Автор: Самал Жолжақсынова

Қарағандыда олимпиада чемпионы Серік Сәпиев

Қарағандыда олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановтың арасында жанжал шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға 21 қаңтар күні облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің аумағында болған. Алдымен басшы мен орынбасар сөзге келіп, кейін шиеленіс күшейіп, соңы қан-жоса төбелеске ұласқан. Жанжал кезінде Сәпиев жарақат алған. Олимпиада чемпионының кәстүмі мен көйлегі жыртылған. Оқиға бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды. Аймақтық полиция департаментінің мәліметінше 42 жастағы қала тұрғынының (Сәпиевтің, ред) шағымы бойынша тергеу басталған. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қосымша ақпарат тергеу құпиясына байланысты жарияланбайды. Дегенмен кейбір дереккөздер жанжалдың қағаз-құжатқа байланысты туындағанын жарыса жазуда. Есімханов кейбір құжатқа Сәпиевтің рұқсатын күтпей қол қойған көрінеді.…

Толық оқу
TikTok төңірегіндегі ұзаққа созылған

TikTok төңірегіндегі ұзаққа созылған дау мәресіне жетті. Уашиңтонның талабынан кейін қытайлық ByteDance компаниясы TikTok-тың АҚШ-тағы бизнесін жергілікті инвесторларға сатуға мәжбүр болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Енді танымал қосымша АҚШ-та «TikTok USDS Joint Venture LLC» деген жаңа атаумен жұмысын жалғастырады. Oracle корпорациясы, Silver Lake инвест қоры және Әбу-Даби орталығындағы MGX компаниясы бірігіп, TikTok-тың Америкадағы еншісінің 45%-ына иелік етпек. ByteDance инвесторларының еншісінде шамамен үштен бір үлес қалса, қытайлық компанияның өзінде шамамен 20 пайыз акция сақталады. Жаңа инвестор қатарында танымал миллиардер Майкл Деллдің әулеті, Нью-Йорктік Alpha Wave инвестициялық тобы және Revolution қоры да бар. Дөкең, Доналд Трамптың басты талабы TikTok алгоритмінің қауіпсіздігі мен пайдаланушының…

Толық оқу
Тайландқа саяхат

Пхукет қазақ саяхатшысының жүрегін жаулаған мекенге айналды. Тек былтырдың өзінде Тайландқа 200 мыңға жуық отандасымыз сапарлап барса, соның басым бөлігі дәл осы аралдың жағалауына ат басын тіреген. Енді осы жұмақ мекенде Қазақстанның жаңа консулдығы ашылады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Консулдықтың негізгі миссиясы жергілікті билікпен тығыз байланыс орнатып, азаматтарымыздың құқығы мен мүддесін қорғау. Сонымен қатар туристік ағымды арттырып, екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастық пен іскерлік қатынастарды кеңейтуге қолайлы жағдай жасау. Сыртқы істер министрлігі де осы бастаманың қажеттілігін атап өтті. Әсіресе, төтенше жағдайларда жедел байланыс пен шұғыл әрекет етуде консулдық қызметінің орны ерекше болмақ. Қазіргі таңда Қазақстан мен Тайланд арасын аптасына 34 тікелей…

Толық оқу
Тоқаев пен Трамп Давос форумы

Давос форуымындағы Тоқаев пен Трамптың қысқа ғана диалогы күтпеген детальдармен есте қалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президент Тоқаев Дөкеңнің әйгілі «365 күндегі 365 жеңіс» құжатында Қазақстанның Авраам келісіміне қосылуын өз жетістігі етіп көрсеткеніне назар аударған екен. Ақорданың баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, Давос форумында Трамппен тілдескен Тоқаев дәл осы мәселеге ерекше екпін берген. «Президент Давоста таратылған «Трамптың 365 күндегі 365 жеңісі» атты құжатындағы 177-ші тармақ, Қазақстанның Авраам келісіміне қосылуы туралы жазбаға Ақ үй басшысының назарын аудартты. Сонымен бірге америкалық әріптесіне ішкі саясаттағы «парасатты ұстанымы» үшін сәттілік тіледі», – деді Желдібай. Өз кезегінде Доналд Трамп Тоқаевқа «Бейбітшілік кеңесін» құру бастамасына қолдау білдіргені…

Толық оқу
Бейбіт Исабаев Жетісу облысы

Кербұлақ ауданы үш жылдың ішінде әлеуметтік дамудың тың белесіне көтерілді. Осы уақыт ішінде аудан аумағында 34 әлеуметтік нысан ел игілігіне беріліп, ауылдың ажары ашылып, тұрғындардың тұрмыс сапасы жақсарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы аудан жұртшылығымен кездескен Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев мәлім етті. Аймақ басшысының айтуынша, жаңа нысандардың жартысы, яғни 17-сі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында салынса, қалған 17-сі жергілікті бюджет қаржысына тұрғызылған. «Бүкіл Жетісу облысында дәл осы бағдарлама аясында ең көп денсаулық сақтау нысандары Кербұлақ ауданында ашылды. Атап айтқанда, Басшы, Сарыбастау, Ақтөбе, Малайсары, Қызылжар, Шұбар, Қарағаш, Қарашоқы, Алтынемел ауылында заманауи дәрігерлік амбулаториялар бой көтерді. Бұдан бөлек, Жаңалық, Қоянкөз,…

