Жазғы демалыс маусымы қарсаңында қазақстандықтар жиі саяхаттай бастайды. Бірі демалыс орындарына асықса, енді бірі туған-туысына барады. Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаз мезгілінде қосымша пойыздарды іске қоспақ. Бұл туралы ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Ertenmedia.kz хабарлайды. Компанияның мәліметінше, биыл жазғы маусымда 13 бағыт бойынша қосымша пойыз жүре бастайды. Аталған пойыздардың 9-ы Қазақстанның әртүрлі қалаларынан Алакөлге қатынайды: №254/253 Астана – Достық; №207/208 Алматы-2 – Достық; №221/222 Алматы-2 – Достық; №211/212 Алматы-2 – Достық; №457/458 Семей – Достық; №459/460 Өскемен – Достық; Алматы – Достық (№21/6942/6941/22 пойыздар құрамында); Қызылорда – Достық (№21/6942/6941/22 пойыздар құрамында); Павлодар – Достық (№31/6942/6941/32 пойыздар құрамында). Сондай-ақ…
Автор: Назым Болатхан
Қазақстанда ынтымақты зейнетақының мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жиналған еңбек өтіліне тікелей байланысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әсіресе әйелдер үшін туған жылына қарай белгіленген арнайы еңбек өтілі межесі бар. Сол көрсеткіш кейін төленетін зейнетақы көлеміне елеулі ықпал етеді. 1998 жылға дейінгі өтіл не үшін маңызды Қазақстанда 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесі өзгеріп, жинақтаушы модельге көшу басталды. Содан бері негізгі рөлді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын міндетті жарна атқарады. Соған қарамастан, азаматтар үшін республикалық бюджеттен төленетін ынтымақты зейнетақы сақталып қалды. Оның көлемі дәл 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне қарап есептеледі. Қарапайым тілмен айтқанда, сол кезеңге дейінгі еңбек өтілі неғұрлым…
Қазақстандағы тасжолдарда соның ішінде Жетісу облысында, лазерлі қауіпсіздік жүйелері енгізіле бастады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа технология жарық сызықтарын тікелей жол бетіне түсіріп, жүргізушінің кеңістікті жақсырақ бағдарлауына көмектеседі. Мамандар осындай шешім жол апатын айтарлықтай азайтуы мүмкін деп отыр. Әңгіме жол төсемінің үстіне анық көрінетін жарық бағдарын түсіретін арнайы құрылғылар жайында. Жобаны «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы іске асырып жатыр. Бұл не үшін керек? Сала өкілдерінің айтуынша, мұндай жүйе жүргізушіге қозғалыс бағытын дәлірек ұстауға, жол жағдайындағы өзгеріске жеделірек жауап беруге және әсіресе ұзақ, бірсарынды учаскелерде зейінді жоғалтпауға жәрдемдеседі. Лазерлі бағдар түнгі уақытта және көріну деңгейі нашарлаған сәтте айрықша тиімді саналады. Жарық сызығы жүргізушінің көз…
Бектенов үкіметі шетелдіктердің елге кіруі мен құжат рәсімдеу тәртібін қайта қарап, бірқатар талапты жеңілдетті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа өзгеріс инвестиция тартуға, білікті кадр әкелуге және экономиканың шешуші салаларын күшейтуге бағытталған. Жеңілдетілген тәртіп бірнеше санатқа арналған. Атап айтқанда, инвесторлар мен кәсіпкерлерге, бизнес өкілдеріне, сұранысқа ие маман иелеріне, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік жобаларға қатысатын шетел азаматтарына жаңа мүмкіндік берілмек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өзгерістер инвестициялық және жеңілдетілген режим аясында іске асырылады. Яғни мемлекет сырттан келетін капитал мен кадрды бұрынғыдан да нысаналы түрде тартуға көшіп отыр. Не белгілі? Жаңа тәртіп аясында қарастырылған басымдық та аз емес. Олардың қатарында арнайы виза…
Қытайдың ұлттық мұнай корпорациясы (CNPC) мен Qazaqgaz ұлттық компаниясы Ақтөбе облысында орналасқан «Северный-1» алаңында мұнай-газ қорын барлау бойынша міндетті келісімшартқа қол қойды. Бектенов үкіметі аталған кеніш елдің мұнай-газ өндірісіндегі ірі орталыққа айналады деп үміттеніп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Qazaqgaz ақпаратына сәйкес, жаңа кеніш Бұлаш және Бозоба кен орындарымен шекаралас жатыр. Бұған дейін жүргізілген зерттеулер аумақтарда көмірсутек қорлары 5000-6200 метр тереңдікте екенін анықтаған. Келісімшарт шарты бойынша CNPC барлау жұмыстары үшін 3,5 миллиард теңге (шамамен 7,4 млн доллар) инвестиция салады. Бұл қаражатқа компания алдымен 2D және 3D сейсмикалық зерттеулер жүргізеді. Келесі кезеңде негізгі барлау ұңғымасы бұрғыланып, қажет болса көлденең ұңғымалар да қазылады.…
