Ішкі істер Шымкентте 21 жастағы студент қыздың өліміне қатысты тергеу ісін өз бақылауына алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрліктің мәліметінше, қоғамда кең талқыланып жатқан оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты қызметтік тексеру басталған. «Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, оған тәжірибелі мамандар тартылды. Барлық дәлелдер мұқият тексеріліп, бейнебақылау камераларынан алынған жазба жан-жақты сараланады. Күдіктінің барлық әрекетіне толық құқықтық баға беріледі», – делінген министрлік таратқан мәлімдемеде. Министрлік қатыгездікке байланысты кез келген қылмысқа принципті ұстанымда екенін және кінәлі адамның міндетті түрде заң алдында жауапқа тартылатынын мәлімдеді. Депутат неге наразы? Осы оқиғаға қатысты Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов те пікір…
Автор: Самал Жолжақсынова
Қазақстанда банк жүйесіне қатысты жаңа заң қабылданып, ислам банкингі мен цифрлық қаржы нарығына ерекше назар аударылды. Заңда лицензия беру ережелері, салымшыларды қорғау, банк жүйесіне қадағалау мен реттеу механизмдері толығымен өзгертілген, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жарты жыл бойы парламент қабырғасында қызу талқыланған құжатқа 140-тан аса өзгеріс енгізілді. Жаңа заң бойынша банктерді лицензиялау тәртібі екіге бөлінеді: базалық және әмбебап. Базалық лицензияны шағын қаржы ұйымдары алып, оларға қойылатын талап жеңілдейді. Бірақ мұндай банктер шетелдік азаматтар мен компанияларға несие бере алмайды. Осы деңгейден жоғары көтерілгісі келген ұйымдар міндетті түрде әмбебап лицензия алуға тиіс. Реформаның маңызды бөлігі ретінде ислам банкингі ерекше бөлінді. Енді әмбебап лицензиясы бар…
Түркістан облысында 70 жастағы әкесін көше ортасында ұрып-соғып, жерге сүйреген азамат бес жылға сотталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиғаға кінәлі деп танылған 41 жастағы Алмас Садақбаев ұзақ уақыт бойы өз әкесіне қол көтеріп келген. Ауру меңдеген қарт 2020 жылдан бері жүріп-тұрудан қалып, өзін қорғауға шамасы жетпеген. Сот сараптамасы марқұмның денесінен ауыр соққылардың ізін анықтап, жүйелі психикалық қысым көргенін де растаған. Көршілерінің айтуынша, әкені азаптаудың талай көрінісі олардың көз алдында болған. Тіпті бір сәтте қарияны ұлы жерге жығып, аяусыз ұрғанын көршілері бейнежазбаға түсіріп алған. Бейнежазбада ер адамның ауру әкесін жермен сүйреп, ұрып-соғып, үстінен айқайлап жатқаны көрінеді. Дәлел ауыл әкімдігіне тапсырылғанымен, дер кезінде…
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы 86 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаралы хабарды қазіргі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жеткізіп, марқұмның отбасына, туған-туыстарына және күллі мұсылман жұртшылығына көңіл айтты. «Жақында ғана үйіне барып, жағдайын сұрап, батасын алған едік. Алайда қадірлі ақсақалымыздың ғұмыр керуені соңғы аялдамаға жетті. Алла ол кісінің мәңгі мекенін жәннат еткей», – деп жазды ол. Рәтбек қажы Нысанбайұлы тәуелсіздік алған жылдары Қазақстандағы діни өмірдің жаңғыруына ерекше еңбек сіңірген тұлға еді. 1990-жылдардың басында елімізде мешіттер қайта ашылып, халықтың діни дәстүрлері жанданып, мұсылман мемлекеттерімен байланыс нығайды. Рәтбек қажының тікелей бастамасымен ел аумағында 30-дан астам…
Астанада Tinder желісінде өзін қыз ретінде таныстырып, ер адамнан миллиондаған теңге жымқырған жігіт сотталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 20 жастағы жігіт Tinder-де «Нұрай» деген қыздың атынан тіркеліп, Telegram-да жалған аккаунт ашқан. Артынша бейтаныс қыздың фотосуреттерін пайдаланып, ер адаммен танысып, хат жазыса бастаған. Осылайша үш ай ішінде түрлі себептермен одан төрт миллион теңгеден астам қаражат алған. Әңгіме барысында ол жігітпен кездесуге уәде беріп отырған. «Ақшаны аударған адам басында ештеңеден күдіктенбеген. Кейін алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға арызданды», – деп хабарлады Бас прокуратура өкілдері. Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге ақшаны қайтарып берген. Осы жағдайларды ескерген сот оны үш жылға бас…
