңғыстау облысында North Caspian Operating Company компаниясы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық бастамалар жүзеге асыруда, деп жазады Ertenmedia.kz. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай NCOC компаниясының басқарушы директоры Джанкарло Руюмен өткізген кездесуде көптеген мәселелер талқыланды. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ Маңғыстау аумағында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, NCOC қолдауымен биыл көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаев дүниеге келген Оңды ауылында кешенді абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар теңіз жағалауын қайта жаңғырту және Ақтаудағы «Ақбота» саябағын жаңарту жобалары қарастырылған. Әлеуметтік салаға бағытталған нақты қадамдардың бірі ретінде өңірдің жедел медициналық көмек қызметін нығайту мақсатында толық жабдықталған 20 жаңа…

Толық оқу
Түркістан қаласы

Түркістан облысы елді мекендерді бас жоспармен қамту көрсеткіші бойынша республика көлемінде алтыншы орында тұр, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірде жалпы 801 елді мекен бар, соның 794-і бүгінде бас жоспармен қамтылған. Қалған жеті елді мекеннің бас жоспарын 2026 жылы толық аяқтау жоспарланып отыр. Сәулет және қала құрылысы саласындағы өзекті мәселелер облыс әкімдігі жанындағы мәжілісте арнайы қаралды. Жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты күшейтуді тапсырды. Өңір сәулетін жаңарту Өңір басшысы сәулет пен қала құрылысы бағытында еліміздің өзге аймақтарының және шетелдің озық тәжірибесін кеңінен қолдану қажеттігін атап өтті. Аудан және қала орталықтарының сәулеттік келбетін жақсарту, урбанистикалық дамуды…

Толық оқу
Мадуро Силия Флорес Венесуэла

Николас Мадуромен бірге ұсталған жұбайы Силия Флоресті Венесуэладағы ең ықпалды әйелдердің бірі болған, деп жазады Ertenmedia.kz. АҚШ арнайы жасағы 3 қаңтарға қараған түні Каракаста Венесуэла басшысы Николас Мадуроны ұстау кезінде оның жұбайы Силия Флоресті де қамауға алған. Қоғам назарында көбіне Мадуроның өзі жүргенін білеміз. Бірақ режимді зерттеген сарапшылар Силия Флоресті елдегі ең ықпалды саяси фигуралардың бірі деп сипаттап отыр. Чавестен Мадуроға дейін Силия Флорес 1956 жылы Венесуэланың солтүстік-батысындағы шағын ғана Тинакильо қаласында дүниеге келген. Жергілікті тұрғындардың естелігіне қарағанда, оның отбасы бастапқыда жер еденді қарапайым лашықта тұрған. Кейінірек отбасы Каракасқа көшкен. Оқудағы үлгерімі арқасында Флорес жекеменшік университетке түсіп, қылмыстық құқық мамандығын…

Толық оқу
Әскерге шақыру

Әскерге шақыру науқаны кезінде азаматтардың әскери қызметке жарамдылығын анықтау жергілікті жердегі мемлекеттік органдардың қатысуымен жүзеге асырылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл үдерістің негізгі кезеңдерінің бірі медициналық тексеру. Оны жергілікті денсаулық сақтау органдарының мамандарынан құралған дәрігерлік комиссиялар жүргізеді. Комиссия мүшелері шақырылатын азаматтардың денсаулық жағдайын бағалап, олардың мерзімді әскери қызметке жарамдылық санатын айқындайды. Әскерге шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету өз құзыреті аясында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы қызметін Жетісу облысы әкімінің орынбасары атқарады. Ал шақырылатын азаматтардың тізімін қалыптастыру, шақыртуларды жолдау және шақырылымға қатысты іс-шараларды үйлестіру жергілікті әскери басқару органдарының міндетіне кіреді. Шақырту алған азаматтар комиссияның талап етуімен жиын пунктіне келуге…

Толық оқу
Расул Рысмамбетов Дубай капитал

Экономист Расул Рысмамбетов қазақ элитасының Дубайға ұмтылысы тұрмыстық жайлылықпен, климатпен немесе сәнмен байланыстырмайтынын ашып айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. 2025 жылдың жазында Дубайға барған кезде қымбат мейрамханалар мен люкс қонақүйлерде қазақстандық шенеуніктерді, бизнес өкілдерін, әкімдердің отбасыларын жиі кездестіруге болатынын байқадым. Бұрын осы адамдар Швейцария мен Лондоннан көру үйреншікті жағдай еді. География өзгергенімен, мазмұн сол күйінде қалыпты. Ақша отанға емес, заңға сенеді Осы көріністер бір қарағанда қарапайым, бірақ өте маңызды сұрақ туындатады. Олар капиталын Қазақстанда тауып, ақшасын неге елімізден тыс жерде сақтап, жаратады? Неге қазақ капиталы бөтен юрисдикциялардың дамуына қызмет етеді? Экономистің ойынша, мәселенің түп-төркінінде елге деген сүйіспеншілік пен патриотизмнен іздеуге болмайтынын…

