Автор: Самал Жолжаксын

Avatar photo

Самал Жолжақсын Ertenmedia.kz редакциясында экономика, қаржы нарығы, банк секторы, салық саясаты және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күрделі қаржылық шешімдер қарапайым тілмен түсіндіріліп, оқырманға нақты әсері сараланады. Ұлттық банк, бюджет, валюта бағамы, несие, зейнетақы және тұрғын үй нарығына қатысты жаңалықтарды тұрақты қадағалайды.

қорғаныс министрлігі

2026 жылы Орталық Азия елдері арасында әскери шығындардың жан басына шаққандағы мөлшері бойынша Қазақстан көш бастады. Әрбір қазақстандықтың жылдық әскери шығыны 288 долларды құрады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. SIPRI халықаралық зерттеу орталығының дерегінше, әлем бойынша әскери шығындар 2,6 триллион доллардан асып кеткен. Әлемдік геосаяси жағдайдың ушығуына байланысты бұл көрсеткіш әлі де өсе береді деген болжам бар. Әскери шығындарды жан басына шаққанда көшбасшы мемлекет Израиль. Бұл елде әрбір тұрғынға жылына 3700 доллар жұмсалады. Тізімде келесі орында АҚШ 2400 доллар, Австралия 2100 доллардан. Ал Германия мен Ресейдің шығындары шамалас жан басына 1500 доллар шамасында. Ірі мемлекеттер халқының көптігіне байланысты әскери шығындар бойынша төмен…

Толық оқу
жер сілкінісі

Соңғы уақытта Алматы әлсін-әлсін дірілдеп тұр. Қала халқы елеусіз дүмпулерге үйреніп алғанымен, мамандар мұның қауіпті белгі екенін ескертеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Белгілі қазақстандық сейсмолог Мұхтар Қайдаров Exclusive.kz порталына берген сұхбатында қаладағы жер дүмпулерінің ұсақ-түйек болып көрінгенімен, шын мәнінде ірі зілзалаға әкелетін процестің бір бөлігі екенін ашық айтты. Оның атап өткеніндей, «ұсақ тербеліс жер астындағы кернеуді азайтады» деген болжам, шындыққа жанаспайтын аңыз ғана. Шын мәнінде әлсіз жер сілкінісі үлкен энергияның жинақталып жатқанын көрсетеді. Сейсмологиялық тұрғыдан алғанда, осы процестің соңы ірі, күшті жер сілкінісімен аяқталуы әбден мүмкін. Сейсмолог маман мұндай болжамдардың ғылыми тұрғыдан дәлдігі жоғары болса да, қазір осы туралы ашық айтудың…

Толық оқу
Құрбанәлі Ахмет

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) елдегі соңғы оқиғаларға қатысты ресми мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. ҚМДБ исламның атын жамылған кейбір жат ағымдар мен жеке тұлғалардың әрекеттеріне алаңдаушылық білдіріп, олардың сөздері исламның шынайы болмысына мүлде сай келмейтінін жеткізді. «Адамдардың қате әрекеті үшін исламды кінәлау дұрыс емес. Исламда кемшілік жоқ, кемшілік адамның өзінде. ҚМДБ соңғы кездері қоғамды алаңдатқан оқиғаларға байланысты өз ұстанымын білдіреді. Кейбір жекелеген тұлғалардың әрекеттері мен сөздері ҚМДБ-ның немесе ислам дінінің атынан жасалмағанын ескертеміз», – делінген мәлімдемеде. Мүфтият қоғамда талқыланып жатқан Құрбанәлі Ахмет есімді азаматтың ҚМДБ-ға ешқандай қатысы жоқтығын ресми түрде хабарлады. «Құрбанәлі Ахмет мүфтият қызметкері емес, онымен ешқандай байланысымыз…

Толық оқу
Санжар Боқаев

Алматыда наурыз айының ортасында ұсталған саясаткер Санжар Боқаевқа аса ірі көлемде қаржы жымқыру және тал-теректі заңсыз отауды ұйымдастыру баптары бойынша айып тағылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегеновтің айтуынша, Боқаевтың іс-әрекеттері оның ұлттық компанияда қызмет істеген кезеңімен байланысты болып отыр. «Оған алаяқтық жолмен аса ірі көлемде ақша жымқыру және орманды заңсыз кесуді ұйымдастыру бойынша айып тағылуда. Тергеу аяқталған соң, барлық мән-жайды толық ашып көрсетеміз», – деді Өтегенов. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Прокуратура өкілі тергеу барысында куәгерлер мен айғақтар, сараптама қорытындылары жан-жақты зерделенетінін айтты. Өтегенов істің сотта ашық қаралуына прокуратура тарапынан ешқандай кедергі жоғын да жеткізді. «Қылмыстық іс сотқа…

Толық оқу
баспанадан шығару

Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев жаңа Конституцияның баспанадан шығаруға қатысты нормасына ресми түсініктеме беріп, тұрғын үй иелерінің құқығы толық қорғалғанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі болған Мерғалиевтің айтуынша, жаңа Конституцияның 28-бабы тұрғын үй иелерін соттың заңды күшіне енген шешімінсіз мәжбүрлеп шығаруға тыйым салып, олардың құқығын жоғары заңнамалық деңгейде қорғайды. «Бұл жаңа тәжірибе емес. Бұған дейін де заңнама өз бетімен баспанадан шығаруға тыйым салған. Мұндай нормалар Азаматтық кодекстің 188-бабында және «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 8-бабында бұрыннан бекітілген. Яғни, баспанадан мәжбүрлеп шығару тек сот шешімімен ғана жүзеге асады», – деді ол. Соттың міндеті кімнің баспанада тұруға заңды…