Алдағы үш жылда теңге баяу, бірақ тұрақты түрде әлсіреп, 2028 жылға қарай доллар бағамы 580 теңгеге жетеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұлттық банк жүргізген макроэкономикалық сауалнамаға қатысқан сарапшылар осындай болжам айтып отыр. Олар биыл доллар бағамы орташа есеппен 537 теңге шамасында болса, 2027 жылы 559,5 теңгеге дейін өседі дейді. Қазіргі болжам былтырғыдан әлдеқайда оптимистік деңгейде. Мәселен, 2025 жылдың қарашасында сарапшылар 2026 жылғы доллар бағамын 548,2 теңге деңгейінде бағалаған болатын. Жаңа болжамның жақсаруы Ұлттық банктің қатаң ақша-несие саясатына байланысты. Қаржы сарапшылары базалық мөлшерлеме биыл да 16 пайыз деңгейінде сақталады деп күтеді. Инфляция биыл 10,8 пайыз деңгейінде болжануда. Бұл бұрынғы бағалаудан (10 пайыз)…
Алматыда 16-17 қаңтар күндері ауа райы күрт нашарлайды. Қала мен таулы аймақтарда көктайғақ, тұман, қар жауып, күн суытады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Осыған орай, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департменті тұрғындар мен қала қонақтарына тауға шығудан бас тартуды ұсынды. Сондай-ақ, құтқарушылар күннің қатты суытуына байланысты қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырып отыр. «Үйдегі түтін шығатын құбырлардың дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіздер. Ыстан уланудың алдын алу үшін құбырлар жақсы жабылған болуы керек. Сонымен қатар, электр желілеріне шамадан тыс салмақ түсірмеуге кеңес береміз», – делінген департаменттің хабарламасында. Бұған дейін «Қазгидромет» 16-18 қаңтар аралығында Алматыда қар жауып, ауа температурасы 16 градусқа дейін төмендейтінін…
Әмірика Қазақстанды қоса алғанда, 75 елдің азаматтарына иммиграциялық виза беруді уақытша тоқтатты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Экономист Алмас Шөкиннің пайымдауынша мұның астарында алпауыт елдегі демографиялық және экономикалық тұрақтылықты сақтау амалы жатыр. Сарапшының сөзінше, АҚШ пен Батыс елдері әлемнің түкпір-түкпірінен ағылатын мигранттарды қабылдауға қауқарсыз. Демократ Байденнің тұсындағы гуманизм келмеске кеткен. Трамп әкімшілігі алдымен жергілікті халықтың, төл тұрғындардың мүддесі ескерілуі қажет деп есептейді. «Шексіз гуманизмнің идеясы Еуропада фиаскоға ұшырап, енді оған АҚШ та жаңаша қарай бастады. Батыс елдері барлық босқынды құшақ жая қабылдай алмайды. Әр халықтың өз жерінде қауіпсіз өмір сүруге, өз үйінде тұруға құқығы бар», – дейді ол. Шөкиннің айтуынша, АҚШ дәл…
Атырау облысында ата-анасы өлтіріліп, екі айдан бері із-түзсіз кеткен 32 жастағы Наурыз Мұқанғалиевтің телефонынан жолданған хатқа қатысты дау өршіп тұр. Марқұмдардың туыстары Наурыздың атынан бөгде біреу жазып отыр деп күдіктенеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Желідегі Qazaq Airan парақшасы аяқасты жоғалған азаматтың WhatsApp арқылы ет жақындарына жіберген соңғы хатының скриншотын жариялады. Онда Наурыз делінген адам туыстарына «ісіме араласпаңдар» деген сарында жауап қатқан: «Неге шу шығарып, арыз жазып жатырсыңдар?! Онсыз да проблемам шаш етектен. Көмектесе алмасаңдар, зиян келтірмеңдер. Әке-шешем үшін мына өзім жауаптымын. Араласпаңдар енді, жетер. Мен үйлендім. Тыныш өмір сүруге де мүмкіндік бермедіңдер…», – делінген 2025 жылғы 27 желтоқсанда жазылған хабарламада. Алайда…
Сәуір айынан бастап банктер жеке шоттарға келіп түсетін мобильді аударымдар туралы мәліметтерді салық органдарына жібере бастайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Енді кімнің шотына көп адамнан тұрақты түрде қомақты ақша түсіп тұрса, оны салықшылар бақылауына алады. Tengrinews-ке пікір білдірген Мемкірістер комитетінің мәліметінше, банктер салық органдарына алғашқы деректерді биылғы жылдың бірінші тоқсаны бойынша 15 сәуірге дейін тапсырады. «Жеке шотқа үш ай қатарынан кемі 100 адамнан немесе одан көп адамнан аударым түссе, әрі осы үш айдағы жалпы сома 1 миллион теңгеден асса, банктер бұл туралы бірден салық органдарына хабарлайды», – дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Ерқанат Шыңберген. Оның айтуынша, шот иесі қаржының жеке…










