13-15 ақпан аралығында Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы құбылмалы болады деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Қазгидромет» болжамынша Астанада аяз сақталып, жауын-шашын болмайды. 13 ақпанда түнде -26-28 °С суық болса, күндізгі уақытта -12-14 °С шамасында болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3-8 м/с. 14 ақпанда күн ашық, жауын-шашынсыз, түнде -21-23 °С болса, күндіз -9-11 °С болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күші – 2-7 м/с. Ал 15 ақпанда да ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз -5-7 °С-қа дейін жылынады, түнде -20-22 °С аяз сақталады. Алматыда 13 ақпанда бұлтты, арасында қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Түнде -4-6 °С, күндіз 0+2 °С шамасында. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады.…
Автор: Самал Жолжақсынова
Мектеп психологы Гүлсезім Жасқайратова әлемжеліде сала мамандарының қазіргі жағдайын ашып айтып, жанайқайын жазды. Пікірінше, бүгінде психологтардың жұмысы баламен тікелей қарым-қатынас жасаудан алыстап, тек тест жүргізіп, қағаз толтырумен шектеліп қалған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Мен мектеп психологымын. Бірақ соңғы кезде өзімді психологтан гөрі тест жүргізетін оператор сезінемін. Біз мамандықты балалардың жан дүниесін түсініп, қасында болу үшін таңдадық. Үнсіз ғана жылап отырған балаға демеу болу үшін келдік. Бірақ қазір біздің күніміз қалай өтеді? Таңертең тоғызда жұмысқа келіп, кешке дейін компьютер алдында отырамыз. Тест, тексеру, есеп, талдау, тағы бір есеп, тағы бір кесте, тағы бір мерзім», – дейді психолог өз жазбасында. Автор балалардың тесттен…
2026 жылғы 29 қаңтардан бастап республикалық маңызы бар 14 ақылы жол учаскесінде төлемақы есептеу тәртібі жаңарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. ҚазАвтоЖолдың мәлім еткеніндей енді жолда ақауы анықталған бөліктер уақытша ақылы қашықтықтан алынып тасталады. Соның нәтижесінде жүргізуші төлейтін сома айтарлықтай төмендейді. Шешімнің логикасы қарапайым: ақы тек талапқа сай, қауіпсіз жол бөлігі үшін ғана алынады. Ал ақауы бар тұстар толық қалпына келтірілгенге дейін тарифке кірмейді. Жүргізушіге қалай әсер етеді? Жолдың өзі ақылы болып қала береді, бірақ төлем мөлшері төмендетіліп есептеледі. «Ең маңыздысы ешқайда барып, өтініш жазудың қажеті жоқ. Төлем жүйесі бәрін автоматты түрде жүргізеді: ақауы бар бөліктерді өзі есептен шығарып, төлемді жаңаша шығарады»,…
Биылғы Рамазан айындағы пітір-садақаның мөлшері 735 теңге болып бекітілді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ел аумағындағы орташа екі келі ұнның бағасын негізге ала отырып, осындай шешім қабылдаған. Ұн бағасы әр облыс пен қаладағы діни басқарманың өкілдіктері ұсынған мәліметтер бойынша анықталған. Діни басқарма қазіргі таңда пітір-садақаны бидай түрінде емес, одан алынатын ұн мен талқан тәрізді өнімдер арқылы төлеу кең тарағанын айтады. Сондықтан садақаның мөлшерін анықтағанда ұн бағасы есепке алынған. «Шариғат бойынша пітірді бидаймен де, оның өңделген өнімдерімен де өтеуге рұқсат етіледі», – делінген басқарманың мәлімдемесінде. ҚМДБ пітір-садақаны Ораза айттың бірінші күні таңертең айт намазына дейін беру міндетті екенін…
Қазақстанда газ құю бекеттері мен автокөліктерге газ толтыру талаптары күшейтіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс «газбен жабдықтау және газды тиімді тұтыну жөніндегі» заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, елдегі 3 мың газ құю бекетінің 90 пайызы газ сақтау ыдыстарын жер үстінде ұстайды. Осындай станцияда өткен жылы Түркістан мен Атырауда болған жарылыстар адам өліміне әкелген-ді. Осыны ескере отырып, заңға мынадай маңызды өзгерістер енгізілді: жаңа газ құю станцияларының сыйымдылықтары міндетті түрде жер астына орналастырылады; жұмыс істеп тұрған станцияларға сыйымдылықтарды жер астына көшіру үшін 2031 жылдың 1 қаңтарына дейін уақыт беріледі; ресми белгіленбеген орындарда автокөліктерге және тұрмыстық газ баллондарына газ құюға…
