Автор: Лейла Болтаева

Қазақстанда білікті кадр тарту үшін шетелдік мамандарды жұмысқа орналастырудың жеңілдетілген тәртібі қолданылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Аталған тетік ел экономикасына қажет жоғары білікті мамандарды басым салаларға тартуға бағытталған. Сұранысқа ие мамандықтар тізіміне 50-ден астам кәсіп енгізілген. Олардың қатарында ақпараттық технология, денсаулық сақтау, инженерия және креативті индустрия бағытындағы мамандар бар. Тізімге кірген кәсіптер бойынша шетелдік жоғары білікті кадрларға Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу мүмкіндігі беріледі. Яғни мемлекет ішкі еңбек нарығында жетіспей тұрған кәсіби ресурсты сырттан тарту арқылы экономиканың маңызды салаларындағы кадр алшақтығын азайтуды көздейді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелеріндегі дерекке қарағанда, 2026 жылдың басынан бері бірқатар мамандық бойынша…

Толық оқу
америка иран

АҚШ пен Иран арасындағы алғашқы келіссөздің нәтижесіз аяқталуы тосын жағдай болған жоқ. Екі тараптың ұстанымы тым қатайып кеткен, ал саяси риторика әуел бастан мәмілеге жол қалдырмағаны анық. Алдағы екінші раунд та түбегейлі нәтиже беруі екіталай. Себебі мәселе тек Вашингтон мен Тегеран арасындағы даумен шектелмейді. Аймақтағы қауіпсіздік дағдарысы әлдеқайда терең, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазіргі түйін төрт бағытта қабаттасып тұр. Біріншісі, Ормуз бұғазы. Екіншісі, Иранның ядролық бағдарламасы. Үшіншісі, зымыран, прокси-соғыс және аймақтық қауіпсіздік архитектурасының жоқтығы. Төртіншісі, шешілмеген Израиль-Палестина қақтығысы. Осы бағыттың біреуін ғана бөліп алып қарау тұрақты нәтиже бермейді. Аймақтағы дағдарыс бір-біріне байланған жүйе секілді жұмыс істеп тұр. Ормуз бұғазы соңғы шиеленістің…

Толық оқу
зиянкетермен күрес

Түркістан облысында шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жұмысы талапқа сай жалғасып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан аумағында шегіртке тектес зиянкестің 270-тен астам түрі кездеседі. Соның ішінде ауыл шаруашылығына ең көп қауіп төндіретін түрдің бірі – Марокко шегірткесі. Ғылыми атауы Dociostaurus maroccanus деп аталатын осы жәндік аса қауіпті үйірлі шегіртке қатарына кіреді. Ол қысқа уақыт ішінде дәнді дақылға, жайылымға, жоңышқаға және басқа да ауыл шаруашылығы алқаптарына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Марокко шегірткесінің басты қаупі оның жаппай шоғырланып әрекет етуінде. Мамандардың дерегінше, 1 шаршы метр аумақта 200-300 дараққа дейін жиналуы ықтимал. Егер зиянкес дер кезінде анықталмаса және қажетті қорғаныс шарасы жүргізілмесе, өсіп…

Толық оқу
Дана Нұржігіт

Журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында нағашы ағасы Хасан Ормановтың өмірден өткенін хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол жазбасында марқұм ағасын балалық шағының бір бөлшегі ретінде еске алды. Дана Нұржігіттің айтуынша, Хасан Орманов әскерден оралып, шаңырақ көтерген, кейін атасының қара шаңырағына ие болып, ауылдағы сыйлы азаматтың біріне айналған. Журналист нағашы ағасының ауыл интеллигенциясы қатарында болғанын, ардагер ретінде ел ішінде құрметке бөленгенін жазды. Оның зейнетке шыққанына бар-жоғы бір ай ғана болған. 5 сәуір күні мерейтойын өткізіп, туған-туыстың қуанышына бөленген сәті соңғы жарқын естелік болып қалған. «Хасан нағашым… балалығымның куәсі… әскерден келгені, үйленгені, атамның шаңырағына ие болып, ауыл интеллигенциясының, ардагерінің алды болып, зейнетке…

Толық оқу
Цифрлы теңге

Ұлттық банк басқармасының 2026 жылғы 29 сәуірдегі қаулысымен цифрлық теңгені шығару, айналымға енгізу және өтеу қағидалары бекітілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа құжат цифрлық теңгенің құқықтық және техникалық айналымын реттейтін негізгі тәртіпті айқындайды. Қағидада Ұлттық банктің цифрлық теңгені шығару және өтеу шарттары, цифрлық шот ашу мен жабу тәртібі, цифрлық теңге платформасына қойылатын талаптар және осы инфрақұрылымға қатысатын ұйымдардың міндеті нақтыланған. Ереже бойынша цифрлық шот иелері, платформа қатысушылары және цифрлық теңге платформасының өзі нақты талаптарға бағынады. Цифрлық шотқа қол жеткізу, оны уақытша тоқтату, қайта іске қосу немесе қолжетімділікті толық тоқтату тәртібі де осы құжат аясында реттеледі. Сонымен қатар цифрлық шотқа қызмет көрсететін…

