Автор: Лейла Болтаева

Мектеп директоры казино

Жетісу облысының білім беру саласы жаңа жылдың алғашқы күндерін күрделі жағдаймен бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Көксу ауданы Қызылтоған ауылындағы мектеп директоры мұғалімдердің ақшасын букмекерлік кеңселерде ұтысқа тігіп жіберді деген күдікке ілініп, уақытша қызметінен шеттетілді. Оқиға туралы мәліметтер алдымен әлеуметтік желіде пайда болды. Жазбада мектеп директоры ұстаздардың қаражатын құмар ойындарға жұмсағаны туралы айтылған. Әзірге ресми түрде тоғыз мұғалім шағым түсірген. Келтірілген шығын көлемі шамамен 9 миллион теңгені құрайды. Зардап шеккендердің қатары бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені, кейбір мұғалімдер қорыққанынан әзірге полицияға шағымданбаған көрінеді. Көксу аудандық білім бөлімінің басшысы Қуат Бузбаев ұстаздардан шағым түскенін растап, жағдайдың қатаң бақылауға алынғанын мәлімдеді. Оның…

Толық оқу
Жекеменшік мектептер

Премьер Бектенов жекеменшік мектептерді қаржыландыру тәртібін қайта қарау жөнінде тапсырма берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бастама президент Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында айтылған міндеттерді жүзеге асыру аясында қолға алынған. Үкімет отырысында Оқу-ағарту және Қаржы министріне мемлекеттен ақша алатын жекеменшік мектептердің жұмысына қатысты қатаң шарт қойылды. Мемлекеттік ақша һәм жекеменшік тәртіп Мемтапсырыс алып отырған жекеменшік мектептерде соңғы кезде мүмкіндікті теріс пайдалану дерегі жиілеп кеткен. Мәселен, субсидия көлемін арттыру үшін оқушы мен мұғалім саны жасанды түрде көбейтіліп, жалған тіркеулер орын алған. Осының кесірінен білім сапасы төмендеп, бюджет ақшасы тиімсіз жұмсалуда. Премьер-министр сондай-ақ жекеменшік білім беру ұйымдарындағы қымбат оқу ақысына…

Толық оқу
Есіріткі зертханасы Қарағанды

Қарағанды облысында синтетикалық есірткі дайындап келген жасырын зертхананың жұмысы тоқтатылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Арнайы операция кезінде есірткі қылмысына қарсы күрес комитетінің қызметкерлері 33 жастағы ер адамды жеке үйдің шаруашылық жайынан ұстаған. Күдікті осы жерде мефедрон өндіретін ірі наркозертхана ұйымдастырған. Тексеру барысында құқық қорғаушылар шамамен 20 келі мефедрон мен жарты тонна дайын есірткі өнімін тәркіледі. Бұдан бөлек, синтетикалық есірткіні дайындауға арналған заманауи жабдықтар, химиялық реагент толтырылған канистрлер мен есірткі өндірісінде қолданылатын 4 тонна прекурсор анықталған. Мамандардың айтуынша, тәркіленген есірткінің көлемі 1,5 миллионға жуық бір реттік дозаны құрайды. Бұл өнім заңсыз нарыққа түсіп үлгермеген. Қазір ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып,…

Толық оқу
Нұрғали Нүсіпжанов

Кеше ғана 89 жасқа толған халықтың сүйікті әншісі Нұрғали Нүсіпжанов өз өмірінің ерекше кезеңдері айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Өнер иесі бұл жазбасында өткен өміріне терең үңіліп, шығармашылық тағдырында ерекше із қалдырған тұлғаларды сағынышпен еске алды. Оның айтуынша, өмірдегі ең басты олжасы ұлы адамдардың тәрбиесі мен тәлімін көруі екен. – Талант пен тағдыр тоғысқан талай алыптардың қасында жүріп, тәлім алдым. Алғашқы бақытым Ахмет Жұбановтың шәкірті атануым. Екінші бақытым Дінмұхаммед Қонаевтай дара тұлғаның ықыласына бөленуім. Үшінші бақытым студент кезімде Шәмші Қалдаяқовтың әндерін алғаш орындағандардың бірі болдым. Ал төртінші, еңселі бақытым Нұрғиса Тілендиевпен жарты ғасырдан астам достықта болдым, – деп тебіренді әнші өз…

Толық оқу
Полиция парақорлық

Атырау облысының Мақат ауданында екі полиция қызметкері жемқорлық күдігіне ілікті, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға жергілікті тұрғынның облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметіне шағымдануынан кейін анықталды. Оқиғаның мән-жайы бойынша, Мақат ауданының тұрғыны көлікті мас күйінде жүргізіп келе жатқанда полиция қызметкерлері тоқтатқан. Жүргізушінің мәлімдеуінше, әкімшілік жауапкершілікке тартылмас үшін полицейлерге 300 мың теңге көлемінде қаражат берген. Кейінірек азамат берген ақшасын қайтаруды талап етіп, полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметіне ресми шағым түсірген. Өтініш бойынша 2025 жылдың 24 желтоқсанында қылмыстық іс қозғалып, күдікті полицейлер сол күні-ақ ұсталған. Тәртіп сақшылары жалпы жиналыс үстінде қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазіргі уақытта қызметтік тексерудің нәтижесі бойынша аталған…

