Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында өнеркәсіп өндірісінің өсімі бойынша көшбасшылар қатарына енді, деп жазады Ertenmedia.kz. ЕЭК жариялаған мәліметке қарағанда, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,5 пайызға артқан. Осы көрсеткіш елдің одақ ішіндегі өнеркәсіп динамикасы жоғары мемлекеттердің бірі екенін аңғартады. Жалпы ЕАЭО бойынша 2025 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 101,6 пайызды құрады. Яғни одақ көлемінде өсім 1,6 пайыз деңгейінде болды. Осы ортақ көрсеткішпен салыстырғанда Қазақстанның 7,5 пайыздық өсімі айтарлықтай жоғары көрінеді. ЕАЭО елдері арасында ең жоғары өсім Қырғызстанда тіркелді. Онда өнеркәсіп өндірісі 10,6 пайызға артқан. Қазақстан осы көрсеткіштен кейінгі жоғары…
Автор: Лейла Болтаева
Forbes Kazakhstan журналы Astana Motors негізін қалаушы әрі мажоритарлық иесі Нұрлан Смағұловтың АҚШ нарығы мен Қытай автопромының болашағына қатысты пікірін жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Смағұловтың айтуынша, Дональд Трамптан кейінгі АҚШ президенті Қытайда шығарылған автокөліктерді Америка нарығына кіргізу тәртібін өзгертуі мүмкін. Қазір Қытай автопромы АҚШ нарығына шығудың әртүрлі жолын қарастырып жатыр. Соның бірі ретінде Канада арқылы кіру мүмкіндігі аталады. Кәсіпкердің сөзінше, қытайлық автокомпаниялар тек дайын көлік экспорттаумен шектелгісі келмейді. Олар жапон және оңтүстіккореялық автоконцерндер секілді АҚШ аумағына инвестиция салып, автомобиль өндірісін сол елдің ішінде жолға қоюға дайын. Мұндай тәсіл оларға америкалық нарыққа бейімделуге, сауда шектеуін айналып өтуге және жергілікті тұтынушы сенімін…
Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, «Мойнақ» ГЭС-інің салынуына ұйытқы болған инженер-энергетик Стахан Белғожаев I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекеттік награданы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев табыстап, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді. Мемлекет басшысы 90 жасқа толған еңбек ардагерінің ел дамуына қосқан үлесін жоғары бағалап, оның құрылыс пен энергетика саласындағы ұзақ жылғы қызметін атап өтті. Стахан Белғожаев еңбек жолын 1962 жылы Шардара су электр стансасының құрылысында бастаған. Содан кейін Қазақстандағы бірқатар ірі стратегиялық нысанның жүзеге асуына тікелей атсалысты. Оның қатысуымен және басшылығымен Қапшағай, Мойнақ, Ақтоғай су электр стансалары, Бестөбе, Бартогай су қоймалары, Үлкен Алматы каналы секілді ел үшін…
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының ұлттық жүк әуе компаниясын дамытуды тапсырды. Сонымен қатар теңіз және теміржол тасымалын ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында Көлік министрлігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» өкілдері және Turlov Private Holding жүк әуе компаниясының жұмысын ұйымдастыру, оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету тәсілдері қаралды. Негізгі назар Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтуге, әуе, теңіз және теміржол бағыттарын бір логистикалық жүйеге біріктіруге аударылды. Кеңесте Қытай – Қазақстан – Батыс Еуропа бағыты бойынша қолайлы жағдай қалыптастыру мәселесі талқыланды. Ұлттық жүк әуе компаниясын транзиттік жүк хабы ретінде дамыту үшін әуе кемелерін кезең-кезеңімен енгізу, операциялық қызметті…
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Премьер-Министр Олжас Бектеновке Арал мәселесіне қатысты депутаттық сауал жолдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Депутат сауалында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана саммитінде Арал мәселесіне арнайы тоқталып, су ресурстарын тиімді басқару, цифрландыруды енгізу және трансшекаралық өзендер бойынша келісілген саясат жүргізудің маңызын нақты айқындағанын атап өтті. Оның айтуынша, Арал тағдыры елдің болашағына қатысты байыпты мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып қала береді. М. Жайымбетов Арал мәселесі Президенттің тұрақты назарында екенін айтты. Осы бағытта өңірде экологиялық ахуалды жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға және жергілікті халықтың тұрмыс сапасын көтеруге арналған жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Аймақта жол, су және әлеуметтік нысандардың жаңаруы…
