Көп адам ноутбукті қуаттандыратын сым ортасында тұрған «қорапшаға» мән бере бермейді. Бірақ дәл сол бөлік болмаса, құрылғы мүлде қуатталмас еді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл элементтің ресми атауы адаптер. Оның негізгі міндеті розеткадан келетін электр қуатын ноутбукке қауіпсіз әрі қолайлы форматқа айналдыру. Үйдегі электр желісінен келетін ток айнымалы ток (AC). Ал ноутбук батареясы тұрақты токпен (DC) жұмыс істейді. Осы екі жүйе бір-біріне сәйкес келмейді. Егер ноутбукты тікелей розеткаға қосса, ол қажетті кернеуді ала алмайды әрі құрылғыға зиян келуі мүмкін. Дәл осы жерде адаптердің рөлі басталады. Ол айнымалы токты тұрақты токқа айналдырып, кернеуді реттейді. Яғни, розеткадан келген энергияны ноутбук қабылдай алатын деңгейге…
Автор: Лейла Болтаева
Жүзім өсіруде өнімділікті арттыру үшін арнайы тәсілдер қолданылады. Соның бірі – екі деңгейлі кордон жүйесі. Бұл әдіс қарапайым тілмен айтқанда, бір түп жүзімді жоғары және төмен екі қабатқа бөліп өсіру арқылы көбірек өнім алуға мүмкіндік береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Әдетте жүзім бір деңгейде ғана өсіріледі. Ал бұл тәсілде негізгі дің жоғары қарай өсіп, кейін екі бөлек көлденең бұтаққа бөлінеді. Бірі төменгі деңгейде, екіншісі жоғарыда орналасады. Осылайша бір өсімдік екі қабатта қатар өнім береді. Бұл жүйеде ең бастысы құрылым. Жүзімнің негізгі сабағы тігінен өсіп, одан екі «қол» сияқты көлденең бұтақтар тарайды. Олар арнайы сымдарға байланады. Сол сымдар жүзімді ұстап тұратын тірек…
Күнделікті қолданатын батарейкалар уақыт өте қуатын жоғалтады. Бірақ олардың «өмірі» қоқыс жәшігінде аяқталмайды. Керісінше, дұрыс утилизацияланған батарейкалар қайта өңделіп, жаңа өнімдердің құрамына айналады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мамандардың айтуынша, батарейкаларды қарапайым қоқысқа тастау қауіпті. Себебі олардың құрамында қоршаған ортаға зиян келтіретін химиялық элементтер бар. Егер олар полигондарға түссе, топырақ пен суға зиянды заттар тарауы мүмкін. Сондықтан көптеген елде батарейкаларды арнайы қабылдау жүйесі жолға қойылған. Қолданылған батарейкалар дүкендер мен арнайы пункттер арқылы жиналып, қайта өңдеу зауыттарына жіберіледі. Қайта өңдеу процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен мамандар батарейканың жағдайын тексереді. Егер ол толық істен шықпаған болса, оны қайта қолдануға мүмкіндік бар. Мысалы, электр көлігінен…
Ирандағы мұнай зауыттарында болған жарылыстардан кейін атмосфераға улы заттардың таралуы туралы ақпарат күшейді. Сарапшылардың бір бөлігі мұндай ластану салдары қышқыл жауынға (acid rain) әкеліп, оның әсері Орталық Азияға дейін жететінін айта бастады. Сондықтан бұл құбылыстың біз үшін табиғатын, оның қаупін және ықтимал салдарын түсіну маңызды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қышқыл жауын тек жаңбыр емес. Бұл термин құрамында қышқылдық деңгейі жоғары болатын барлық жауын-шашын түрлерін қамтиды. Оған қар, бұршақ, тұман және дымқыл қар да кіреді. Мұндай жауын көбіне атмосфераға күкірт диоксиді мен азот оксидтері көп мөлшерде түскен кезде пайда болады. Бұл заттар негізінен көмір, мұнай сияқты қазба отындарды жағу нәтижесінде бөлінеді. Ауаға…
Аспанды қақ жарып өткен жарқыл найзағайдың ең таныс көрінісі. Осындай сәтте адамдар түрлі әңгімелер айта бастады. Үйде отыр, металл ұстама, телефонды өшір. Бірақ бұл ескертулердің бәрі бірдей ғылыми негізге сүйенбейді, деп жазады Ertenmedia.kz. Найзағай табиғаттағы ең қуатты құбылыстардың бірі. Бір ғана разряд 300 миллион вольттан аса энергия беріп, металлды балқытатын температураға жетеді. Сондықтан оның адам өміріне қауіпті екені анық. Жыл сайын тек АҚШ-та 10-30 адам найзағайдан қаза табады, ал жүздегені жарақат алады. Әлем бойынша бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Қауіптің бір бөлігі найзағайдың өзінде емес, оған қатысты қалыптасқан қате түсініктерде. Дәл осы мифтер адамдарды жалған қауіпсіздік сезіміне итермелеп, нақты қатерге душар…
Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай елордадағы Белсенді ұзақ өмір орталығында кимешек тігуден шеберлік сабағы ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараға «Тігін» үйірмесінің мүшелері, Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының өкілдері және орталық қызметкерлері қатысты. Бағдарлама ұлттық биімен ашылып, қатысушылар бірден мерекелік атмосфераға енді. Шеберлік сабағы барысында қазақ ою-өрнектерінің мазмұнына ерекше мән берілді. Қатысушылар әрбір өрнектің өзіндік мағынасы бар екенін, оның халықтың дүниетанымы мен тұрмыс-салтын бейнелейтінін білді. Байқоңыр ауданы Белсенді ұзақ өмір орталығының бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Бақыт Байманованың айтуынша, мұндай шаралар дәстүрді жаңғыртуға бағытталған. – Орталығымызда еңбек терапиясы үйірмесі жұмыс істейді. Біз жыл сайын ұлттық киім тігу…
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «ECO KERUEN» экологиялық бастамасы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шара халық көп жиналатын орындарда ұйымдастырылып, тұрғындар мен жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Басты мақсат қоршаған ортаға жауапкершілікті күшейту және қалдықтарды дұрыс басқару қағидаларын кеңінен түсіндіру. Акция Талдықорған қаласында басталды. Арнайы безендірілген эко-керуен қала көшелерімен жүріп өтіп, тұрғындардың назарын табиғатты қорғау мен қалдықтарды сұрыптаудың маңыздылығына аударды. Шара барысында тұрғындар белсенділік танытып, өз үйлерінен жиналған пластик, қағаз, киім-кешек және электронды қалдықтарды арнайы қабылдау пункттеріне тапсырды. Бұл тұрғындардың экологиялық мәселеге бейжай қарамайтынын көрсетті. Эко-керуен аясында 100-ге жуық ерікті мен ұйымдастырушылар тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қалдықтарды бөлек…
Иранда Швеция азаматы өлім жазасына кесіліп, жаза орындалды. Бұл туралы Швецияның Сыртқы істер министрі Мария Мальмер Стенергард мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, марқұм өткен жылдың маусым айында Иранда ұсталған. Осы уақыт ішінде Стокгольм бұл мәселені бірнеше рет ирандық тараппен көтерген. – Өлім жазасы адамгершілікке жат, қатыгез және қайтарымсыз жаза. Швеция Еуропалық одақ елдерімен бірге мұндай жазаны кез келген жағдайда қолдануға қарсы, – деді Мария Мальмер Стенергард. Оның сөзінше, сот процесі халықаралық құқық талаптарына сай өтпеген. Яғни айыпталушыға қатысты тергеу мен сот талқылауы әділ сот стандарттарына сәйкес келмеген. Қазіргі уақытта Швеция Сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты қосымша түсініктеме берген жоқ.…
Талдықорған қаласында Наурызнама онкүндігі аясындағы «Шаңырақ күніне» орай «Отбасы – қоғамның тірегі» атты іс-шара өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. КГУ «Jetisy jastary» ұйымдастырған бұл шара Салтанат сарайында өтіп, оның аясында төрт жас жұп ресми түрде некеге тұрды. Жас отбасылар үшін бұл күн тек заңды тіркеу ғана емес, ұлттық дәстүрмен ұштасқан ерекше рәсімге айналды. Іс-шара барысында ақсақалдар жас жұбайларға ақ батасын беріп, өмірлік жолына бағыт-бағдар көрсетті. Олар отбасының беріктігі сыйластық, сабыр мен өзара қолдауға негізделетінін атап өтті. «Отбасы әрқашан қоғамның тірегі болып келеді. Бір-бірлеріңізді қадірлеп, қолдап жүріңіздер. Берік шаңырақ осы құндылықтардың негізінде қалыптасады», – деді ақсақалдардың бірі. Ұйымдастырушылар жас жұбайларды құттықтап, оларға…
Алматы облысында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында, Наурыз мерекесіне орай «Табиғат қанатында – Taza Life» экологиялық акциясы басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл бастама табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Акция өңір жастарын нақты іске жұмылдырып, қоршаған ортаға жанашырлық танытудың нақты үлгісіне айналып отыр. Іс-шара барысында Қонаев қаласының оқушылары мен колледж студенттері орман шаруашылығы мамандарының жетекшілігімен өз қолдарымен құс ұяларын жасап, оларды әлеуметтік нысандар аумағына орнатты. Бұл әрекет арқылы жастар тек құстарға жағдай жасап қана қоймай, табиғатқа ұқыпты қараудың маңызын тәжірибе жүзінде көрсетті. Көктем мезгілінде құстарға қолайлы орта қалыптастыру экожүйенің тепе-теңдігін сақтауға ықпал етеді. Акцияның басты мақсаты жастар арасында…










