FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты. Оқиға 24 қаңтар күні Алматы – Орал бағытындағы FS7167 рейсін орындау барысында болған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әуе компаниясы таратқан мәліметке сүйенсек, Орал әуежайына қонғаннан кейін ұшақты толық тексеру үшін Астанадан арнайы инженерлік-техникалық топ шұғыл аттанған. «Барлық техникалық тексерулер мұқият аяқталған соң ғана ұшақтың ұшуына рұқсат берілді. Әуе кемесі 25 қаңтар күні сағат 01:17-де Орал – Алматы бағыты бойынша қайта сапарға шықты. Рейс кешіккен уақытта жолаушыларға ыстық тамақ пен сусын ұсынылып, сұраныс білдірген 33 адам қонақ үйге орналастырылды», – деп түсіндірді FlyArystan өкілдері. Компания өз тарапынан барлық әрекет авиациялық қауіпсіздік пен техникалық талаптарға қатаң сәйкестікте атқарылғанын жеткізіп,…
Автор: Назым Болатхан
Әлем футболының әйгілі жұлдызы, кезінде «Манчестер Юнайтед» сапында жасындай жарқылдаған португалиялық Луиш Нани «Ақтөбе» клубына ауысты. Футболшы Instagram желісінде ақтөбелік командаға келгеннен кейінгі әсерімен бөлісіп, алдағы жоспарын жария етті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Карьерамның жаңа белесіне қадам басқаныма қуаныштымын. Клуб иесі Нұрлан Артықбаевқа, басшы Арман Оспановқа және Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровқа жылы қабылдап, ерекше қолдау білдіргендері үшін алғысым шексіз. Клубтың болашаққа жасаған жоспары қатты әсер етті. Команданы Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де жоғары нәтижелерге жеткізу үшін бар күшімді саламын», – деп жазды ол. Толық аты-жөні Луиш Карлуш Алмейда да Кунья әлемдік футбол тарихында Нани есімімен белгілі. Ол Португалия ұлттық…
Көпқабатты үйде темекі тартып, түкірініп, қолындағы қоқысты қалаған жеріне тастай салатын тұрғындар бұдай былай қатаң жазаланады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәселен, кіреберісте бірер сағатқа қалдырған қоқыс пәкетінің өзі қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік кодекстің 434-2-бабымен жазаланып, 43 250–86 500 теңге (10–20 АЕК) көлемінде айыппұл салуға не 40–80 сағат қоғамдық жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Кіреберісте шылым шегу де заңсыз. Сигарет, кальян, вейп және IQOS сияқты құрылғыларды пайдаланған адам 64 875–86 500 теңге (15–20 АЕК) ал терезеден тұқыл тастаған тұрғындар 43 250–86 500 теңге (10–20 АЕК) айыппұл арқалайды. Қоғамдық жұмысқа жіберілуі де мүмкін. Ал ішімдік ішіп, подъезде сауық құрғандарға 21 625–43 250 теңге (5–10…
Қазақстанда зейнетақы төлемдері айтарлықтай өсті. Былтыр ел қазынасынан зейнеткерлерге жалпы сомасы 4 трлн 225 млрд теңге бөлінген. Соның ішінде базалық зейнетақыға 1 трлн 368,4 млрд теңге, ал ынтымақты зейнетақыға 2 трлн 856,6 млрд теңге жұмсалған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Елімізде зейнеткерлердің жалпы саны өткен жылы 2 млн 491 мың адамға жеткен. Орта есеппен алғанда әр зейнеткердің ай сайынғы зейнетақысы 143 143 теңгені құрады. Оның 95 549 теңгесі ынтымақты жүйе бойынша төленсе, 47 594 теңгесі базалық зейнетақы. 2025 жылдан бастап базалық зейнетақы мөлшері инфляция деңгейіне сәйкес 6,5%-ға көтерілсе, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға өсіп, инфляциядан 2%-ға артық белгіленді. Президент тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап…
Президент өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатса, билік алдымен вице-президентке өтеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында президенттің құқықтық мәселелер бойынша көмекшісі Ержан Жиенбаев осындай ұсыныс жасады. Оның айтуынша, мемлекет басшысы қызметінен ерте кеткен жағдайда президенттік міндетті бірінші болып вице-президент атқарады. Егер әлдебір себеппен вице-президент те міндетті атқаруға қабілетсіз болса, бұл жауапкершілік Құрылтай төрағасына, одан кейінгі кезекте премьер-министрге өтеді. Қазіргі Конституцияның 48-бабына сәйкес, президент қызметінен мерзімінен бұрын босаса, міндет Сенат төрағасына жүктеледі. Сенат төрағасы президент міндетін атқара алмаған жағдайда, өкілеттік Мәжіліс төрағасына, одан кейін премьер-министрге өтетіні жазылған. Жаңа өзгерістер бойынша осы тәртіптің орнына вице-президент пен Құрылтай төрағасының атауы…
Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында сот санкциясынсыз ұстау мерзімін қысқарту және адвокатура институтының конституциялық мәртебесін бекіту қажеттігін айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Спикердің айтуынша, жеке бас бостандығы — барлық құқықтың негізі және бұл қағидат Конституцияда нақты тетіктермен бекітілуі тиіс. Қазіргі қылмыстық процесте уақытша ұстаудың ұзақтығы адам құқығына тікелей қатер төндіреді. Мәди Мырзағараев технологиялық мүмкіндіктерді алға тарта отырып, бұл тәжірибені түбегейлі қайта қарау қажеттігін атап өтті. «Уақытша ұстау — бұл тергеудің алғашқы кезеңіндегі мәжбүрлі, айрықша шара. Бірақ осы уақытша шараның өзі мейлінше қысқа мерзімге ғана қолданылуы тиіс. Ең бастысы — сот қарауына тез арада жеткізу.…
Ерлан Қарин бір палаталы Құрылтайдың құзыреті туралы маңызды ұсыныстарды ортаға салды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, жұмыс тобы жаңа парламенттік модельде заң жобаларын үш оқылымда талқылауды ұсынып отыр. Алғашқы екі оқылымда заңның мазмұны талқыланса, үшінші оқылымда құжаттың заңнамалық және құқықтық тұрғыдан дұрыстығы пысықталмақ. Жұмыс тобы парламент жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесіне де қамтыған екен. Парламент демалыста болған жағдайда, заң шығару функциясын уақытша президентке жүктеу ұсынылды. Ерлан Қарин Мемлекет басшысының бұған дейін айтқан «президенттік квота» болмайтыны туралы мәлімдемесін еске салды. Дегенмен партиялық тізімде әйелдерге, жастарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған квота сақталады. Бұлар конституциялық заң нормасымен реттеледі. Сонымен қатар… Қазіргі Конституцияның…
Қазақстанда вице-президенттің билік шекарасы айқындалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президенттің құқықтық мәселелер бойынша көмекшісі Ержан Жиенбаев Ата заңға енгізілетін жаңа өзгерістерді жариялады. Айтуынша, вице-президентті Президент тағайындайды, бірақ бір нюанс бар. Шешімді Құрылтай депутаттарының басым көпшілігі қолдауы тиіс. Ал оны қызметтен босату Президенттің жеке құзырында болады. Ержан Жиенбаев вице-президенттің негізгі міндеті туралы да нақты ұсыныстарды ортаға салды. Вице-президент Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан сөйлей алады. Сонымен қатар, Президентті Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен байланыста өкілдік етеді. Одан бөлек, вице-президент Президент атынан ел ішіндегі және шетелдегі қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени-ағарту ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Өзге де өкілеті Мемлекет басшысының…
Ұлттық қордан бала-шағаға аударылатын қаражат көлемі былтырғы деңгейде сақталмақ. Ақпанның 1-і күні әр балаға шамамен 100–130 доллар аралығында төлем түседі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бас банкир Тимур Сүлейменовтің айтуынша, нақты соманың көлемі демографиялық және көші-қон ахуалына қарай нақтыланады. Яғни, елде дүниеге келген балалармен қатар, Қазақстаннан көшіп кеткен немесе азаматтығын ауыстырған бала-шаға саны да есепке алынады. Сүлейменов Ұлттық қордың табысы рекордтық көрсеткішке жеткенін де ерекше атап өтті. «Ұлттық қорды басқарудан түскен табыс 8,7 млрд доллар. Инвестициялық кірістілік 15%-ды құрады. Екі көрсеткіш те бұрын-соңды болмаған рекорд. Осындай жоғары нәтиженің арқасында қордан қомақты трансферт жасалғанына қарамастан, Ұлттық қордың активтері өсе түсті», – деді ол.…
Бас банкир Тимур Сүлейменов «теңге тағы құлдырап, доллар бағамы 1200-1500 теңгеге жетеді» деген әңгімеге нүкте қойды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Айтуынша, Ұлттық банк 2015 жылдан бері валюта бағамын нарықтың еркіне берген. Сондықтан «девальвация болады» деп дабыралаудың өзі қисынсыз. «Ұлттық банк те, Үкімет те доллардың бағамын өз қолымен көтеріп, не түсіре алмайды. Бұл бұрынғыдай қолдан басқарылатын үрдіс емес, нарықтағы теңгерімге байланысты. Қарапайым тілмен айтсақ, долларды сатып алушылар көбейгенде баға көтеріледі, экспорттаушылар валютасын нарыққа шығарғанда керісінше төмендейді. Біз бұған өте сирек жағдайда, ерекше ауытқу болғанда ғана интервенциямен араласамыз», – деді ол. Сүлейменов сондай-ақ елдің валюта нарығына ықпал ету мүмкіндігі Ұлттық қордан жасалатын трансферттерді…










