2026 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар мен марапатталған аналарға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 114 млрд теңге жұмсалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеп. Министрлік дерегіне сүйенсек, осы аралықта барлығы 876,8 мың адам жәрдемақымен қамтылған. Оның ішінде көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 629 мың отбасы алып, оған 99,4 млрд теңге бөлінген. Ал түрлі марапат алған аналарға жалпы сомасы 14,6 млрд теңгені құрайтын жәрдемақы 247,8 мың адамға берілген. Ал ақпан айының өзінде ғана осы екі санат бойынша төленген жәрдемақы көлемі 57,5 млрд теңгеге жетті. Қаражат 878,4 мың адамға бөлінді. Оның ішінде 630,6 мың көпбалалы отбасы 50,2 млрд теңге, ал марапатталған…
Автор: Самал Жолжаксын
Елімізде жеткізілмеген сәлемдеме туралы жалған хабарлама тарататын алаяқтықтың жаңа толқыны басталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алаяқтар жиі қолданатын әдіс? Бас прокуратура жанындағы Қылмыстық қауіп-қатер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы алаяқтардың схемасын жария етті. Алаяқтар тұрғындарға «сіздің сәлемдемеңіз жеткізілмеді» деген жалған хабарлама жібереді. Мұндай хабарлама әдеттегі курьер қызметінің ескертулеріне өте ұқсас. Хабарламада курьердің тапсырысты жеткізе алмағаны айтылып, қайта жеткізу үшін арнайы парақшаға өтуді сұрайды. Бірақ көрсетілген сілтеме логистикалық компаниялардың ресми сайттарына өте ұқсас жалған ресурсқа апарады. «Пайдаланушыға аты-жөні, ЖСН, мекенжайы сияқты жеке деректерін енгізу ұсынылады. Сонымен қатар сәлемдемені қайта жіберу үшін шағын төлем сұрайды. Осы деректер мен төлемді алған соң, қылмыскерлер…
Әлеуметтік желіде «Қытайдың Нострадамусы» деген атпен танымал профессор Цзян Сюэцин АҚШ пен Иран арасындағы соғыстың қалай аяқталатынын болжады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. YouTube-тағы Predictive History арнасында болжам жасайтын профессордың бүгінде 1,9 миллион оқырманы бар. Цзян бұған дейін де бірнеше маңызды оқиғаны дәл болжаған. Профессордың айтуынша, АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс Израильдің мүддесімен тікелей байланысты. Алайда, қандай сценарий болса да, Американың жеңіске жетуі мүмкін емес дейді ол. «Бұл соғыс АҚШ-тың жеңілісімен аяқталады. Сөйтіп, әлемдік тәртіп мәңгілікке өзгереді», – дейді Цзян Сюэцин. Оның пікірінше, Иранның күрделі тау бедері америкалық әскерлердің елді ұзақ мерзімде басып тұруына мүмкіндік бермейді. Бұған дейін… Цзян бұған дейін АҚШ-та 2024…
Шымкенттік журналист Арай Есенбек бопсалау бабы бойынша сот алдында жауап береді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін журналисті ұстау сәтінің видеосы интернетте кеңінен таратылған болатын. Бірі үкім күтіп отырса, екіншілері оның кінәсіне күмәнмен қарайды. Әріптестері осы істі Есенбектің батыл кәсіби әрекеті және өткір материалдарымен байланыстырады. Қазір журналистке ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы («Бопсалау») 3-бөлімі 2-тармағы бойынша айып тағылған. Істі қарауға судья М.З. Әбдірасылов бекітілді. Шымкенттік журналист Сардар Әбдіжақия Facebook парақшасында әріптесін қолдап, арнайы жазба жариялады. Оның пайымынша, қылмыстық іс журналистің кәсіби батылдығы мен өткір сынына жауап болуы ықтимал. «Арайдың батылдығы өзіне жау болды ма, әлде оның өткір сөздері біреудің намысына тиді ме?…
Еліміздің басым бөлігінде күн райы жылынып, жауын-шашын тоқтайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Синоптиктердің болжамынша, кең аумақты антициклон ықпалымен ауа райы құрғақ әрі жылы болады. Алайда солтүстік пен шығыста атмосфералық фронт әсерінен қар мен жаңбыр жаууы ықтимал. Сондай-ақ аталған өңірлерде көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі байқалмақ. Республика аумағында кей жерлерде тұман түседі. Елдің батысы мен оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +3…+15 градусқа дейін жоғарылайды. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде күн салқындау – −2 мен +5 градус аралығында болады. Бүгін бірқатар өңірде қар, жаңбыр жауып, жел күшейген. Астанада күндіз −1…+1 градус айналасында көктайғақ, Алматыда −2 градус шамасында көшпелі бұлт шыққан. Шымкентте тұман түсіп,…