Толық оқу
Әлемжеліде танымал әнші Маржан Арапбаева

Әлемжеліде танымал әнші Маржан Арапбаева отбасылық зорлық-зомбылық құрбаны болды деген ақпарат желдей есіп жүр. Өнер иесінің күйеуі әншіні аяусыз соққыға жыққан көрінеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жеке өміріндегі жағдайға қатысты Арапбаева ашық пікір білдірмегенімен, әлемжелідегі парақшасына жүрек қылын шертердей әсерлі «Мама айтшы» әнінің үзіндісін жүктеген. Ән жолдарындағы «О, мама, айтшы қалай? Сенемін кімге оңай? «Алданып қалма» деп едің, …Мама, жаным жаралы» деген сөздер әншінің ішкі күйзелісінен хабар бергендей. Egov.press арнасы таратқан мәліметке қарағанда, оқиға қаңтар айының басында болған. Ербол Нұрмұхамбетов есімді азамат қоғамдық орында бейәдеп сөйлеп, әншіге (әйеліне) күш көрсетіп, шашынан сүйреп, жұлқылай жөнелген. Астана соты Нұрмұхамбетовті ұсақ бұзақылық бойынша кінәлі…

Толық оқу
оқулықтар 2026

Елімізде мектеп оқулығының сапасына қойылатын талап күшейтілді. Бұған білім саласындағы былық-шылықты әшкерелеген Әлихан Смайыловтың талабы түрткі болған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бас аудитордың тексеруінен кейін Оқу-ағарту министрлігі оқулықты әзірлеу мен сараптау тәртібін күрт өзгертіпті. Бұдан былай мектеп оқулығын дайындайтын апторлар тобына кемінде үш жоғары білікті маман енуі міндеттелді. Әрқайсысының салалық білімі мен нақты тәжірибесі болуы шарт. Аудиторлардың айтуынша… Бұған дейінгі жүйеде оқулықтар кездейсоқ авторлар тарапынан жазылып, сараптау ісінде субъективтілікке жол берілген. Енді осы жүйе толық автоматтанып, баспалар оқу құралдарының тақырыптық жоспарын Республикалық білім мазмұнын сараптау орталығының порталы арқылы ғана ұсына алады. Тақырыптық жоспар ашық жарияланып, қоғамдық бақылау күшейеді. «Оқу құралдары мен…

Толық оқу
алматы ауа райы

Қазақстанда күн райы қайта бұзылып, өңірлерді тағы да аяз бен боран әбігерге салмақ деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Солтүстікті Жаңа Жер архипелагынан жеткен аязды антициклон қайтадан құрсауына алады. Синоптиктердің айтуынша, қаңтардың 22-сі күні солтүстік аймақтарда түнде аяз –38 градусқа дейін күшейеді. Күндізгі температураның өзі –30 градустан көтерілмей, жұртшылыққа оңай тимесі анық. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, еліміздің көп бөлігінде қар жауып, боран соғады. Желдің екпіні күшейіп, тұрғындардың қалыпты тіршілігін қиындатады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын жауып, жолдар мұзға айналады. Әсіресе, таулы аймақтарда қар қалың түседі деген болжам бар. Республика бойынша қалың тұман сақталады. Дегенмен, батыс, оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда күн…

Толық оқу
Алматыдағы мектептерге теракт жасалады

Алматыдағы мектептерге теракт жасалады деген жалған ақпарат ата-аналарды дүрліктіріп, халықты үрей құшағында қалдырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Соңғы күндері әлемжелі мен мессенджерлерде белгісіз адамдар қаланың бірқатар мектептерінде лаң ұйымдастыратыны туралы хабар таратып жатыр. Тіпті анонимді Telegram-арналарда шабуыл жасалуы мүмкін мектептердің тізімі мен қару-жарақтың суреттері де жарияланған. Мұны көрген ата-аналар жаппай қорқынышқа бой алдырып, кейбіреулері балаларын сабаққа жіберуден бас тартқан. Алайда Алматы қаласы полиция департаментінің өкілдері ақпараттың жалған екенін ресми түрде мәлімдеді. «Бұл қасақана таратылған жалған хабар. Әсіресе, балалардың қауіпсіздігіне қатысты мәселені осындай мақсатта пайдалану өте ауыр құқық бұзушылық. Аталған әрекетке барған азаматтар міндетті түрде заң алдында жауап береді», – деп ескертті…

Толық оқу
Балаева жеке мектептер

Соңғы 8 жылда жеке мектептерге жұмсалған миллиардтар сапаны арттырмай, бюджетке ауыр салмақ салған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Вице-премьер, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осы бағытта жүргізілген талдаудың қорытындысын жариялап, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыру ісінде бірқатар жүйелі кемшіліктің бетін ашты. Министрдің айтуынша, Қазақстанда 8 жылда жеке мектептер саны жеті есеге жуық өсіп, бүгінде 785-ке жеткен. Осы өсім мемлекетке тым қымбатқа түсіп отыр. Сан бар, сапа қайда? Егер 2020 жылы бюджеттен осы мақсатқа 13 миллиард теңге жұмсалса, 2025 жылы шығын көлемі 242 миллиард теңгеге жеткен. Тек инвестициялық шығындардың өзі бес жылда 111 миллиард теңгені құраған, бұл 35…

Толық оқу