Автор: Лейла Болтаева

салық декларациясын толтыру

Мемкірістер комитеті 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексінде бизнес өкілдері үшін үш түрлі арнайы салық режимі (АСР) белгіленгенін хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген арнайы салық режимдері мыналар жатады. Олар өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған АСР, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР және шаруа және фермерлік қожалықтарға (ШФҚ) арналған АСР. Жаңа режим, ескі ереже Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы жұмысшылары жоқ. Тек үкімет бекіткен тізімдегі қызмет түрлерімен айналысатын жеке тұлғалар қолдана алады. Аталған қызмет түрлерінің тізімі өткен жылдың қараша айында Үкімет қаулысымен бекітілген болатын. Оған такси қызметі, дайын тамақты…

Толық оқу
Заңгер Айман Омарова Вашингтон

Белгілі заңгер Айман Омарова алдағы уақытта Вашингтонда өтетін маңызды семинарға қатысатынын хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, бұл жиында АҚШ-тың жаһандық және ішкі саясатындағы стратегиялық басымдықтар талқыланады. – Вашингтондағы семинардың негізгі тақырыптары, белгілі саясаткерлердің өзекті мәселелер бойынша пікірлері мен ұсыныстары жайлы егжей-тегжейлі айтып беремін, – деді ол. Семинар алдында заңгер АҚШ-та соңғы күндері орын алған оқиғаларға, әсіресе Венесуэладағы америкалық әскери операцияға байланысты тікелей эфирде талдау жасамақ. Айта кетейік, АҚШ күштері Венесуэла аумағында арнайы операция жүргізіп, ел президенті Николас Мадуроны өз үйінде ұйықтап жатқан жерінен ұстап әкеткен болатын. Онымен бірге әйелі мен ұлы да қамауға алынған. Айман Омарованың айтуынша, жұртшылықтың назарын…

Толық оқу
Әли Хаменеи мәлімдеме жасады

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи желтоқсан айының соңында басталған наразылық шерулеріне қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. 86 жастағы Хаменеи 3 қаңтарда мемлекеттік телеарна арқылы сөйлеген сөзінде елдегі қаржы нарығындағы күрделі ахуалдың ушығуына байланысты көшедегі саудагерлердің алаңдаушылығын орынды деп бағалады. Айта кетейік, Иранда жаппай шерулердің басталуына ұлттық валютаның құнсыздануы себеп болған еді. Дегенмен, аятолланың сөзінше, экономикалық жағдайды саясиландырып, ел ішіне іріткі салуға бағытталған әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. – Біз наразы азаматтармен ашық диалог орнатуымыз керек. Шенеуніктердің міндеті осы. Бірақ тәртіп бұзушылармен сөйлесудің еш пайдасы жоқ. Қоғам тыныштығын бұзғандар қатаң жазалануы тиіс, – деді Хаменеи. Иранның жоғарғы көсемі…

Толық оқу
Қазақстан ауа райы 4 желтоқсан

Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазгидромет» мекемесінің хабарлауынша 4 желтоқсанда елімізде бойынша ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Қар, бұрқасын, еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында жауын-шашын күтіледі. Тек республиканың шығыс және оңтүстік-батыс аймақтарында күн райы жауын-шашынсыз болады. Сонымен қатар тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің екпіні күшейеді. Қар, тұман және көктайғақ Астанада қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі. Алматы қаласында тұман түссе, Шымкентте де тұман мен көктайғақ күтіледі. Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Өңірдің батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында тұман басады. Алматы облысында тұман…

Толық оқу
ChatGPT чат-ботына 3 жыл

Күздің соңғы күні ChatGPT чат-ботының іске қосылғанына үш жыл толды. Осы уақыт аралығында бұл жасанды интеллект өнімі әлемдегі ең танымал технологиялық жобалардың біріне айналды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жасанды интеллект саласының көшбасшысы атанған OpenAI стартапының негізін қалаушы Сэм Альтман мен оның командасы чат-боттың туған күнінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген құттықтауларды қабылдады. Кремний алқабынан әлемге тараған чат-бот Альтманды бүгін Кремний алқабы ғана емес, бүкіл әлемде «чат-боттардың әкесі» деп атап кеткен. Ол өзінің осы жобасының аса үлкен жетістікке жететінін алдын ала болжаған еді. «Көптілді интерфейстер технология әлемінде жарылыс жасайды», деген болатын Альтман 2022 жылы 30 қарашада ChatGPT таныстырылымында. Сол күннен бері үш жыл өтті.…

