Автор: Лейла Болтаева

көлік қақты

Көкшетауда көлік астында қалып қаза тапқан әйелдің 12 жастағы жалғыз ұлы нағашыларының қолында тұратын болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қаланың қорғаншылық және қамқоршылық органы шешім қабылдар кезде баланың мүддесі, психологиялық және эмоционалдық жағдайы ескерілгенін мәлімдеді. Кәмелетке толмаған бала әкесімен бірге қалудан өз еркімен бас тартқан. Оның ата-анасы 2014 жылы ажырасқан. Ақмола облысы балалар құқығын қорғау басқармасының басшысы Ботакөз Дүйсенованың айтуынша, баланың әкесі бар және ол ата-ана құқығынан айырылмаған. Дегенмен Отбасы кодексіне сәйкес, 10 жасқа толған баланың пікірі міндетті түрде ескеріледі. Осыған байланысты әкесі баланың анасы жағынан туыстарына қорғаншы болуына нотариалды түрде келісім берген. Қайғылы оқиға 9 мамыр күні болған. Жүргізуші куәлігі…

Толық оқу
кремль

Соңғы уақыттары Кремльдің соғыстан шығу жолын іздеп жатқаны, оны қоғамға қалай түсіндіру керектігі туралы түрлі болжам айтыла бастады. Бірулер Путинге қарсы астыртын жоспар туралы айтса, енді бір жерде Сергей Кириенко мен күштік құрылымдар арасындағы ішкі тартыс сөз ете бастады. Мұндай әңгімелердің бәрін дайын сценарий ретінде қабылдау қиын. Бірақ оларды мүлде елемеу де дұрыс емес. Себебі мұндай ақпараттың артында ұзақ соғыстан қажыған жүйенің нақты психологиясы жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Кез келген қоғам ұзақ соғыстан шаршайды. Әсіресе соғыстың мақсаты мен нәтижесі көмескілене бастағанда, шаршау күшейеді. Путин жүйесі дәл осындай кезеңге аяө басты. Соғыстың алғашқы екі жылында Ресей қоғамының бір бөлігі белгілі бір…

Толық оқу
New Vision Forum

11-13 маусым аралығында Алматыда жыл сайынғы New Vision Forum өтті. Бұл шара Орталық Азиядағы интеллектуалдық, технологиялық және іскерлік диалогтың маңызды алаңына айналды. New Vision Forum тұрақты бизнес-қоғамдастық қалыптастыруға бағытталған өңірдегі басты іскерлік шаралардың бірі саналады. Биыл форумға 5000-нан астам қатысушы жиналады. Олардың қатарында кәсіпкерлер, инвесторлар, мемлекеттік орган өкілдері, креативті индустрия мамандары, технология саласының новаторлары және ірі компаниялардың жетекшілері болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Форум жұмысына 200-ден астам жетекші компания өкілі қатысқан. Бағдарлама технология, басқару, геосаясат, халықаралық нарыққа шығу, компанияларды масштабтау және жаңа экономикалық жағдайға бейімделу секілді өзекті тақырыптарды қамтыды. Ұйымдастырушылар форумды бизнес өкілдері үшін тәжірибе алмасатын, жаңа серіктес табатын және әлемдік…

Толық оқу
Адылбек

Қырғызстан билігі мемлекеттік қызметкерлерге жылы маусымда жұмысқа пиджаксыз келу міндеттелді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы, президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев мемлекеттік қызметкерлердің жаңа жұмыс формасына қатысты өкімге қол қойды. Құжатқа сәйкес, шенеуніктер енді жылы күндері костюм киіп отырмай, жұмысқа жейдемен келуі тиіс. Қасымалиевтің айтуынша, мұндай шешім мемлекеттік мекемелерде кондиционерді аз қолдануға мүмкіндік береді. Ол күн райы тез өзгеретінін айтып, жаңбырлы күннен кейін ауа қайта жылынғанын еске салды. Сондықтан өкім алдағы күннен бастап толық енгізілуі қажет екенін жеткізді. «Қазір біз костюммен жұмыс істеп, кондиционер қосамыз. Егер жай ғана жейде кисек, кондиционер қоспауға да болады. Біз электр энергиясын үнемдеуіміз керек»,…

Толық оқу
Жқлдыз жорамал

14 мамырға арналған жұлдыз жорамал барлық зодиак белгісіне жылдам нәтиженің соңынан қумай, шынайы қажеттілігіне мұқият қарауға кеңес береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Күн ашық әңгімеге, әдетті қайта қарауға және ұзаққа жететін шешімге дайындалуға қолайлы. Бүгін әсерлі көрінетін қадамнан гөрі тұрақты, байыпты және ішкі тепе-теңдікке сай таңдау маңыздырақ болады. Тоқты бүгін жылдамдық пен тиімділікті шатастырмағаны жөн. Істе бәрін бірден шешкіңіз келуі мүмкін, бірақ күн басым бағытты анықтауға және артық міндеттен бас тартуға қолайлы. Кешке денеге көңіл бөліңіз. Серуен, жаттығу немесе қарапайым демалыс ішкі ширығуды азайтады. Торпақ ұзақ уақыт елемей келген шаршауын сезінуі мүмкін. Қандай жағдайда да өнімді болуға өзіңізді мәжбүрлемеңіз. Он ұсақ…

