Павлодардағы №45 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысы мемлекеттік құпияны ашып, лауазымын асыра пайдаланғаны үшін алты жарым жылға сотталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қалалық сотта қаралған іс материалдарына сүйенсек, бұрынғы шенді қызметкер түрмеде жазасын өтеп жүрген кейбір сотталғандарға артықшылықтар мен жеңілдіктер ұсынған. Ол осы қызметті қаржылық сыйақы есебінен атқарып отырған. Тергеу амалдары барысында оның колониядағы қызметтік міндеттерін теріс мақсатта пайдаланғаны, қызмет бабындағы маңызды ақпараттарды сыртқа таратқаны толықтай анықталған. Мемлекеттік айыптаушының ұтымды дәлелдері мен тергеу органдарының тиянақты жұмысының нәтижесінде айыпталушының кінәсі толық дәлелін тапты. Қылмыстық іс материалдарында келтірілген дәйектердің ауырлығын ескере отырып, сот бұрынғы мекеме басшысын алты жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Бұдан…
Автор: Лейла Болтаева
Белгілі режиссер Ақан Сатаев бұрынғы жұбайы Назира Бақаеваның сұхбатынан кейін ажырасуға қатысты түрлі қауесет әңгімелер қатысты жауап берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Өз мәлімдемесінде режиссер жеке өмірінің жария түрде талқылануына түбегейлі қарсы екенін жеткізді. Алайда Назираның күтпеген сұхбатынан кейін әлеуметтік желілерде тараған негізсіз сөздердің әсерінен, әсіресе балаларға қатысты қысымның күшеюіне байланысты пікір білдіруге мәжбүр болғанын айтты. – Мен үшін жеке өмірдің жеке болып қалғаны дұрыс. Дегенмен бұрынғы жұбайым Назира тарапынан жасалған күтпеген мәлімдемелер балаларымның жағдайына кері әсерін тигізгендіктен, ресми түрде пікірімді білдіруім қажет болды, – дейді режиссер. Жеке өмірдің сызығы Сатаев өздерінің ажырасуы тек некенің ресми бұзылуымен емес, оған дейін қалыптасқан…
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беру арқылы белгілі бір саяси дәстүр қалыптастырдыңыз деуге болады. Осы орайда, «Turkistan» газетінің ұсынысын қабыл алғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. – «Turkistan» газеті 30 жылдан бері тұрақты шығып келеді. Бұл – Қазақстандағы ең ықпалды басылымның бірі. Газеттің атауында да өте үлкен мән-мағына бар. Басылым тілшілері ел ішіндегі өзекті мәселелермен қатар, тұтас түркі жұртына ортақ тақырыптарды да көтеріп жүреді. Бұл өте жақсы дәстүр деп санаймын. Шетелде жұмыс істеп, түрлі салада табысқа жеткен қазақтар туралы мақалаларды қызығушылықпен оқимын. Қазақстан мен өздері тұрып жатқан елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға үлес қосып жүрген осындай үш…
Венесуэладағы әскери операциядан кейін Дональд Трамптың араны ашыла түскендей, деп жазады Ertenmedia.kz. Америка президенті енді Гренландияны АҚШ құрамына қосуды жоспарлап отырғанын ашық айтты. Журналист Майкл Шерерге телефон арқылы берген сұхбатында Трамп Венесуэланың Америка араласқан соңғы ел еместігін ашық меңзеді. Оның айтуынша, Данияға қарайтын Гренландия аралы қазірдің өзінде «ресейлік және қытайлық кемелердің қоршауында» тұр. Сонымен қатар, осы сұхбат барысында Дональд Трамп Венесуэланың қазіргі басшысы Делси Родригес АҚШ-пен әріптестік орнатудан бас тартса, өте қиын болатынын ескертті. «Оның жазасы Мадуродан да ауыр болады» – деп айбат шекті АҚШ президенті. Chatham House талдау орталығының халықаралық қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Мариано Агирре Эрнсттің пікірінше, АҚШ мемлекеттік…
«Қазгидромет» синоптиктері 5 қаңтар күні еліміздің көптеген өңірінде қолайсыз ауа райы сақталатынын ескертеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жел өтіндегі Қазақстан Абай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Күндіз өңірдің оңтүстігі мен орталығында осындай ауа райы сақталады. Таңертең және түнгі уақытта облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, Жарма ауданында 23 метрге дейін жетеді. Семейде түнде және таңертең қар жауып, боран, көктайғақ күтіледі. Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде қар жауып, боран соғады. Ал оңтүстігі мен шығысында аздап қар жауып, жаяу бұрқасын көтеріледі. Күндіз өңірдің солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында қар…