Толық оқу
Конференция Трамп Венесуэла

АҚШ президенті Дональд Трамп арнайы баспасөз конференциясын өткізіп, Венесуэладағы жағдайға қатысты алдағы қадамдарын мәлім етті, деп жазады Ertenmedia.kz. Президенттің айтуынша, Венесуэла мұнайына енгізілген эмбарго күшінде қалады. Америкалық әскери кемелер толық жауынгерлік дайындықта болады. – Біз қойған талаптардың бәрі орындалғанға дейін, барлық әскери шаралар да қарастырылатынын ескертемін. Венесуэлалық саясаткерлер мен әскери тұлғалар бір нәрсені нақты түсінсін, Мадуроның басына түскен жағдай олардың да басына түсуі мүмкін, – деді Трамп. Қазіргі кезде Венесуэла президенті Николас Мадуро әйелімен бірге АҚШ-тың әскери кемесінде ұсталып, Нью-Йоркке жеткізілуде. Трамп сонымен қатар америкалық ірі мұнай компанияларының Венесуэлаға келетінін мәлім етті. – Біз ірі америкалық мұнай компанияларының Венесуэлаға келуіне…

Толық оқу
Мария Корина Мачадо үндеу жасады

Венесуэла оппозициясының жетекшісі, 2025 жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері Мария Корина Мачадо АҚШ-тың Николас Мадуроға қарсы өткізген әскери операциясына қатысты пікір білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, оппозиция елдегі билікті өз қолына алуға толық дайын. Ол «Еркіндік сағаты соқты» деді өз үндеуінде. Мачадо сондай-ақ 2024 жылғы шілдеде өткен президенттік сайлауда оппозиция атынан түскен Эдмундо Гонсалес Уррутианың жеңіске жеткенін атап өтті. Сондықтан Мачадоның пікірінше, заңды билік иесі дәл осы Гонсалес Уррутиа. – Гонсалес Уррутиа дереу өзінің конституциялық міндеттеріне кірісуі тиіс. Барлық офицерлер мен сарбаздар оны Венесуэла ұлттық қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы ретінде мойындауға міндетті. Біз халық берген мандатты қорғауға…

Толық оқу
Pa 30 жұлдызы ғарыш

Астрономдар ғарыштағы ерекше жұлдыздың таңғажайып тағдырын ашты, деп жазады Ertenmedia.kz. Көптеген жұлдыздардың ғұмыры алапат жарылыспен аяқталып, олардың қалдықтары түрлі-түсті, пішіні ретсіз бұлт секілді ғарыш кеңістігіне шашырайды. Алайда Pa 30 атауына ие болған ғарыштық нысанның көрінісі мүлде басқаша. Оның орталығынан ұзын, түзу талшықтар тарап, алыстан қарағанда лапылдап, қатып қалған от ұшқындарына ұқсайды. 1181 жылдан қалған ғажайып Жылдар бойы астрономдар бұл объектінің өзгеше құрылымына бас қатырып келген еді. Pa 30 нысаны сонау 1181 жылы қытай және жапон аспан зерттеушілері жазып қалдырған «қонақ жұлдызбен» байланысты. Дегенмен бұл объект классикалық жарылған жұлдыз қалдықтарына мүлде ұқсамайды. Нью-Йорк штатындағы Сиракуз университетінің ғалымы Эрик Коглин осы құпияның…

Толық оқу
Жетісу облысы тұрғын үй мектеп

Жетісу облысында соңғы үш жылда жалпы ауданы 1 миллион шаршы метр болатын тұрғын үй салынып, 13 498 отбасы жаңа баспанаға ие болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның ішінде 2 362 пәтер әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға, ал 388 баспана апатты үйлерде тұрған тұрғындарға табысталды. Биылғы жылдың 11 айында өңірде 338 мың шаршы метр тұрғын үй халық игілігіне берілген. Әлеуметтік нысандарды жаңарту жұмыстары да қарқынды жүріп, өңірдегі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының жаңғырту деңгейі орта есеппен 55,8%-ды құрады. Осы бағытта жалпы саны 276 нысан жаңартылды. Білім саласында 19 жаңа нысан бой көтеріп, тағы 22 ғимарат күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде…

Толық оқу
жер қайтарылды

Жер ресурсын басқару комитеті игерілмей жатқан 2,1 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекет меншігіне қайтарды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жерді тиімді игеруге арналған республикалық комиссия осы бағыттағы жұмысты 2022 жылдан бері белсенді жүргізіп келеді. Аталған комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, құқық қорғау мекемелерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірген. 2025 жылы комиссия үш мәрте жалпы отырыс және 42 өңірлік жиын өткізген. Жалпы, 2022 жылдан бастап бүгінге дейін мемлекет меншігіне 14,3 миллион гектар жер қайтарылған. Оның ішінде 2022 жылы 5,4 миллион гектар, 2023 жылы 4,6 миллион гектар, ал 2024 жылы 2,2 миллион гектар болса, биылғы жылдың басынан бері 2,1 миллион гектар жер мемлекет меншігіне…

Толық оқу