Толық оқу
Уәлихан Төлешов

Саясаттанушы Уәлихан Төлешов қазіргі таңда тараған «халықаралық құқықтың уақыты өтті» деген пікірге салмақты көзқарас білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, әлемдік қауіпсіздік жүйесі терең дағдарысты бастан өткеріп отырғаны рас. Күш құқығының орнын құқық күші алмастырып жатқанын көпшілік байқап отыр. Әлем аморальды емес, тек тұрақсыз кезеңге кірдік Алайда бұл үдеріс кеше немесе бүгін басталған жоқ. Шамамен алпыс жыл бұрын Таяу Шығыста Израиль мемлекетінің құрылуынан кейінгі соғыстар кезінде басталған. Одан кейінгі Қырғи қабақ соғыс, Кеңес Одағының ыдырауы, Ауғанстан мен Шешенстандағы қақтығыстар кезінде жаңаша сипат алған. Ал Молдованың бір бөлігінің аннексиясы, Ресейдің Грузия мен Украинадағы соғыс кезінде бұл ушығып кеткен. БҰҰ Жарғысы қабылданғаннан…

Толық оқу
Шыңғыс Мұзаұ ҚызПУ

Білікті баспагер Шыңғыс Мұқан ҚызПУ-да орын алған жағдайға қатысты пікір білдіріп, мемлекетпен серіктестік тәжірибесінің көңілден шықпағанын алға тартты, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, бір жыл бұрын ҚызПУ-дың сол кездегі ректоры Гүлмира Қанайның бастамасымен университеттің жаңа корпусында UniSpace алаңы ұйымдастырылған. «Қыздарға кітап оқытайық» деген ұсыныс негізінде жүзеге асқан жобаға министр Саясат Нұрбек бастаған ел зиялылары қатысып, баспагерлік команда өз қаражатынан 10 миллион теңге көлемінде инвестиция салып, Coffee Book форматындағы кітап кеңістігін ашқан. Алайда кейін университет басшылығы ауысып, жаңа ректор Бейбіткүл Кәрімова тарапынан келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылданған. Баспагердің сөзінше, университет әкімшілігі орын босатуды талап етіп отыр. Осы жағдайдан кейін ол мемлекетпен…

Толық оқу
Нұрәли Әлиев Назарбаев рухани көсем

Spark of Light сайтында Назарбаевтың немересі өзін рухани ұстаз, яғни «рухани көсем» ретінде таныстырады, деп жазады Ertenmedia.kz. Нұрәли Әлиев Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның ұлы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі екені көпшілікке мәлім. Сайттағы сипаттамаға сүйенсек, қозғалыс жетекшісі ретінде Нұрәли Әлиевтің миссиясы адамзаттың санасын жоғары деңгейге көтеруге ықпал ету. Нұрәли осыған дейінің өзінің парақшасына Тибетке барған сапарынан фотолар жариялаған болатын. Онда оның жұмысы адамдарға ішкі үйлесімге, айқын ойға және саналы өмір салтына жетуге көмектесуге бағытталғаны айтылады. Авторлар «адамзат 3D-сана деңгейінен 5D-сана деңгейіне өту кезеңін бастан кешіп жатыр» деген тұжырымды алға тартып, осы үдерісте Нұрәли Әлиевтің рөлі жол көрсету, құралдар…

Толық оқу
Актер Мұрат Бисембин өмірден өтті

Қазақстан киносына еңбегі сіңген танымал актер Мұрат Бисембин 53 жасында ауыр дерттен өмірден өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Қаралы хабарды марқұмның қызы растаған. Ашық дереккөздерге сүйенсек, актерге 2024 жылдың қыркүйек айында ауыр диагноз қойылған. Дәрігерлер ұйқыбез обырына шалдыққанын анықтаған. Осы уақыттан бері ол дертпен күресіп келген. Мұрат Бисембин қазақстандық көрерменге бірқатар кино және тележобалар арқылы кеңінен танылды. Әсіресе оның қылмыстық драма жанрындағы туындыларда сомдаған рөлдері жұртшылықтың есінде қалды. Өнер жолындағы еңбегімен ол отандық кинода өз орнын қалыптастырды. Марқұмның жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Оның жарқын бейнесі мен өнері көрермен жадында сақтала береді. Таяуда актердің қызы Мұрат Бисембин инсульт алып, жедел…

Толық оқу