Автор: Лейла Болтаева

Данияр Мейрхан

Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес комитетінің басшысы Данияр Мейрханға қатысты тексеру бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Министрліктің мәліметінше, тексеруге комитет қызметкерлерінің шағымдары негіз болған. Ведомствоға түскен барлық өтініш ресми тіркеліп, қазір жан-жақты қаралып жатыр. «Барлық жағдайды объективті әрі толық анықтау үшін қажетті тексеру жұмыстары жүргізілуде», – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі. Әлеуметтік желілерде бұған дейін аталған лауазымды тұлғаға қатысты бірқатар мәлімет жарияланған еді. Қызметкерлер өз басшыларын «лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды» және «жұмыс орнында қысым көрсетті» деп айыптаған. Жалпы, комитеттің 20-ға жуық қызметкері шағым түсіргені айтылып отыр. Данияр Мейрхан ішкі істер саласында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ал есірткі…

Толық оқу
бүгін жұлдыз жорамал

7 сәуірде астрологиялық жағдай біршама өзгеріске ұшырайды. Айдың Сарышаян белгісінен шығып, Мерген белгісіне өтуі соңғы күндердегі ішкі мазасыздықты басады. Энергия қайта жанданып, тың идеяларға жол ашылады. Бұл күн белсенді әрі динамикалы болмақ, көкжиектер кеңейіп, жаңа шешімдер табуға мүмкіндік туады, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Таразы белгісіндегі толған Ай сіздің мүмкіндіктер мен перспективалар үйіңізді белсендіріп, алға жылжудың жолын анық көрсетеді. Бірақ бірден нәтиже шығару мақсат емес. Асықпай, тұрақты әрекетке көшкен жөн. Қадамдарыңызды айқындап, ретімен орындаңыз. Торпақ Айдың Мерген белгісіне өтуі сіздің ресурстар үйіңізде Күнмен үйлесімді аспект құрайды. Мұндайда ішкі түйсікке сүйенгеніңіз абзал. Қандай да бір іске қаржы немесе күш жұмсауды ойласаңыз, сезіміңізге…

Толық оқу
Республика сарайы

7 сәуір күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жайлы әрі жылы күн райынан бастап, қатты жел мен нөсер жауынға дейін түрлі құбылыс байқалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Түнде +4…+6°C болса, күндіз ауа температурасы +18…+20°C аралығында. Жел екпіні 9–14 м/с дейін күшейіп, күн салқындау сезілуі мүмкін. Алматыда ауа райы жылы әрі жайлы болады. Жауын-шашын болжанбаған. Түнгі температура +11…+13°C, күндіз +23…+27°C-қа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с аралығында, қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай қалыптасады. Шымкентте күн райы тұрақсыздау болады деп күтілуде. Бұлтты ауа райымен қатар, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с жетуі мүмкін.…

Толық оқу
Алматы облысы

Алматы облысының Қаскелең қаласында халықаралық деңгейдегі «Dala Stage» кинопавильонының құрылысы басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаның басталуына арналған салтанатты рәсім ерекше форматта өтті. Голливуд актері Джеки Чан жолдаған символикалық уақыт капсуласы құрылыс алаңына тікұшақпен жеткізілді. Оны осы павильонда түсірілетін алғашқы жоба «Құдіретті сауыт-сайман 4: Ультиматум» фильмінің режиссері Роберт Кун қабылдап алды. Осы сәттің өзі жобаның халықаралық деңгейін айқын көрсетті. Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, креативті және технологиялық индустриялар бағытындағы серіктестікке қатысты бірқатар келісімдерге қол қойды. Атап айтқанда, Джеки Чанның продюсері Ли Чиу Ва, «DALA EDGE» креативті және технологиялық индустриялар паркі және «Salem Entertainment» компаниясымен меморандум рәсімделді. Аймақ басшысы өз сөзінде…

Толық оқу

Шығыс Қазақстанда халық санын көбейту, еңбек ресурстарын теңгеру және шекара маңындағы аудандарды нығайту бағытында «Шығыс шақырады» өңірлік бағдарламасы жүйелі түрде іске асып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір қандастар мен ішкі көші-қон аясындағы қоныс аударушыларды қабылдайтын негізгі бағыттардың бірі саналады. 2017-2025 жылдар аралығында облысқа 2209 отбасы көшіп келіп, жалпы саны 6290 адам жаңа мекенге орныққан. Солардың ішінде 1784 адам Қытаймен шектес аудандарға қоныстандырылған. Шекаралық аймақтарды адам ресурстарымен толықтыру – демографиялық әрі стратегиялық міндет ретінде қарастырылып отыр. 2025 жылдың қорытындысында өңірге 794 адам келген. Оның 269-ы қандас, 525-і еңбек күші артық аймақтардан көшірілген азаматтар. Еңбекке қабілетті тұрғындардың 58 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылған.…

