Автор: Самал Жолжақсынова

президент Тоқаев

Қазақстан суперпрезиденттік басқару үлгісімен түпкілікті қош айтысады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ескі Қазақстан? Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлімдеді. Президенттің айтуынша жаңа Конституция жобасында ұсынылған нормалар Қазақстанның саяси жүйесін «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты бойынша дамытуға бағытталған. «Соңғы жылдағы саяси реформалардың ауқымына көз жүгіртсек, Қазақстан суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тартып, Парламенттің рөлі мен беделі жоғары президенттік республика үлгісіне ауысқанын көреміз», – деді Тоқаев. Президенттің аргументі Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер пәкеті бұған дейін қолға алынған саяси реформа мен 2022 жылғы конституциялық түзетулердің заңды жалғасы. Сондықтан әзіргі конституциялық реформа ел басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін…

Толық оқу
Олжас Бектенов үкімет

Президент төрағалық еткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер Бектенов мемлекет әлеуметтік міндеттемесін толық көлемде орындап отырғанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алайда түрлі әлеуметтік төлемдердің тым көп әрі жүйесіз берілуі, оған қоса бақылаудың әлсіздігі бюджет шығыстарының негізсіз артуына себеп болған. Салдарынан мемлекет қаражаты тиімсіз жұмсалып, кей жағдайда тіпті ашық талан-таражға түскен. «Соңғы екі жылдың өзінде тиімсіз пайдаланылуы мүмкін болған 288 млрд теңге бюджет қаржысы үнемделді. «Түркістан» газетіне берген сұхбатыңызда және Ұлттық құрылтайдың 5-отырысында атап өткендей, әлеуметтік сала түбегейлі реформаны қажет етеді», – деді Үкімет басшысы. Бектенов кабинеті қандай шара қабылдады? Олжас Бектенов Үкімет қабылдап жатқан негізгі шараларға тоқталды: Әлеуметтік көмектің шашыраңқы түрлерін…

Толық оқу
жұлдыз сүлейменова құлсары

Құлсарыда сыныптастарына балтамен шабуыл жасаған оқушының оқиғасынан кейін білім ордасының директоры қызметінен босатылды. Басшының жұмыстан қуылғанын Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жария етті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, Атырау облысы Құлсарыда болған оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр. «Кеше Атырау облыстық білім басқармасының басшысымен тілдестім. Ол маған оқыс жағдай болған мектеп директорының қызметтен алынғанын жеткізді. Мектеп қабырғасындағы кез-келген бұзақылық, буллинг пен жанжалға құқықтық және әкімшілік тұрғыдан тиісті бағасы берілуі керек», – деді министр Сүлейменова. Ол қазіргі заңнама бойынша буллингке әкімшілік жаза көзделгенін еске салды. Сонымен қатар, оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында Атырау облысына арнайы комиссия аттанды. Комиссия өңірдегі бірқатар мектепте тексеру…

Толық оқу
айыппұл төлеу

Қазақстанда жол ережесін жүйелі түрде бұзып, айыппұлға пысқырмайтын жүргізушілердің «еркелігіне» тоқтау салынуы мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Енді бір жылда он рет тәртіп бұзғандар бұдан былай 50 пайыздық жеңілдікпен қош айтысады. Идеяны былтыр Сенат мінберінде бұрынғы ішкі істер министрі, сенатор Марат Қожаев көтерген еді. Ол өз ұсынысын Ішкі істер басшылығына жолдап, ақыры қолдауға ие болыпты. Қожаевтың сөзінше, біркелкі заңбұзушылықты әдетке айналдырған жүргізушілерге жеңілдікпен төлеу мүмкіндігін беру олардың жауапсыздығын күшейте түседі. «Өткен жылы ұсыныс айттым, Үкімет бұл мәселені қарап, қолдап отыр. Алдағы уақытта тиісті өзгерістер енгізілуі мүмкін. Айтарым, бір жылдың ішінде бірдей ережені 10 мәрте бұзғандар 11-ші жолы да жеңілдік күтіп отырмауы…

Толық оқу
Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровтың Ресейден шыға алмай

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровтың Ресейден шыға алмай қалу қаупі бар деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сабыровты әзірде ғана Мәскеудің «Внуково» әуежайында шекарашылар тоқтатып, Ресейге кіруіне тыйым салынған естірткен еді. Түн ортасында Дубайдан Ресей астанасына ұшып келген әзілкешті бірден арнайы бөлмеге алып барып, қолына ресми құжат тапсырған. Федералдық қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша Сабыров Украинадағы агрессияға қатысты Кремльді сынап, «антиресейлік ұстанымдағы пікір» білдірген. Кремль пропагандасы осы тұста, Сабыровқа тағылған айыптың салмағын ауырлатып жатыр. НВТ арнасының мәліметінше қазақ әзілкеші атышулы украиналық стендапер Дмитрий Романов және халықаралық іздеуде жүрген Беларусь комигі Слава Комиссаренкомен тығыз байланыста. «Романов Украина әскеріне жалдамалы сарбаз жинайтын поляк штабында жұмыс істеген», — дейді…