Толық оқу
ауа райы тау

14 мамыр, бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде ауа температурасы жоғарылайды. Атырауда күндіз +30…+32 градусқа дейін ыстық болады. Қызылордада +29…+31 градус, Түркістанда +28…+30 градус, Шымкентте +27…+29 градус жылы күтіледі. Бірқатар өңірде жел күшейіп, екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы 7–12 м/с шамасында. Түнде +3…+5 градус, күндіз +18…+20 градус жылы болады. Алматыда да жауын-шашын күтілмейді. Жел 3–8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде +6…+8 градус, күндіз +20…+22 градус жылы. Қонаевта түнде +5…+7, күндіз +21…+23 градус болады. Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.…

Толық оқу
Жетісу

Жетісу облысының Көксу ауданында тұрғын үй және білім беру инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Көксу ауданына жұмыс сапары барысында Балпық би ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен және Бозтоған ауылындағы Мұсабек атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмысымен танысты. Өңір басшысы құрылыс сапасына, нысандардың дайындығына және алдағы пайдалануға беру мерзіміне назар аударды. Бозтоған ауылындағы Мұсабек атындағы орта мектеп 1987 жылы салынған. Білім ошағындағы күрделі жөндеу өткен жылдың мамыр айында басталған. Жоба аясында ғимаратты сейсмикалық нығайту, сыныптарды қазіргі талапқа сай жаңарту, ішкі кеңістікті ыңғайлы әрі қауіпсіз ету жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда мектептің дайындығы 95 пайызға жеткен.…

Толық оқу

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жыл басынан бері 57 мың көшет отырғызылып, 5 мың тонна қоқыс шығарылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірде қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жалғасып жатыр. Жыл басынан бері ұйымдастырылған тазалық шараларына 77 мың адам қатысқан. Олар аумақтарды қоқыстан тазартып, жасыл желек отырғызу, қоғамдық кеңістікті ретке келтіру және тұрғындар арасында табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін насихаттау жұмысына атсалысты. «Таза Қазақстан» бағдарламасы Жетісу облысында тек сенбілік немесе бір реттік акция деңгейінде шектелмей, білім беру, инфрақұрылым және қалалық орта сапасын жақсарту бағыттарымен қатар жүргізіліп келеді. Әсіресе балалар мен жасөспірімдерге…

Толық оқу
Жетісу

Жетісу облысының Ескелді ауданында балық шаруашылығы кешенінің құрылысы жүріп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаға жеке инвестор 1 млрд теңгеге жуық қаражат салып отыр. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Ескелді ауданына жасаған жұмыс сапары барысында аталған нысанның құрылысымен танысты. Жаңа шаруашылық өңірде балық өсіру ісін өндірістік деңгейге көтеруге бағытталған. Шаруашылық директоры Руслан Сафаргалиев өңір басшысына жобаның іске асу барысын баяндады. Оның айтуынша, кәсіпорын балықтың бағалы түрін жасанды жолмен өсіреді. Мұнда толық өндірістік-инкубациялық цикл жолға қойылады. Яғни уылдырықтан немесе шабақтан бастап, дайын тауар түріндегі балыққа дейінгі барлық процесс бір кешен ішінде жүргізіледі. Нысанның құрылысы өткен жылы басталған. Жоспар бойынша кешен биыл күзде толық…

Толық оқу
ertenmedia00177

ҚР Энергетика министрлігі мен Kazakhstan Success Coking Energy Қарағанды облысында жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіретін зауыт салу жобасы бойынша инвестициялық келісімге қол қойды, деп жазады Ertenmedia.kz. Құжатқа Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов және Success Group компаниясының акционері, басқарма төрағасы Цзинь Шэн қол қойды. Келісім Қазақстан Үкіметінің қаулысымен мақұлданған. Жоба еліміздегі алғашқы көмір-химия бағытындағы ірі бастамалардың бірі болмақ. Қарағанды облысында толық циклді заманауи өндірістік кешен салу жоспарланып отыр. Кәсіпорын кезең-кезеңімен іске қосылады. 2029 жылы зауыт жылына 500 мың тоннаға дейін металлургиялық кокс өндіре бастайды. Ал 2031 жылы толық қуатына шығып, жыл сайын 1 млн тонна өнім шығаруға мүмкіндік алады. Жобаның…

Толық оқу