Автор: Назым Болатхан

Бектенов үкіметі Ресей мен Беларүстен келетін

Бектенов үкіметі Ресей мен Беларүстен келетін автокөліктердің жолына кедергі қоюға бекінді. Енді осы елдерден келген темір тұлпардың утиль алымы бірден 40 есе өсуі мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Экология министрлігі осындай ұсыныс әзірлеп, жұрт талқысына ұсынды. Министрлік мұны Қазақстан көліктеріне Ресей мен Беларусьтің қойған кедергісіне жауап ретінде түсіндіріп отыр. Былтыр ресейлік кеден Қазақстанда құралып, Ресейге кірген Kia, Hyundai, Skoda секілді көліктерден қосымша утиль алым талап еткен. Орыстар мұны «реэкспорт» деп танып, әр көлікке орта есеппен 1-1,5 млн рубль қосымша төлем салған-ды. Астана да әлгі тәжірибені қайталап, қарымта ретінде Ресей мен Беларусьтен кіретін көліктің утиль алымын еселеп өсірмек. Қазір 1-2 литрлік қозғалтқышы…

Толық оқу
Арсенал Қайрат

«Қайраттың» тарихи дебюті сәтті болды. Қазақ футболшылары «Емирейтсте» «Арсеналға» лайықты қарсылық көрсетті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 29 қаңтарға қараған түні Лондонның әйгілі «Емирейтс» стадионында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы тур матчы өтті. «Қайрат» Англияның атақты «Арсеналына» қарсы барын салды. Ойын басталғаннан-ақ алаң иелері екпінді күшейтті. Үшінші минутта-ақ Дьекереш есеп ашты. Бірақ қазақстандық футболшылардың рухы түспеді: арада төрт минут өткенде Жоржиньо пенальтиді мүлтіксіз орындап, есепті теңестірді. 15-ші минутта Хаверц алаң иелерін қайта алға шығарса, 36-шы минутта Мартинелли есепті еселеді. Бірақ ойын соңына дейін «Қайрат» қайсарлығын жоғалтқан жоқ. Жеңіліске мойынсұнбай, табандылық танытып, соңғы секундтарға дейін шабуылын үдетті. Осы жігерлі ойынның нәтижесінде қосымша минуттардың…

Толық оқу

Қазақстанда мотор майын цифрлық таңбалау жүйесі енгізілетін болды. Көптен бері талас туғызып келген таңбалау құнына қатысты сұраққа Энергі министрлігі соңғы нүктені қойды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алдымен таңбалау деген не, соны айтайық. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл өнімнің әрбір данасына арнайы цифрлық белгі қою. Белгі өнім туралы барлық ақпаратты (қашан, қайда шығарылған, кім импорттаған, сапасы қандай) көрсетеді. Министр Ақкенженовтің қаңтарда бекіткен бұйрығына сай, мотор майының әрбір цифрлық таңбасы бизнеске 4,7 теңгеге түседі. ҚҚС есепке алынбаған таза баға осы. Енді ақпаннан бастап импортталған, елде өндірілген немесе ЕАЭО елдерінен келген майдың бәріне осы жүйе міндетті. Министрлік бір таңбаның құны қалай есептелгенін ашып көрсетті. Оның…

Толық оқу
Қазақстан санкция құрсауындағы Кремльге

Қазақстан санкция құрсауындағы Кремльге элиталы көліктер жеткізудің көлеңкелі дәлізіне айналғаны анықталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Ресей тікұшақтары» холдингі басшысының орынбасары Вадим Лигай санкцияны айналып өтіп, бағасы 307 мың доллар тұратын Bentley Bentayga жол талғамайтын көлігін сатып алған. TriTrace Investigations жобасы жүргізген зерттеуге сүйенсек, көлік Ресейге Беларусь пен Түркия арқылы жасырын жеткізілген. Жеткізуді формалды түрде Татарстандағы суасты қайығы, бронды кеудеше мен дрондарға арналған желім шығаратын «Қазан зауыты» рәсімдеген екен. Құжат бойынша көлік көршіміздің нарығына бағытталмаған, алайда соңғы аялдамасы Ресей екені анық көрсетілген. «Оқиға жалғызлікті емес, санкциядан кейінгі люкс көліктерді параллельді импортпен тасудың кең таралған схемасы. 2022 жылдың наурызынан бері Мәскеуге Bentley, Rolls-Royce,…