Толық оқу
нурлан сабуров кремль

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресей аумағына кіруге жарты ғасырлық тыйым салынды. Кремль билігі бұған әзілкештің соғысқа қатысты сыны мен қаржылық заңмананы бұзуын себеп қылып отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әзілкеш Мәскеудегі «Внуково» әуежайына Дубайдан келген бойда шекарашылардың тосқауылына тап болған. Федералдық қауіпсіздік қызметі Сабыровқа «ұлттық қауіпсіздік мүддесіне байланысты елге кіргізілмейтінін» ресми түрде мәлімдеп, дереу кері рейсті күтуге жіберген. Ресейлік телеграм-арналар, Сабыровтың қара тізімге кіруін атышулы «арнайы операцияны» сынағанымен байланыстыруда. Әзілкештің астарлы пікірлері Кремль идеологтарына ұнамай, орыс жерінде жоспарланған концертінің басып бөлігіне тыйым салынған еді. Қазірдің өзінде әлемжеліде оның елге кіруге тыйым салынғанын естіген сәті тарап жатыр. Шекарашылар Сабыровтың қолына «Ресейдің есігі…

Толық оқу
Қоспаев никольский базар

Алматыдағы атышулы Никольский базарының жерін заңсыз иемденбек болған үш адамға қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2,2 миллиард теңгелік жер телімін жалған құжатпен өз атына түсіріп алмақ болған Аслан Пухаев, Антон Соловиев және Жақсылық Сәрсенбаев 6 жыл 6 айға түрмеге кесілді. Қылмыстық схема 2025 жылдың қыркүйегінде басталған. Үштік «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ақпараттық жүйесін бұзып Никольский базары аумағындағы «Nikolsky Investment» ЖШС-іне тиесілі жердің құқықтық шектеулерін заңсыз алып тастаған. Кейіннен бұл телім жалған тұлғалардың атына рәсімделіп, қымбат бағаға сатылмақ болған. Алайда арам пиғылды жоспар соңына жетпеді, жер телімі мен оған қатысты мүлік тәркіленіп, мемлекет меншігіне қайтарылды. Ең қызығы… Қаржы…

Толық оқу
наурыз демалыс

Көктемнің алғашқы айы Қазақстан тұрғындарына бірнеше қысқа жұмыс аптасын сыйламақ. Әдеттегі демалыс күндеріне қосымша, халық 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінде тағы да тынығады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2026 жылы мереке жексенбіге түскендіктен, демалыс дүйсенбіге, яғни 9 наурызға ауысады. Осылайша бес күн жұмыс істейтіндер 7, 8 және 9 наурыз күндері қатарынан демалады да, 10 наурызда жұмыстарына кіріседі. Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар 7 наурызда жұмыс істеп, 8-9 наурызда ғана демала алады. Наурызда неше күн демалыс? Наурыз мейрамында қазақстандықтарды тағы бір ұзақ демалыс күтіп тұр. Биыл 21-23 наурыз аралығындағы ресми мерекелік демалыстың 21-і мен 22-сі демалыс күндеріне тура келгендіктен, бұл күндердің демалысы 24-25…

Толық оқу
арнайы операция

Қазақстанның бірнеше аймағында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп ірі арнайы операция өткізді. 20 адам қамауға алынды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ақпанның 4-і күні Бас прокуратураның үйлестіруімен ұйымдастырылған операция Алматы, Шымкент қалаларымен қатар Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарын қамтыған. Арнайы шара барысында қылмыстық топтардың қару-жарақ саудасы, заңсыз көлік саудасы, есірткі айналымы және бопсалау сияқты аса ауыр қылмыстармен байланысы әшкереленді. Күштік құрылымдардың жедел қимылы нәтижесінде 20 күдікті қолға түсті. Оның оны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тінту шаралары кезінде қылмыскерлерден атыс қарулары, оқ-дәрілер, ірі көлемдегі есірткі заттары, қомақты қаржы және өзге де айғақ заттар тәркіленді. Қазір тергеу…

Толық оқу
Құлсары балта көтерген бала

Құлсары қаласында қатарластарымен жанжалдасып, мектеп аумағында шабуыл жасаған 10-сыныптың 15 жастағы оқушысы ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға 5 ақпан күні тіркелген. Сол күні полицияның «102» нөміріне жергілікті мектептердің бірінде оқушының сыныптастарына шабуыл жасап, мектеп аумағынан қашып кеткені туралы хабарлама түскен. «Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы өзімен сөзге келген сыныптастарына шабуыл жасап, оқиға орнынан бой тасалағаны туралы шұғыл хабар жетті», – деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары күдікті жасөспірімді көп ұзамай анықтап, қамауға алған. Шабуыл салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған. Жанжалға қатысқан барлық жасөспірімдер мен олардың ата-аналары мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.…

Толық оқу