Автор: Самал Жолжақсынова

Барша мұсылманы қауымы үшін қасиетті

Барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталды. Биылғы Рамазан айы 19 ақпаннан басталып, 20 наурызға дейін жалғасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ай аяқталған соң мұсылмандар Ораза айт мерекесін қарсы алады. Әр өңірдегі ауыз бекіту (сәресі) және ауыз ашу (ифтар) уақыттарының нақты кестесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде алдын ала жарияланады. Медициналық ұсыныстар: келесі ережені есе ұстаңыз Күні бойы тамақ пен сусыз жүру ағзаға үлкен сынақ. Сондықтан дәрігерлер Рамазан айында денсаулыққа зиян келтірмеу үшін бірнеше ережені сақтауды ұсынады: Сәресі (таңғы ас): мамандар таңғы асқа күрделі көмірсулар (ботқалар, тұтас дәнді нан) және ақуызға бай тағамдарды (жұмыртқа, сүзбе) пайдалануды…

Толық оқу
тоқаев трамп

Президент Тоқаев Уашиңтонда өткен «Бейбітшілік кеңесінің» алғашқы отырысында Доналд Трамп атындағы арнайы сыйлық тағайындауды ұсынды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Президент Трамптың бейбітшілік саласындағы ерекше еңбегі мен халықаралық бастамаларын ескере отырып, Бейбітшілік кеңесінің арнайы сыйлығын оның есімімен атауды ұсынамын. Бұл сыйлық оның әлемдік деңгейдегі келісім орнату жолындағы батыл қадамдарын айрықша атап өтеді», – деді Тоқаев. Қазақстан басшысы кеңестің күн тәртібі ауқымды әрі жаһандық сипатта екенін атап өтті. Сондықтан Қазақстан ұйымға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Оның ішінде түрлі деңгейдегі кездесулер мен шараларды ұйымдастыру мәселелері де бар. Тоқаев өз сөзінде Бейбітшілік кеңесін әлемдегі қазіргі жағдайға нақты жауап беретін, бұрын-соңды болмаған халықаралық құрылым деп бағалады.…

Толық оқу
ерболат құдайберген

Тұрғындардың шағымынан кейін танымал әнші Ерболат Құдайберген наркологиялық орталыққа емделуге жіберілді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін желіде Алматыдағы наркологиялық орталықтың алдында тұрған Ерболат Құдайбергенге ұқсайтын адамның видеосы тараған болатын. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, әншінің үстінен көпқабатты үй тұрғындарынан шағым түскен. Олар оның қоғамдық тәртіпті бұзып, агрессивті мінез көрсеткенін айтқан. «Оқиға орнына учаскелік инспектор бірден барған. Шағым расталды: азаматтың жағдайы нашар екені байқалды, айналасындағы адамдардың мазасын алып, өзін агрессивті ұстаған», – делінген полиция хабарламасында. Ұсталғаннан кейін әншіні дәрігерлер тексеріп, наркологиялық мекемеде 15 күн емделуі қажет деген шешім шығарды. Сонымен қатар, Ерболат Құдайберген әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған тыныштықты бұзу, тіркеусіз тұру және…

Толық оқу
серік жұманғарин

Қазақстан экономикасы әлі де мұнайға тәуелді, бюджет пен экспорт «қара алтынның» бағасына байлаулы қалып отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Экономист Асқар Исмаилов премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің «мұнай-газ саласының ел экономикасындағы үлесі 2010 жылғы 16,5%-дан биыл 8,1%-ға дейін азайды» деген сөзін сынға алды. Сарапшының сөзінше, ЖІӨ-нің үлесі теңгемен есептелгендіктен, бұл мәлімдеме шынайы ахуалды көрсетпейді. Қазақстан соңғы онжылдықта бірнеше рет девальвация мен инфляцияны бастан кешті. Brent мұнайының бағасы 2011–2013 жылдары 100 доллардан асып, 2015 және 2020 жылдары құлдырап кеткені белгілі. Яғни, мұнайдың экономикадағы үлесі тек өндіріс көлеміне емес, оның нарықтағы бағасына да тікелей тәуелді болып тұр. «Министрдің сөзіне қарап, экономиканың…

Толық оқу
Рамазан-2026

2026 жылы мұсылмандардың қасиетті айы – Рамазан 19 ақпанда басталады. Бір айға жалғасатын ораза 19 наурызда аяқталып, ертесіне мұсылман қауымы Ораза айт мерекесін тойлайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ораза ұстауға ниет ету және ауызашар кезіндегі дұғалардың мағынасы: Сәресіде (ораза бастау ниеті): «Науайту ән асума саума шахри Рамадана минәл фәджри иләл мағриби халисан лилләһи тәъалә. Уә би сауми ғадин науайту мин шахри Рамадан». Мағынасы: «Алла разылығы үшін шын жүректен рамазан айының оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім». Ауызашарда айтылатын дұға (ифтар дұғасы): «Аллаһумма ләкә сумту уә бикә әмәнту уә аләйкә тәуәккәлту уә алә ризқикә әфтарту уә саумәл-ғади мин шахри…