Қазақстанда күнделікті өмірдегі ұсақ-түйек көрінетін әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар қарастырылған. Түнде шулау, қоқыс лақтыру немесе үй жануарларын дұрыс ұстамау сияқты қарапайым ережелерді елемеу қалтаңызға ауыр тиюі мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Полиция, өрт сөндірушілер немесе жедел жәрдемді себепсіз шақырған адамға ең ауыр жаза белгіленген. Мұндай әрекет үшін айыппұл 60 АЕК (259 500 теңге). ІІМ өкілдерінің айтуынша, жалған шақырулар құтқару қызметтерінің жұмысын қиындатып, шұғыл көмекке мұқтаж адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Қоқыс пен тазалық ережесін бұзу: подъезден аулаға дейін Ең жиі кездесетін құқық бұзушылық қоғамдық орындарды ластау: подъезд пен аулаларға қоқыс тастау; белгіленбеген жерлерге қалдықтарды қалдыру; көпшілік пайдаланатын орындарды ластау. Осындай…
Қазақстанда зейнетақы төлемі тағайындалғаннан кейін зейнеткер куәлігін қашан алуға болатыны түсіндірілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Азаматтарға тиісті мәліметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы берген. Түсіндіруге зейнет жасына шыққан тұрғынның сауалы түрткі болған. Ол зейнетақысын рәсімдеп, алғашқы төлемін алып үлгергенімен, зейнеткер куәлігін нақты қай кезде барып алуға болатынын білмеген. Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, куәлік өтініш тапсырған бойда берілмейді. Құжат зейнетақы тағайындау рәсімі толық аяқталғаннан кейін ғана дайын болады. Негізгі белгі зейнетақы төлемі тағайындалғаны туралы SMS-хабарлама. Дәл сол хабарлама келгеннен кейін азамат бұрын өтініш тапсырған Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, зейнеткер куәлігін ала алады. Құжат басқа жерден емес, дәл сол өтініш берілген ХҚКО-да табысталады.…
Қазақстанда мемлекеттік грантпен оқыған түлектер оқуды аяқтаған соң міндетті еңбекпен өтеу талабын орындауы тиіс. Егер жас маман келісімшартта көрсетілген ережелерді сақтамаса, мемлекет оның оқуына кеткен қаражатты қайтаруды талап етеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Міндетті еңбекпен өтеу кімге және қалай қолданылады? Қазіргі тәртіп бойынша мемлекеттік грантпен білім алған бакалавриат, магистратура және докторантура түлектері мамандығына сай мекемеде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті. Қай жерде және қалай жұмыс істейді? Түлектер өз мамандығы мен дайындығына сәйкес ұйымдарда жұмыс істейді. Мемлекеттік мекемелермен қатар, жеке компанияларда да жұмыс істеуге рұқсат етілген. Арнайы категорияларға жататын педагог, дәрігер және ауыл шаруашылығы мамандары өз саласы бойынша жұмысқа орналасуы тиіс. Өтеу…
Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлем мен банк қызметіне қатысты жаңа талап күшіне енбек, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұлттық банк бекіткен өзгерістер банктердің ақша өндіру құзыретін кеңейтіп, азаматтардың қаржы операциясына қойылатын бақылауды күшейтеді. Жаңа тәртіпке сай, банк кей жағдайда клиенттің рұқсатын күтпей-ақ шоттан ақша есептен шығара алады. Әңгіме заңда нақты көрсетілген негіздер жайында болып отыр. Оған сот шешімі, салық органының қаулысы немесе атқарушылық өндіріс аясындағы талап кіреді. Осындай жағдайда қаражат міндетті түрде өндіріліп алынады. Нені білу керек? Яғни мәселе банктің өз бетінше шешім қабылдауында емес, заңды күшіне енген талапты орындауында. Дегенмен қарапайым клиент үшін мұндай өзгеріс шоттағы ақшаның күтпеген сәтте алынуы мүмкін деген…
Қазақстанда депозит әлі де ақша сақтаудың ең түсінікті әрі кең тараған құралының бірі болып тұр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Валюта бағамының құбылуы, инфляциялық күтудің күшеюі және пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі аясында банк салымына деген қызығушылық бәсеңдеген жоқ. Керісінше, нарықта табыс, икем және қолжетімділік үшін күрес күшейіп келеді. Елдегі депозит нарығы негізінен екі бағытқа бөлінеді. Біріншісі белгілі мерзімге ашылатын, табыстылығы жоғарырақ мерзімді салымдар. Екіншісі клиентке ақшасын кез келген сәтте пайдалануға мүмкіндік беретін талап еткенге дейінгі салымдар. Соңғысының икемі мол болғанымен, сыйақысы көбіне мардымсыз, кейде мүлде нөлге жуықтайды. Сондықтан мұндай шот күнделікті есеп айырысуға не уақытша ақша сақтауға ыңғайлы саналады. Мерзімді депозитте қанша ақша…