Толық оқу
Атышулы «Kazakh Invest» тағы сүрінді

Атышулы «Kazakh Invest» тағы сүрінді. Ашуға мінген Бектенов инвесторлардың тағдырымен ойнауды доғаруды талап етті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкімет басшысы Олжас Бектенов инвестициялық жобалардың орындалмауы мен бюрократиялық бөгеттер үшін ұлттық компания мен өңір әкімдіктерін қатаң сынға алды. Аймақтарға нақты іске асыруға жіберілген 25 ірі жобаның үшеуі ғана белсенді жүріп жатыр. Қалған жобалардың тағдыры белгісіз күйде қалған. Осы орайда KAZAKH INVEST басқарма төрағасына ескерту жарияланды. Премьер инвестжобалардың тұралап қалған мәселесін үш күн ішінде шешуді тапсырды. Нәтиже болмаса, кінәлі тұлғаларға қатысты тәртіптік шара қолдану мәселесі қаралады. Инвесторларға әдейі кедергі келтірген лауазымды тұлғалар туралы барлық деректер Бас прокуратураға жолданды. 2026 жылға Қазақстанға 25,5 млрд…

Толық оқу
Алматы Шанхай

Air Astana Алматыдан Шанхайға тікелей рейстерін іске қосады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алматы мен Шанхайды тікелей байланыстыратын алғашқы ұшақ 2026 жылдың 29 наурызында әуеге көтеріледі. Ұшақ аптасына үш рет қатынайды: сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері Алматыдан шығып, дүйсенбі, сәрсенбі мен жұма күндері Шанхайдан қайтады. Әуе компаниясының мәліметінше, Алматыдан ұшақ кешкі сағат 19:10-да ұшып шығып, Шанхайға жергілікті уақыт бойынша келесі күні таңғы сағат 04:25-те қонады. Қайтар бағыттағы рейс Шанхайдан таңғы 05:40-та көтеріліп, Алматыға сағат 10:15-те жетеді. Екі жаққа эконом-кластағы билеттің ең төмен бағасы 281 312 теңгеден басталса, бизнес-кластағы орын құны 921 132 теңгеге бағаланып отыр. Шанхай бағытының ашылуымен Қазақстан мен Қытай арасында…

Толық оқу
Қазақстанның жаңа Конституциясы қандай болмақ

Қазақстанның жаңа Конституциясы қандай болмақ? Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов реформа жөніндегі комиссияға өзгерістердің тұтас жобасын таныстырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа редакциядағы жобада Ата заңның 77 бабына түзету енгізілген. Бұл негізгі заң мәтінінің 84 пайызы өзгеріп, толық жаңарады деген сөз. Қолданыстағы Конституция кіріспе мен 9 бөлімнен, 101 баптан тұрса, ұсынылып отырған жаңа жобада кіріспе, 11 бөлім және 104 бап болады. Конституцияға екі жаңа тарау енгізілмек: «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі». Төрт бөлімнің атауы толық өзгертілді «Жалпы ережелер» → «Конституциялық құрылыстың негіздері»; «Адам және азамат» → «Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттер»; «Парламент» → «Құрылтай»; «Соттар және…

Толық оқу
Қазақ көрерменінің сүйікті актері

Қазақ көрерменінің сүйікті актері, театр мен кино майталманы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Анатолий Креженчуков өмірден өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Суық хабарды Михайл Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры жеткізді. Марқұм соңғы уақытта сырқатпен күресіп келіпті. «Өкінішке қарай, адам мүмкіндігі шексіз емес екен. Анатолий Николаевич тек актер емес еді, театрдың жаны, ар-ұяты әрі шын мәніндегі ақсақалы болатын», – деп жазды театр өкілдері. Әлемжелідегі жазба астында жүздеген көрермен көңіл айтып, оның сахнадағы шеберлігін ерекше жылылықпен еске алды. Бірі: «Ақтық сапарыңыз нұрлы болсын», – десе, екіншісі: «Сахна тағы бір жарық жұлдызынан айырылды», – деп мұңайды. Анатолий Креженчуков 1950 жылы 4 наурызда Алматыда дүниеге келген.…

Толық оқу

Материал редакция шешімімен сайттан алынды. Ertenmedia өз оқырмандарына сенімді, тексерілген әрі тәуелсіз контент ұсыну ұстанымын берік сақтайды.

Толық оқу
ауа райы болжамы

Алдағы үш күнде еліміздің үш ірі қаласында ауа райы құбылмалы болып, аяз бен көктайғақ күтіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астанада қаңтардың 26-сы күні қар жауып, боран соғады. Түнде 20-22 градус суық болса, күндіз ауа температурасы -13-15 градус шамасында сақталады. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Қаңтардың 27-сі күні де елордада қар мен бұрқасын жалғасады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 15-17 градус аязға дейін төмендейді. Солтүстік-шығыстан жел 9-14 м/с жылдамдықпен еседі. Ал 28 қаңтарда жауын-шашын тоқтайды. Бірақ аяздың беті қайтпай, күндіз 17-19 градус, түнде тіпті 24-26 градус суық болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Алматыда алдағы екі күнде жауын-шашын жоқ.…

Толық оқу