Толық оқу
әскер

Әскери қызметшілерге берілетін ақшалай өтемақы тәртібі нақтыланды. Құжатта ақшалай өтемақы ұғымына нақты түсінік берілген. Ол әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамада көзделген жағдайда берілетін біржолғы тұрғын үй төлемі ретінде қаралады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұндай өтемақыға 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметте 10 жыл және одан көп уақыт болған азаматтар үміткер бола алады. Сонымен қатар 20 жыл қызмет өткергеннен кейін қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығы бар, бірақ жекешелендіруге жатпайтын қызметтік баспанада тұрып жатқан әскери қызметшілер де осы санатқа кіреді. Өтемақы мөлшері арнайы формула бойынша есептеледі. Қазақстан бойынша жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа құны алынады. Аталған…

Толық оқу
Жман жол

Ақтөбедегі Оңтүстік-Батыс тұрғын алабының тұрғындары көшелерді абаттандыруға бөлінген миллиардтаған теңгенің қайда жұмсалғанын тексеруді талап етіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Tengrinews.kz дерегіне сүйенсек, 2024 жылы Ақтөбе қаласының шетіндегі Оңтүстік-Батыс тұрғын алабында бірден 22 көшені абаттандыруға арналған ауқымды жоба басталған. Жол жөндеу, жарық орнату және инженерлік желіні реттеу жұмысына бюджеттен 7,7 млрд теңге бөлінген. Алайда тұрғындардың айтуынша, жаңа асфальт, қауіпсіз тротуар мен жарықтың орнына аудан бірнеше жылдан бері қазылған көше, батпақ, шұңқыр және бітпейтін уәдемен қалып отыр. Жергілікті жұрт шенеуніктермен тағы да кездесіп, жобаның нақты қашан аяқталатынын сұраған. Бірақ кездесу басынан-ақ дауға ұласқан. Тұрғындар бұрынғыдай сабыр сақтап, кезекті түсіндірмені тыңдауға дайын болмады.…

Толық оқу
ипотека в Казахстане

2026 жылғы сәуірде Қазақстанда тұрғын үй сатып алу-сату бойынша 35 154 мәміле тіркелді, деп жазады Ertenmedia.kz Ұлттық статистика бюросы дерегіне сүйеніп. Наурыз айымен салыстырғанда нарықтағы белсенділік 23,4 пайызға артқан. Сәуірдегі көрсеткіш тұрғын үйге сұраныстың көктем айларында қайта жанданғанын аңғартады. Әсіресе ірі қалалар мен халқы тығыз өңірлерде мәміле саны жоғары болды. Ең көп тұрғын үй Алматыда сатылған. Қалада бір ай ішінде 6498 мәміле тіркелді. Одан кейін Астана тұр. Елордада 6193 тұрғын үй сатып алу-сату келісімі рәсімделген. Үшінші орында Қарағанды облысы орналасқан, өңірде 2841 мәміле жасалды. Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында тіркеліп, сәуірде 324 мәміле ғана рәсімделген. Өсім елдің басым бөлігінде байқалды.…

Толық оқу
Қамшыбек Ташиев камчибек

Қырғызстан ҰҚМК бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевке қатысты қылмыстық іс құпияланып, сотқа жіберілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс бойынша Тәшиевке билікті күшпен басып алуға дайындалу және қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану баптары бойынша айып тағылып отыр. Қырғызстанның Бас прокуратурасы 12 мамырда бұрынғы арнайы қызмет басшысына қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекіткен. Тәшиевтің адвокаты Икрамидин Айткуловтың айтуынша, іс мәні бойынша қаралу үшін Бішкектің Первомай аудандық сотына жолданған. Бұрынғы ҰҚМК басшысымен бірге осы іс бойынша тағы жеті адам айыпталушы ретінде өтіп жатыр. Қорғаушы қылмыстық істің құпияланғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, мұндай тәртіп сот отырыстары жабық өтетінін білдіреді. Тергеу мен сотқа қатысты мәліметті жария етуге рұқсат…

Толық оқу
ауа райы

Қазақстан аумағына Скандинавия жақтан жеткен салқын антициклон келіп, ауа температурасының күрт төмендеуіне әсер етті, деп жазады Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, суық ауа массасы алдағы күндері де елдегі ауа райына ықпал етеді. Әсіресе түнгі уақытта солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде минус температура сақталады. Антициклон Қазақстан аумағы арқылы жылжыған сайын суықтың әсері оңтүстік-шығысқа да жетеді. 13 мамырға қараған түні осы өңірлерде де үсік жүруі мүмкін. «Қазгидромет» мамандары ауа райының әрі қарай салқындайтынын ескертіп отыр. Мұндай кезеңде әсіресе аграрлық сала өкілдері, бау-бақша егетін тұрғындар және саяжай иелері сақ болғаны жөн. Түнгі үсік көктемгі егіске, көшетке, ерте гүлдеген жеміс ағашына және ашық жерде өсіп тұрған…

Толық оқу