Белгілі тележүргізуші, Қонаев қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ескендір Сергебаев президент Тоқаевқа үндеу жолдап, араша сұрады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тележүргізушінің айтуынша, Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы өзіне тиесілі 6 сотық учаскіні қалалық Жер ресурсын қадағалау департаменті «пайдаланбай отыр» деген желеумен алып қойған. Даулы мәселе осыдан 7-8 бұрын басталып, осы күнге дейін жалғасып келеді екен. «Былтыр желтоқсанда мәселе Түрксіб аудандық сотында қайта қаралып, департамент арызы тағы да негізсіз деп танылды. Тіпті, судья жер теліміне барып, сол жерде сот мәжілісін өткізіп, учаскіде екі ғимарат тұрғанын және аумақтың толық күтімде екенін көзімен көрді. Сөйтіп департаменттің талабын негізсіз деп таныды», — дейді Сергебаев. Алайда… Араға…
Атышулы әзілкеш Нұрлан Сабыров тағы да даудың ортасында қалды. Күні кеше Ресейге кіре алмай, елге қайтып келген комик ресейлік баскесерлерге қолдау білдіргені үшін ұзақ жылға сотталуы мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Танымал заңгер Бауыржан Оңғаровтың мәлім еткеніндей, Сабыровқа қатысты Қылмыстық кодекстің «жалдамалы жендеттік» туралы 170-бап 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бұл бап бойынша айыпталушыға 7 жылдан 12 жылға дейінгі аралықта жаза тағайындалады. Заңгердің айтуынша, ресейлік «Уағнер» жеке әскери жасағына қаржылай және материалды қолдау көрсеткен Сабыровтың әрекеті әлгі баптың талабына толық сәйкес келеді әрі қылмысы толық дәлелденген. Контекст Жақында әлемжеліде Сабыровтың Украин жерінде небір зұлымдық жасаған «Уағнер Истра» жасақтарына 10 мотоцикл…
Әйгілі айтыскер ақын Серік Құсанбаев Шығыс Қазақстанның қазіргі ахуалы мен облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов туралы пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақын өз жазбасында Шығыс Қазақстанның стратегиялық маңызы жоғары екенін атап өтіп, өңірдің Ресей және Қытай секілді ірі көршімен шектесетінін еске салған. Осы себептен облысқа артылар жауапкершіліктің де салмағы басым. Сапарбаев қандай еді? Құсанбаев тәуелсіздік жылдары аймақты басқарған тұлғалар арасында елдің ерекше құрметіне бөленгендердің бірі — марқұм Бердібек Сапарбаев екенін айтады. Ақынның пікірінше, халық Сапарбаевты деген тек іскерлігі үшін емес, елге жақын мінез-құлқы мен қазақы бітім-болмысы үшін бағалаған. «Бұл тарих қойнауына кетердей ертеректе болған оқиға емес. Бәрі де күні кешегідей елдің…
Қазақстан Конституциясындағы орыс тілінің мәртебесінің өзгеруі елдегі орыстілді тұрғындардың көшіп кетуіне ықпал етуі мүмкін. Ресей Мемлекеттік думасының ТМД істері жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Виктор Водолацкий осындай пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қазақстан Конституциясына енгізіліп жатқан өзгеріс мемлекеттің ішкі шаруасы. Әр халық өзінің негізгі заңындағы баптардың қалай жазылатынын өзі шешеді. Орыс тіліне қатысты тұжырым да сол халықтың дауыс беріп таңдаған еркі», – деді депутат «Лента.ру» порталына берген пікірінде. Дегенмен… Водолацкийдің айтуынша, мұндай өзгеріс Қазақстандағы азаматтардың күнделікті тұрмысына ықпал етпей қоймайды. Әсіресе, қағаз-құжатты орысша рәсімдеуге үйренген егде жастағы тұрғындар үшін қиындық туындауы мүмкін. «Енді кез келген шенеунік хабарландыру мен түбіртекті тек…
Президент Тоқаев ұлттық компаниялардағы кейбір қызметкерлердің жұмысын қатаң сынға алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы экономикаға сапалы инвестиция тарту және жоғары технологиялы өндірістер құру мәселесіне ерекше тоқталды. Президенттің айтуынша, мұндай жауапты міндет бірінші кезекте жеке бизнеске жүктелген. Себебі сапалы инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу және азаматтардың табысын арттыру жеке сектордың белсенділігіне тікелей байланысты. Осы тұста Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің инвестициялық компанияға айналуы белгілі бір себептермен жүзеге асқанын атап өтті. Дегенмен, холдингтің нарықтағы ықпалы артса да, жеке бастамаларды тежеп, кәсіпкерлердің жолын бөгеуге жол берілмеуі керек. Дәл осы ескерту «Самұрық-Қазына» қорының жұмысына да қатысты айтылды. Тоқаев не дейді? «Мен ұлттық…










