Қазақстанда пәтер сататындарға қатысты салық тәртібі өзгерді. Енді үйді салықсыз сату үшін бұрынғы бір жыл жеткіліксіз болуы мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық кодексіне қатысты түсіндірмесінде 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген жылжымайтын мүлікке иелік ету мерзімі екі жыл болатынын көрсетті. Бұрын пәтер, үй, саяжай, гараж секілді мүлікті бір жылдан кейін сатса, құн өсімінен салық туындамайтын. Енді жаңа тіркелген мүлік бойынша қауіп күшейді. Екі жылдық өлшем кімге қатысты? Жаңа тәртіп 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін меншікке тіркелген жылжымайтын мүлікке қолданылады. Яғни адам пәтерді 2026 жылы сатып алып, оны екі жылға жеткізбей қымбатқа сатса, салық төлеу мәселесі туындауы…
Автор: Назым Болатхан
Қазақстанда қарыз өндіру тәртібі азаматты тығырықтан шығарудың орнына, кейде одан сайын бұғаулап тастайтын жүйеге айналып барады. Депутат Мұрат Әбенов шамамен бір жарым миллион шоттың бұғатта тұрғанын айтып, қазіргі тәжірибенің Конституция талабымен қаншалық үйлесетінін ашық сұрады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың сөзінше, банк саласына қатысты бұрын қабылданған өзгеріс пен алаяқтыққа қарсы шарадан кейін басқа бір ауыр мәселе алға шыққан. Ол адамның шоты жаппай бұғатталып, қарыз дауы сотқа жетпей-ақ шешіле беретін тәртіп. Әбеновтің айтуынша, жағдайды анықтай бастағанда, нотариустарға өте үлкен өкілет берілгені әшкере болған. Азаматтың өзін шақырмай, уәжін тыңдамай, ісін сотта қарамай-ақ, оны борышкер ретінде тануға жол ашылған. «Бір жарым миллионға жуық шот…
Шымкенттік танымал автоблогер Руслан Жанпейісов полиция рейдін видеоға түсіргені үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Блогердің ісін қараған апелляциялық сот Райымбековті полицияға бағынбады деп танып, алғашқы соттың шешімін өзгерткен. Бұған дейін, 23 сәуір күні әкімшілік сот блогердің әрекетінде құқық бұзушылық құрамы жоқ деп ақтап шыққан еді. Полицияның мәлімдеуінше, Жанпейісов «Қауіпсіз жол» рейді барысында тәртіп сақшыларының жұмысына кедергі келтірген. Блогер рейд кезінде тікелей эфир жүргізіп, полицейлердің іс-әрекетін сынға алып отырған. Дегенмен Жанпейісовтің өзі сотта мүлде басқа деректі келтірді. Оның айтуынша, рейдті түсіру туралы өтінішті полицейлердің өздері жасаған. «Маған полиция қызметкерлері хабарласып, рейдті видеоға түсіріп беруді сұрады. Сенің көп…
Қазақстанда маркетплейс арқылы сауда жасайтын сатушының табысын салық органдары жіті бақылай бастады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекеттік кірістер комитеті электронды саудаға қатысты жаңа тәртіп енгізілгенін мәлімдеді. Енді интернет алаңының иелері ай сайын сатылған тауар, көрсетілген қызмет және жеке тұлғаларға жасалған төлем туралы мәліметті мемкірістер органдарына жолдап отыруға міндетті. Яғни Kaspi, Wildberries, Ozon секілді алаң арқылы тұрақты сауда жасап отырған кәсіпкердің айналымы платформадағы дерек арқылы көрінеді. Салықшылар кейін сол мәліметті сатушы тапсырған декларациямен салыстырады. Дерек енді платформадан келеді Жаңа талап бойынша маркетплейс иелері есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей мәлімет беруге тиіс. Онда сатушы, сатылған тауар, көрсетілген қызмет және жасалған төлем туралы…
Қазақстанда әскери қызметкерлерге берілетін материалдық көмек пен сыйақы жүйесі өзгертіліп, бірізді және ашық механизм қалыптасты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жаңа тәртіпке сәйкес енді әрбір әскери қызметкер өмірлік жағдайына байланысты қанша қаржы алатынын алдын ала біліп отырады. Жаңа ереже бойынша, бала туу, некеге отыру, бала асырап алу, емделу немесе мүліктік шығындарды өтеу секілді маңызды жағдайларда әскери қызметкерге 255 мың теңгеге дейін материалдық көмек көрсетіледі. Ал егер әскери қызметші жақын туысынан немесе жұбайынан айырылса, төленетін материалдық көмек мөлшері 425 мың теңгеге дейін өседі. Осы арқылы мемлекет қиын жағдайға тап болған әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуді көздеп отыр. Сонымен қатар, марапаттау…