Ақордада президент Тоқаевтың төрағалығымен «Digital Qazaqstan» жобасының жүзеге асырылуына арналған жұмыс жиыны өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президенттің айтуынша, Цифрландыру және жасанды интеллект жылында мемлекеттік органдарға ауқымды міндет жүктелген. Әсіресе, қазақстандық IT-бизнесті қолдап, оны дамытуға ерекше көңіл бөлінуі қажет. «Осы бағытта айтарлықтай шаруа атқарылды. Astana Hub базасында кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалды, отандық IT-қызмет экспортының көлемі бір миллиард долларға жақындады. Мемлекеттік қолдауды экспортқа бағытталған әрі зияткерлік меншік қалыптастыратын жобалар алуы керек», – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп саласында жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізуді маңызды деп санайды. Оның пікірінше, нақты сектордағы жасанды интеллектіні қолдану елдің технологиялық тәуелсіздігі мен экономикалық дамуының өзегіне айналмақ.…
Иранда тұратын этникалық қазақтар АҚШ пен Израиль тудырған қақтығыстың қысымына қарамастан Қазақстанға көшуге ықыласты емес деп хабарлайды Ertenmedia.kz Теғранның Қазақстандағы елшісі Әли Акбар Жоқардың мәлімдемесіне сүйеніп. 12 наурызда өткен баспасөз мәслихатында елші Жоқардың айтуынша, Ирандағы қазақ диаспорасы жергілікті халықпен етене араласып, елмен тағдырын берік байланыстырған. «Ирандағы қазақ диаспорасы жергілікті қоғамға терең сіңісіп, өздерін ирандықтардан бөліп қарамайды. Тіпті 40 жыл бұрынғы Саддам Хүсейннің агрессиясы тұсында да қазақтар ирандықтармен бірге ел қорғауға шыққан», – дейді елші. Жоқардың сөзіне қарағанда, елшілікке түсетін сауалдардың дені екі ел азаматтарының сапары, іскерлік байланыстар және күнделікті тұрмыс-тіршілік мәселелерімен байланысты. Каспийдегі қауіпсіздік тақырыбына да тоқталған елші Иранға қатысты…
Air Astana әуе компаниясының 2025 жылғы таза пайдасы бірден 72,5 пайызға қысқарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Компанияның Қазақстан қор биржасындағы есебіне қарағанда, өткен жылдың таза пайдасы 13,6 млн долларды құраған. Бір жыл бұрын осы көрсеткіш әлдеқайда жоғары болатын. Компанияның акциялары жарияланған сәтте 5 пайыздан астам арзандап барып, қайта қалпына келе бастады. Air Astana есебіне сүйенсек, былтырғы күрделі жағдайға америкалық Pratt&Whitney компаниясы шығарған қозғалтқыштардың жиі істен шығуы себеп болған. Бір жыл ішінде қозғалтқыштар 22 рет жоспарсыз ауыстырылып, салдарынан маусым қызған шақта 13 ұшақтың ұшуы тоқтап қалған. Мұның кесірі әуе компаниясының қаржылық қорына айтарлықтай соққы жасаған. Соған қарамастан, Air Astana мен FlyArystan кіретін…
Қазақстанның басым бөлігінде 12-14 наурыз аралығында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Синоптиктердің айтуынша, солтүстік пен шығыста соңғы күндері байқалған аяз бен қарлы боранның екпіні басылып, орнына жылы ауа массалары келе бастайды. Қазір осы өңірлерде ықпал етіп тұрған суық антициклон әлсірейді. «12 наурыздан бастап еліміздің барлық аймақтарында көктемгі ауа райы сезіле бастайды. Солтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы нөл градус пен аздаған жылылыққа ауысады. Ал оңтүстік аймақтарда аптаның ортасына қарай күн 5-10 градусқа дейін жылиды», – делінген «Қазгидромет» болжамында. Наурыз айының жалпы сипаты құбылмалы болмақ: солтүстікте қарлы боран, оңтүстік пен батыста жауын-шашынды ауа райы жиі қайталанады. Орташа температура климаттық нормадан…
Алматы қаласының еңбек инспекциясы Burger King желісінің (QSR ЖШС) қызметкерлер шағымы бойынша тексеріс жүргізіп, компаниядағы бірқатар заңсыздықты анықтады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тексерістің басталуына компания қызметкері Әлібек Қаратайдың шағымы себеп болған еді. Тексеру барысында қызметкердің айтқаны расталды. Burger King-те еңбек заңнамасы жүйелі түрде бұзылған. Инспекторлардың мәліметінше, компания басшылығы қызметкерлердің еңбекақысын кешіктірген, жалақыдан олардың келісімінсіз ақша ұстап қалған, жұмыс істеген нақты уақыты дұрыс есептелмеген. Сонымен бірге мереке және демалыс күндері жұмысқа шыққандарға жалақы заң талап еткендей жоғарылатылған мөлшерде төленбеген. «Жұмыс ауысымдарының кестесі де қызметкерлерге заңмен белгіленген мерзімнен кеш жеткізілген», – делінген хабарламада. Бұдан бөлек, қызметкерлер қажетті арнайы киім мен жеке қорғаныш құралдарымен…