Толық оқу
депозит қазақстан

Қазақтар жинақтарын жоғары табысты, бірақ шарты қатаң депозиттерге белсенді ауыстыра бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) 2025 жылдың соңғы тоқсанындағы нарықты талдап, тұрғындардың депозит талғамы айтарлықтай өзгергенін мәлімдеді. Былтыр алғаш рет мерзімсіз депозиттер көлемі 4,1%-ға төмендеген. Бұрын осы салым түрі тұрақты өсіп келген еді. Мерзімсіз депозиттердің шарты жеп-жеңіл: салымшы кез келген уақытта ақшасын еркін алып, шотты толықтыра алады. Алайда оның пайыздық мөлшерлемесі әдетте төмен болады. Ал мерзімді және жинақ депозиттерінің пайызы көп, табысы әлдеқайда жоғары, бірақ шарты да анағұрлым қатаң. Мысалы, мерзімді салымдардан ақшаны мерзімінен бұрын алу кезінде пайыздың бір бөлігінен айырылуға тура келсе, жинақ салымынан…

Толық оқу
расул рысмамбетов

Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру жұмысының уақытша тоқтауы ел экономикасының шикізат секторына қаншалықты тәуелді әрі осал екенін тағы бір рет дәлелдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Белгілі қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетовтің пікірінше, бір ғана ірі кен орнындағы технологиялық ақаулардың өзі елдің макроэкономикалық жағдайына айтарлықтай ықпал етеді. «Егер бір ғана кен орны бүкіл республикадағы мұнай өндіру көлемінің шамамен 30%-ын қамтамасыз етсе, ондағы қысқа мерзімді кідірістің өзі бірден макроэкономикалық факторға айналады. Шикізаттық экономиканың қаншалықты нәзік екенін осыдан көруге болады», – дейді Рысмамбетов. Сарапшы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өндірісті әртараптандырудың маңызы зор екенін айтты. Оның ойынша, мемлекет бұл үдерісте кәсіпкерлерге қолдау көрсеткені дұрыс, бірақ…

Толық оқу
ордабасы сыздықбеков

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы бұдан былай жеке инвесторға өтеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Клубты жекешелендіру туралы меморандумға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Integra Construction KZ» компаниясының басшылығы қол қойды. Құжаттың басты мақсаты жеке инвестиция тартып, клубты нарық талабына сай басқару. Инвестор команда инфрақұрылымын жаңартып, жаттығу базасын дамытуды, клубты цифрландыруды және бастысы коммерциялық тиімділігін арттыруды көздейді. Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, «Ордабасының» жеке қолға өтуі Шымкенттің футбол орталығы ретіндегі беделін көтеріп, клубтың ішкі және халықаралық жарыстағы бәсекеге қабілетін арттырады. Сөй деген әкім осы тұста ең басты мәселені меңзеп өтті. «Өз жағымыздан клуб үшін біраз нәрсе жасадық. Оқу-жаттығу базасын аштық, жаңа жаттығу алаңын салдық, жас…

Толық оқу
Ұлттық қауіпсіздік комитеті атышулы стендап-комик Нұрлан Сабыровқа қатысты тексеріс жүргізіп жатыр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті атышулы стендап-комик Нұрлан Сабыровқа қатысты тексеріс жүргізіп жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін редакцияның ресми сауалына екіұшты жауап қатқан комитет, ақыр соңы осы тараптағы ел пікірін ескерген сынды. Тексеріске Сабыровтың Украинада небір зұлымдық жасаған «Уағнер истра» жасағына тарту еткен сый-сияпаты түрткі болған. Бұдан бөлек комик соғысқа арналған қорға 2 млн рубль аударған. Тіпті әлгілерге «жеңіспен оралуды» тілеген сәті де анық көрінеді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеріс фактісін растады, алайда оның қашан аяқталатынын ашып айтпаған. Заңгер Бауыржан Оңғаровтың пікірінше, Сабыровтың әрекеті Қазақстан заңнамасы бойынша ауыр қылмыс санатына жатады. Қазақстанға қатысы жоқ жеке әскери құрылымдарға қаржылай немесе материалдық қолдау көрсету…

Толық оқу
жұлдыз сүлейменова

Қазақстанда білім беру саласын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Биыл еліміздің әр түкпірінде 47 мыңға жуық оқушыға арналған 90 жаңа мектептің құрылысы қолға алынған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Ведомство дерегінше, жаңа мектеп құрылысына бірнеше қаржы көзі жұмылдырылған. Атап айтқанда, арнайы мемлекеттік қор, білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, жергілікті бюджет және жеке инвесторлардың қаражаты есебінен жүзеге асады. Жаңа мектептердің басым бөлігі Астана, Шымкент қалаларымен қатар Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Түркістан және Шығыс пен Батыс Қазақстан облыстарында бой көтереді. Бұдан өзге, алдағы үш жыл ішінде 1300 мектепті бірізді заманауи форматқа көшіру жоспары бекітілген. Оның ішінде ауылда орналасқан 900…

Толық оқу