Кәсіпқой бокстан IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған спортшы Марат Мәзімбаевтың жұбайы Жанна Мәзімбаева дүниеден өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жамбыл өңірінің тумасы Марат Мәзімбаев кәсіпқой бокста жеті жыл өнер көрсетіп, осы аралықта 25 жекпе-жек өткізген. Оның 20-сында жеңіске жетіп, әлемдік аренада еліміздің мерейін асырды. Атап айтқанда, Марат IBA нұсқасы бойынша екінші аса жеңіл салмақта әлем чемпионы атағын иеленген және WBO Intercontinental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуді жеңіп алған. Марат пен Жанна 2001 жылы шаңырақ көтерген болатын. Ерлі-зайыптылардың отбасында алты перзент дүниеге келген, олардың төртеуі қыз, екеуі ұл бала. Бұған дейін бір сұхбатында Марат Мәзімбаев жұбайымен қалай танысқанын былайша әңгімелеп берген еді:…
Құс шаруашылығында энергия шығындарын азайтудың маңызы зор, деп жазады Ertenmedia.kz. Алайда, жаңа құс қораларын салу немесе бұрынғыларын жаңарту кезінде фермерлер көбінесе құрылыс пен жабдықтарға кететін қаражатты ғана ескеріп, энергия көздеріне жұмсалатын тұрақты шығындарды есепке алмай жатады. Шын мәнінде, бастапқы инвестицияның өзіндік құнынан гөрі, болашақтағы тұрақты шығындарды азайтуды көздейтін технологияларға басымдық берген әлдеқайда тиімді. Қазіргі кезде газ бен электр энергиясының бағасы күн санап өсіп келе жатқанын ескерсек, бүгінгі таңда қосымша қаржы салып, энергия үнемдейтін құрал-жабдық орнату ертеңгі күні үлкен табыс әкелетіні сөзсіз. Құс қораларында сыннан өткен және тиімділігі дәлелденген заманауи технологияларға тоқталсақ: Вентиляторларды қолдану Ауаны бірқалыпты араластырып, айналым жасайтын арнайы вентиляторларды пайдалану…
Автокөліктің артқы бөлігіне орнатылатын спойлерге қатысты көптеген аңыздар мен шындықтар бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Кейбір жүргізушілер спойлер көлікті «ракетаға» айналдырып, жылдамдықты, басқаруды, тіпті жанармай үнемдеу көрсеткіштерін жақсартады деп сенеді. Бірақ бұл қаншалықты рас? Спойлердің әсері қай кезде сезіледі? Автоспорт әлемінен шыққан спойлер бүгінде автомобильдің жылдамдығы мен спорттық сипатының символына айналған. Porsche 911 Turbo-ның әйгілі «кит құйрығынан» бастап, жапондық тюнинг автокөліктерге дейін спойлер жоғары жылдамдықты білдіретін стильді аксессуар ретінде танымал. Бірақ шын мәнінде ол қаншалықты тиімді? Спойлердің негізгі мақсаты көлікке ауа ағындарының әсерін реттеу. Бұл элементтің нақты пайдасын анықтау үшін бірнеше аспектіні талдап көрелік. Біріншіден, аэродинамика. Спойлер жоғары жылдамдықта артқы бөлікке…
Нью-Йорк мэрі мен демократ-сенаторлар АҚШ-тың Венесуэлада жүргізген әскери операциясын қатаң сынға алды, деп жазады Ertenmedia.kz. – Егемен елге қарсы біржақты шабуыл бұл соғыс жариялаумен тең және федералдық әрі халықаралық заңдарды өрескел бұзу. Режимді күшпен өзгерткісі келген мұндай әрекет тек шетелдегі адамдарға ғана емес, Нью-Йорк тұрғындарына да тікелей әсер етеді, – деп жазды Нью-Йорк мэрі Зохран Мамдани әлеуметтік желіде. Бұған дейін президент Дональд Трамп Венесуэла президенті Николас Мадуроның Нью-Йоркке жеткізіліп жатқанын хабарлаған еді. Демократиялық партиядан сайланған сенаторлар мен конгрессмендер де Ақ үйдің әрекетін өткір сынап отыр. Сенатор Энди Ким АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен қорғаныс министрі Пит Хегсеттің бұрын Венесуэлада…
Жаңа жыл басталса да, Air Astana әуе компаниясы бұрынғы қиындықтардан арыла алмай отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Әлеуметтік желілерде жолаушылар Air Astana рейстерінің бірнеше сағатқа, тіпті бір тәулікке дейін кешігуіне байланысты жаппай шағымдануда. Әсіресе Вьетнам мен Таиландта жүрген қазақстандық туристер елге қайта алмай, қиын жағдайда қалған. Сондай-ақ ішкі рейстер бойынша да түйткіл көп. Алматы – Ақтау рейсі бір тәулікке кейінге қалдырылған. Әуе компаниясының ресми өкілдері рейстердің кешігуін ауа райының қолайсыздығымен түсіндіруде. Алайда орын алған жағдайдың негізгі себебі ұлттық тасымалдаушыда ұшақ тапшылығы болуы мүмкін деген болжам айтылуда. Бұл жағдай бүкіл әуе қатынасы кестесіне кері әсер етіп отыр. Қазіргі таңда «Air Astana» әуе…