Толық оқу
Жұлдыз Сүлейменова жекеменшік мектептер

Оқу-ағарту министрлігі жаңадан ашылатын жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырысты тоқтатуды ұсынып отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрлік жеке мектептердің қарқынды көбеюі білім сапасына кері әсер етіп, мемлекеттік бюджет шығынын арттырғанын алға тартуда. Ведомство мәліметінше, мектептердің бір бөлігі өңірлердің нақты қажеттілігін ескерместен, жалға алынған ғимараттарда ашылған. Тіпті кейбір мектептерде оқушылардың жартысы онлайн форматта білім алған, бұл білім туралы заңға қайшы. Енді министрлік мемлекеттік тапсырысты тек өңірдегі инфрақұрылымдық мәселелерді нақты шешетін, үш ауысымды немесе апатты мектептердің жүгін жеңілдететін жеке оқу орындарына беруді ұсынуда. Қазіргі уақытта жеке мектептерді цифрлық бақылау жүйесі енгізілген. 2025 жылдың қыркүйегінен бері 785 мектеп толық цифрландырылып, бюджеттен қаржыландырумен синхрондалған. Бұдан бөлек,…

Толық оқу
нұрай серікбайдың өлімі

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша күдікті Ақтас ауылындағы психиатриялық ауруханада сараптамадан өтіп жатыр. Тергеу амалдары бір айдың ішінде аяқталып, сотқа жолданады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Сенат отырысының кулуарында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір тергеу белсенді жүріп жатыр. Күдікті Ақтаста барлық қажетті процедуралар мен сараптамалардан өтуде. Сараптама нәтижелерін алу үшін шамамен бір ай уақыт керек. «Нұрайдың қазасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті Ақтас ауылында, оған қатысты барлық тиісті сараптамалар тағайындалды. Шамамен бір айдан соң сараптама қорытындылары дайын болып, іс сотқа беріледі. Бұл мәселеде ешқандай күмән болмауы тиіс», – деді Бауыржан Әленов. Қажетті…

Толық оқу
қазақтілді БАҚ

Қазақстандықтардың ақпарат тұтыну дағдысында түбегейлі өзгерістер байқалып жатыр. Мемлекеттік тілге деген сұраныс артуда, ал әлемжелілер ақпарат алудың басты көзіне айналған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. DEMOSCOPE бюросының сауалнамасына қатысқандардың 76,5 пайызы ақпаратты қазақ тілінде тұтынатынын айтқан. Оның ішінде 45,4 пайызы мемлекеттік тілде ғана оқыса, 31,1 пайызы қазақ және орыс тілдерінде қатар ақпарат алады. Респонденттердің 21,1 пайызы ақпаратты тек орыс тілінде тұтынатынын айтқан. Ақпарат көздеріне деген сенім деңгейі қазақстандық аудиторияның сыни көзқарасын анық аңғартады.  Тұрғындардың басым бөлігі тек мемлекеттік БАҚ (57,4%) пен жақын туыстары мен таныстарының (54,4%) берген ақпаратын сенімді деп есептейді. Қалған ақпарат көздеріне сенім деңгейі төмен. Мәселен, блогерлерге – 66,1%, әлеуметтік желілердегі…

Толық оқу
бензин бағасы 2026

Қазақстанда бензин мен дизель бағасын ұстап тұруға бағытталған мораторий 1 сәуірден бастап өз күшін жойды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл шектеу былтыр қазан айынан биылғы 31 наурызға дейін күшінде болды. Осы аралықта АИ-92 маркалы бензин литріне 213-239 теңге, дизель отыны 317-337 теңге көлемінде бекітілген болатын. ENERGY MONITOR арнасының сарапшыларының пайымдауынша, мораторий мерзімі аяқталғанымен, мемлекет бағаның күрт көтерілуіне жол бермейді. Сарапшылар бензиннің литріне айына шамамен 1 теңгеге ғана қымбаттап, біртіндеп өсуін болжайды. Энергетика министрлігі де жанармай нарығындағы баға еркін қалыптасатынын еске салды. Дегенмен халық мүддесін қорғау мақсатында үкімет бағаның күрт және негізсіз өсуіне тосқауыл қоятынын жеткізді. 1 сәуір күні таңертең еліміздің ірі…

Толық оқу
марат қожаев

Сенатор Марат Қожаев жол қозғалысы ережесін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерге жазаны қатайтуды талап етіп, премьер Бектеновке сауал жолдады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қожаевтың пікірінше, қазіргі айыппұл жүйесі тәртіп бұзған жүргізушілер үшін тежеуші фактор болудан қалған. Керісінше, жүргізушілер айыппұлды «жолдағы жайлылық пен жылдамдық үшін төленетін ақы» деп қабылдайды. «Көптеген жүргізушілер үшін әкімшілік айыппұл профилактикалық мәнін жоғалтып, жылдамдықты асыру мен еркін қозғалу үшін қажетті шығынға айналған», – деді сенатор. Статистикаға сүйенген депутат жол апаттарының 90 пайызы жүргізушілердің кінәсінен, көбіне жылдамдық режимін сақтамаудан болатынын айтты. Ол қазіргі қолданыстағы бейнебақылау жүйесінің кемшіліктерін де сынға алды. Жүргізушілер тек камера орнатылған тұста ғана жылдамдықты төмендетіп, одан кейін…

Толық оқу