Толық оқу
көктем ауа райы

Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы күндері жайлы ауа райының орнына жауын-шашынды кезең келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ел аумағында жел күшейеді, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Күндіз кей өңірлерде бұршақ, дауыл және шквалды жел тіркелуі мүмкін. Астанада түнде ауа температурасы +2…+4 градус шамасында болады. Ауа райы құбылмалы, аздаған жаңбыр мен тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Күндіз +15…+17 градусқа дейін жылиды, жауын-шашын болмайды. Алматыда түнде +12…+14 градус, жауын-шашынсыз өтеді. Солтүстік-батыстан соққан жел 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз +23…+25 градус, өткінші жаңбыр мен найзағай болжанады. Шымкентте түнгі температура +13…+15 градус. Ауа райы тұрақсыз, күндіз жаңбыр жауып,…

Толық оқу
көпір

Орал қаласының орталығы мен «Ақжайық» шағынауданын жалғайтын стратегиялық маңызды көпірдің құрылысына дайындық жұмыстары басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа көпір мен автожол құрылысының басталуына арналған салтанатты шарада болашаққа жолданған уақыт капсуласы орнатылды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, бұл көпір – қаланың дамуына тың серпін беретін стратегиялық жоба. – Ақжайық шағынауданы 70 мың адам тұратын заманауи тұрғын алабы ретінде жоспарланған. Барлық инженерлік инфрақұрылым дайын тұр. Сондықтан көпір мен жолдың салынуы тек қолайлылық мәселесі емес, маңызды әлеуметтік-экономикалық қадам болып отыр. Құрылыс осы жылы басталып, 2028 жылы аяқталады, – деді өңір басшысы. Қазірдің өзінде Зачаган кентінде 80 мыңнан астам тұрғын бар. Олардың орталыққа қатынасы…

Толық оқу

Маңғыстауда нашақорлыққа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Асхат Ораловтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық штабтың отырысында айтылды. Жиынға мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып, есірткі бизнесімен күресте өзара әрекеттестікті арттыру мәселелерін талқылады. «Біз спорт үшін, есірткіге қарсымыз» қоғамдық қорының төрағасы Роман Оразымбетов жастар арасында жүргізілген алдын алу шаралары туралы баяндады. Ал облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай өткен жылғы жұмыс нәтижесін қорытындылап, биылға арналған жоспарларымен бөлісті. Жиында синтетикалық есірткінің интернет арқылы таралу қаупі және нашақорларды оңалтатын орталықтардың қызмет сапасын көтеру қажеттігі айтылды. Құқық бұзушылықтың…

Толық оқу
тас

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области прошла экспедиция «Балуан тас сапары», охватившая весь южный регион. Мероприятие состоялось в рамках проекта «КАРТА КАЗАХСКОЙ СИЛЫ», инициированного академией «Baluan tas» с целью возрождения богатырского наследия казахского народа. В этой связи, президент академии «Baluan tas», исследователь культуры силы-PhD докторант Абылайхан Калназаров дал интервью о сакральной географии силы, забытых палуан-обрядах и духовной антропологии камней. – Абылайхан Мамырайханулы, экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области» уже названа одним из самых глубоких культурно-этнографических проектов последних лет. Как бы вы в целом охарактеризовали её значение? – Я бы сказал, что это не просто экспедиция…

Толық оқу
жол бұзылды

Алматы облысындағы «Кеген – Нарынқол» тасжолының 20-шы шақырымында еріген қар суы жолды шайып кетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жол мамандарының жоспарлы бақылауы кезінде еріген қар суының күрт көбейгені анықталған. Қосымша тексеру нәтижесінде, мұндағы су өткізу құбыры бүлініп, соның кесірінен жол жабындысы шайылған. Айта кетерлігі, бұл жол 1960-1970 жылдары салынған, 50 жылдан астам уақыттан бері үздіксіз қызмет етіп келеді. Осы кезеңде аталған аумақта тасқын қаупі байқалмаған, жолдың бұлай бүлінуі бірінші рет тіркеліп отыр. Мамандар қауіпсіздік шараларын жедел қабылдап, жол қозғалысын уақытша тоқтатты. Қазір оқиға орнында арнайы техника жұмыс істеп, уақытша жол пайдалануға берілді. Еріген судың ағысы бәсеңдегеннен кейін жол мен су өткізу…

Толық оқу