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен функционалдық құзыреттерді дамытуға арналған үш күндік модульдік оқу басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқу жұмысына барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері және бастауыш партия ұйымдарының белсенділері қатысып жатыр. Жалпы саны 110 адам кәсіби біліктілігін арттырып, өңірлік басқару, тұрғындармен байланыс және қоғамдық коммуникация бойынша жаңа тәсілдерді меңгеруде. Бұған дейін «AMANAT» партиясы саяси ұйымның кадрлық активінің функционалдық құзыретін дамытуға бағытталған жаңа жобаны қолға алған еді. Жоба жергілікті жерлерде кәсіби әрі нәтижелі басқарушы буын қалыптастыруды көздейді. Негізгі мақсат, өңірлердегі өзекті мәселені дер кезінде шешуге, азаматтармен ашық әрі сындарлы диалог орнатуға қабілетті жаңа…
Kaspi.kz 2026 жылғы 2-8 тамыз аралығында Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан алдағы жазда жасанды интеллект саласындағы ең дарынды жас өкілдерді қабылдайды. Олимпиадаға 100 елден 400-ден астам оқушы мен студент, команда тәлімгерлері, халықаралық сарапшылар және технологиялық индустрия өкілдері қатысады. IOAI 2026 ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының спорттық бағдарламалау федерациясы. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің және UNESCO-ның қолдауымен өтеді. Жаһандық демеушілер қатарында Google, Huawei және басқа да жетекші технологиялық компаниялар бар. Астанада IOAI 2026 өткізу Қазақстан үшін маңызды технологиялық белес саналады. Ел жасанды интеллект секілді болашақ экономикасының негізгі бағыты бойынша әлемдегі талантты жастар жиналатын…
Қазақстанда радиоактивті қалдықтарды бақылауға арналған жеке жүйе құрылып, оларды шетелден әкелуге тыйым салынуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәжіліс «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Құжат елдегі қауіпті қалдықты есепке алу, сақтау, тасымалдау, көму және ұзақ мерзімді бақылау тәртібін бір жүйеге түсіруге бағытталған. Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, Қазақстанда жыл сайын радиоактивті қалдық көлемі өсіп келеді. Кеңес кезеңінен қалған бірқатар нысанда қорғаныш қабаты бүлінген, эрозия жүріп жатыр, инфрақұрылым тозған, ал бақылау деңгейі жеткіліксіз. Кей объект бойынша жауапты ұйым мен баланс ұстаушы әлі күнге дейін нақты анықталмаған. Депутат қазіргі заңнама осы саланың барлық мәселесін толық қамти алмай отырғанын айтты.…
Көліктің артқы әйнегіндегі жіңішке көлденең сызықтар сәндік элемент емес, әйнекті жылытып, булану мен мұз қатудан тазартатын жүйенің бөлігі, деп жазады Ertenmedia.kz. Көп жүргізуші артқы әйнектегі жолақтарға аса мән бере бермейді. Кейбірі оны антеннаға, енді бірі әйнектің дизайнына ұқсатуы мүмкін. Шын мәнінде, қазіргі көліктің көбінде кездесетін осы сызықтар артқы әйнек жылытқышының негізгі бөлігі саналады. Әсіресе суық, ылғалды немесе қарлы ауа райында олардың маңызы артады. Артқы көрініс нашарласа, жүргізуші жолдағы жағдайды толық бақылай алмайды. Сондықтан қарапайым көрінетін осы жүйе қауіпсіз қозғалысқа тікелей әсер етеді. Алдыңғы әйнекті жылыту жүйесі көбіне көліктің жылыту, желдету және кондиционерлеу жүйесі арқылы жұмыс істейді. Яғни панельдің жоғарғы бөлігіндегі…
Құстар ірі күн электр станцияларын көлмен шатастырып, көші-қон бағыты бұзылуы мүмкін. Күн энергетикасы жаңартылатын энергия жүйесінің маңызды бөлігі саналады. Үйге күн панелін орнату көміртек ізін азайтып, ұзақ мерзімде шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Алайда алып күн электр станциялары табиғи ортаға қосымша салмақ түсіреді, деп жазады Ertenmedia.kz. Renewable and Sustainable Energy Reviews журналында жарияланған зерттеуде Мердок университетінің ғалымы Патрисия А. Флеминг ірі күн станцияларының жануарлар мінез-құлқына әсерін талдаған. Зерттеу қорытындысына сәйкес, құстар мен жарқанаттар күн панельдерін су айдыны деп қабылдауы мүмкін. Ғылымда мұндай құбылыс «көл әсері» деп аталады. Көптеген құс жарықтан ақпарат ала алады. Оларда поляризациялық көру қабілеті бар. Яғни олар жарықтың…