Белгілі шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықова Қазақстан шахмат федерациясын сынға алып, спортшылардың тұрақты жалақыдан қағылғанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Таңжарықованың айтуынша, Тимур Турлов басшылыққа келгеннен кейін спортшылар бұрынғы ай сайынғы еңбекақыларынан толық айырылып, тек грантқа тәуелді болып қалған. «Турлов келгенге дейін федерация спортшыларға жалақы төлейтін. Ересектерге көбірек, балаларға азырақ. Бұған қосымша гранттар да қарастырылған еді. Қазір тек гранттар қалды, оның өзі бұрынғыдан аз. Доллардың қазіргі курсын ескерсек, тіпті төмендеп кетті деуге болады», – дейді Таңжарықова. Оның айтуынша, қазір әлем чемпионы, ұлттық құраманың үздік спортшыларының гранты 70 миллион теңге. Бұл сомадан 30 пайыз салық ұсталса, спортшының қолына жылына небәрі 49…
Қазақстанда салық төлеудің бірыңғай тетігі енгізілмек. Жаңа жүйе азамат пен кәсіпкерді ондаған кодтың арасынан шатастырмай, қате төлемнен туатын қарыз, пеня және шот бұғаттау қаупін азайтуы тиіс, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, әңгіме барлық салықты бір түрге біріктіру туралы емес. Салық атауы да, міндеттеме түрі де сақталады. Өзгеретін нәрсе төлем жасау тәсілі. Яғни салық төлеуші ақшаны бір кодқа аударады, ал оның әрі қарай қай салыққа, қандай міндеттемеге бөлінетінін мемлекеттік жүйенің өзі анықтайды. «Бұл бірыңғай салық емес, мұны бірыңғай төлем деп атауға болады. Салықтар, салық түрлері сақталады, бірақ салық төлеуші бір кодқа төлейді», деді Ержан Біржанов. Қазіргі жүйенің басты…
Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесінің көтерілуіне байланысты бастапқы үрей біртіндеп сейілгендей. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, салық реформасының қысқа мерзімді әсерін экономика 2026 жылдың басында-ақ еңсеріп үлгерген, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министр алғашқы тоқсан дерегін алға тартып, реформаның нәтижесі күткен бағытта жүріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, эмоция, күдік пен күмәннан бөлек, нақты көрсеткіш бар. Ал сол көрсеткіш бюджет кірісінің өсіп, бизнестің жаңа тәртіпке бейімделе бастағанын аңғартады. «Фактілер қыңыр нәрсе, олар эмоцияға, қорқыныш пен күтуге тәуелді емес. Шындық басқаша болып шықты. Бірінші тоқсан қорытындысының өзінде салық реформасы біз күткен нәтижені бере бастағанын айтуға болады», — деді Жұманғарин. Бюджетке түскен ақша көбейді 2026 жылға…
Қазақстан жолдарында орнатылған автоматты камералар инспекторсыз-ақ тәртіп бұзуды тіркеп отыр. Алайда мұндай айыппұл әрдайым мінсіз деген сөз емес, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Фото және видеофиксация жүйелері жылдамдық асырған, қызылға өткен секілді әрекеттерді жылдам анықтайды. Соған қарамастан, техника да, оны өңдейтін жүйе де қателіктен ада емес. Кей жағдайда жүргізушіге жолданған қаулының заңдылығы күмән тудырады. Осы орайда заңгер Нұршат Қазбекова Ertenmedia-ға айыппұлды даулауға негіз болатын бірнеше факторды атап өтті. Айтуынша, алдымен техника мәселесі маңызды. Жүйеде камераның сертификаты мерзімінен асып кетуі, жылдамдықты дұрыс есептемеуі, түсірілген уақыт пен күннің сәйкес келмеуі жиі кездеседі. Кадр сапасының төмендігі де шешуші рөл ойнайды. Тұман, жаңбыр, қар секілді ауа…
Президент Тоқаевтың Креативті индустрияларды дамыту қорының кеңсесіне баруы осы саланың экономиканың дербес бағыты ретінде қарала бастағанын аңғартты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған қор талант, өндіріс, инвестиция, нарық, ілгерілету және экспорт бағытын бір арнаға тоғыстыруы тиіс. Жаңа кеңсе толық циклді шоурум үлгісінде жасалған. Мұнда идеяның дүниеге келуінен бастап, креативті өнімнің дайындалуы, қапталуы, таныстырылуы және нарыққа шығуына дейінгі жол көрсетіледі. Президентке зергерлік және ағаш шеберханасы, музыкалық кеңістік, кілем өнері залы, суретшілер аймағы мен fashion-зона таныстырылды. Ерекше назар аудартқан нысанның бірі Yurt Capsule. Онда киіз үй пішіні цифрлық өнер, мультимедиа және мәдени сторителлинг арқылы заманауи технологиялық сипат алған. Шығармашылық енді экономика…