Толық оқу
Жаңғыртылған эенергия

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нарығының дамуы сәтті іске асып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде еліміздің энергетикалық балансында ЖЭК-тің үлесі артып, тұрақты даму көрсеткішіне қол жеткізілді. Қазіргі таңда жалпы қуаты 3,5 гигаватт болатын 162 ЖЭК нысаны жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 67 жел электр станциясы, 49 күн электр станциясы, 43 су электр станциясы мен 3 биогаз электр станциясы бар. 2025 жылдың қорытындысына сәйкес, елдің энергетикалық жүйесіндегі «таза» генерация үлесі 7%-ға жетті. Алдыңғы жылғы көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Мысалы, 2024 жылы осы көрсеткіш жалпы электр өндірісінің 6,43%-ын құраған болатын. Мұның өзі энергетикалық сектордың орнықты әрі таза бағытқа қарай бет алғанын аңғартады. Өткен…

Толық оқу
Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбат

Президент Тоқаевтың жыл басында «Turkistan» басылымына берген сұхбатыдағы көтерілген мәселелері мен келтірген деректері жағынан шағын жолдауға ұқсайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Президент бұл жолы елдің экономикалық жағдайы, салық саясаты, энергетика мен коммуналдық тарифтер реформасы, агроөнеркәсіп, логистика мен туризм саласы, цифрландыру, қоршаған ортаны қорғау, заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселелерін ашық қозғады. Сұхбат формасындағы бағдар Сарапшылардың пікірінше, сұхбатта айтылған ойлар қоғамның күтіп жүрген сұрақтарына нақты әрі толыққанды жауап болды. Сарапшы Нұрлан Жұмаханның айтуынша, Президент сұхбатының ерекшелігі мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа әлеуметтік келісімнің бағыт-бағдарын айқындап бергендігінде. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексіне баса мән беріп, салық төлеудің мәні мен мағынасын жаңа тұрғыдан түсіндірді. Оның…

Толық оқу
Каспий оптикалық кабель

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің табаны арқылы оптикалық кабель тарту жобасы сәтті іске асуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мадиев халықаралық маңызы зор осы жобаның келешегі туралы баяндады. Оның айтуынша, Каспий теңізінің түбімен жүргізілетін оптикалық талшықты байланыс желісінің құрылысы 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Министр бастаманың стратегиялық маңызына ерекше тоқталды. Оның сөзінше, Қазақстан Еуропа мен Азияның ортасында орналасқандықтан, халықаралық интернет-трафик транзитінде маңызды орын алады. Жобаның басты мақсаты осы транзиттік әлеуетті одан әрі арттыру. Оптикалық кабель Қазақстанның Ақтау қаласы мен Әзербайжанның Сумгаит шаһарын жалғамақ. Қазіргі таңда қос ел арасындағы теңіз түбі арқылы салынатын…

Толық оқу
Нұралхан Көшеров

Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің қызметіне тағайындалғанына бір жыл толды, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы кезең өңір үшін мазмұнды бастамаларға, ауқымды жобаларға және нақты нәтижелерге толы болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылға арналған Жолдауында айқындалған жаңа басымдықтар облыс дамуының негізгі бағыт-бағдарына айналды. Өңір экономикасы жаңа ырғаққа көшті Президент тапсырмасына сәйкес, өңірде экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, кәсіпкерлік саласы алға басып келеді. Сонымен қатар жасанды интеллект пен IT саласын дамыту, ауыл инфрақұрылымын жаңғырту, адами капиталды күшейту бағытында жүйелі жұмыстар жүріп жатыр. Бір жылдың ішінде Түркістан облысының дамуында бірқатар маңызды жетістіктер мен оң өзгерістерге қол жеткізілді. Облыста экономикалық әртараптандыру жұмыстарының нәтижесінде…

Толық оқу
Қазақстан экономикасы

Қазақстан халықаралық корпорациялар үшін стратегиялық өндірістік орталыққа айналуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұзақ уақыт бойы әлемдік аренада Қазақстан негізінен өндіруші секторға, ауқымды инфрақұрылымдық жобалар мен транзитке баса назар аударған ел ретінде танылып келген еді. Бірақ 2020 жылдардан бастап мұндай көзқарас біршама өзгере бастады. Көптеген халықаралық компаниялар елді жай ғана өткізу нарығы ретінде қарауды тоқтатып, өндірістерін осында орналастыруға көшті, жергілікті жеткізушілермен ынтымақтастық орнатып, өнім көлемін ұлғайтуда. Нәтижесінде Қазақстан біртіндеп экспорттық әлеуеті зор аймақтық өнеркәсіптік хабқа айналып келеді. Өткізу нарығынан өнеркәсіптік базаға айналу 2025 жылға қарай Қазақстан экономикасы құрылымдық трансформацияның оң нәтижелерін көрсете бастады. Геосаяси және логистикалық тәуекелдер аясында трансұлттық компаниялар өндірістерін әртараптандыруға…

Толық оқу