Әлемнің ең бай адамдарын саралаған Forbes журналының 2026 жылғы рейтингі жарияланды. Биыл тізімге Қазақстаннан алғаш рет екі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев енді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Былтырғы рейтингте 990 миллион доллармен елдің сегізінші бай кәсіпкері атанған Нұрлан Смағұлов биыл әлемдік миллиардерлер қатарын толықтырды. Forbes оның байлығын 1,3 миллиард долларға бағалап, 2858-ші орынға орналастырды. Қазақстандық екінші жаңа миллиардер Айдын Рахымбаевтың дәулеті 1,1 миллиард долларға жеткен. Forbes.com оны әлемдік рейтингте 3185-ші орынға шығарды. Қазақстандағы ең бай адам атағын биыл да Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким ұстап тұр. Оның байлығы бір жылда 7,1 миллиард доллардан 7,8 миллиард долларға дейін өсті. Ким…
Автор: Самал Жолжаксын
12 наурыздан бастап Алматы көшелеріндегі бейнебақылау камералары жаңа ережелер бойынша жұмыс істей бастайды. Бұдан былай жүйе көлік жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлескендерді, қауіпсіздік белдігін тақпағандарды автоматты түрде анықтап, айыппұл салуға кіріседі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаладағы әкімшілік полиция басқармасының басшысы Серік Шұмаевтың айтуынша, заң талаптары бұрынғыша қалғанымен, бұдан былай тәртіп бұзғандар камераға жиірек түсетін болады. Бұған дейін камералар тек алты түрлі заң бұзушылықты тіркеп келген еді: жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл жарығына өтіп кету, жол таңбасы мен белгілерін елемеу, дұрыс емес жерде тоқтау немесе тұраққа қою, басып озу ережесін бұзу және жаяу жүргіншіге жол бермеу. Енді осы тізімге қауіпсіздік белдігін тақпағандар мен…
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы алдағы референдумға қатысатын бақылаушыларды оқыту, дайындау курстарын жалғастыруда, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы қаласындағы бас штабта бақылаушыларды кәсіби маман, саясаттанушы, сарапшы, Қазақстандағы бақылаушылар институтын қалыптастырушылардың бірі Досмахамбет Көшім оқытуда. Дос Көшім көптеген жылдар бойы республикалық тәуелсіз бақылаушылар жүйесін басқарып, сайлау процесін мониторингтеудің отандық мектебін қалыптастырды. Бақылаушыларға арналған арнайы семинар-тренингтер өткізіп келеді. Алдағы өтетін референдумға «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобының бақылаушыларын дайындауда. Оқыту онлайн/офлайн форматта өтуде. Аймақтағы бақылаушылар семинар-тренингке ZOOM қосымшасы арқылы қатысуда. Оқыту курстары 13-наурызға дейін жалғасады. Әлеуметтік желіде «Қытайдың Нострадамусы» деген атпен танымал профессор Цзян Сюэцин сайтымызда АҚШ пен Иран арасындағы соғыстың қалай аяқталатынын болжады.
Депутат Ерлан Сайыров елімізде қолға алынған конституциялық реформаның басты мақсаты қазіргі алмағайып кезеңде Қазақстанның саяси жүйесін орнықтыру екенін атап өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, конституциялық реформаның өзегі жаһандық тұрақсыздық жағдайында Қазақстандағы саяси жүйенің беріктігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, жобада ұлттық рухани құндылықтарға ерекше назар аударылған. Конституцияның кіріспесінде «мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ жеріне» деген арнайы анықтама енгізіліп, еліміздің байырғы мемлекеттік дәстүрлері мен Алтын Ордадан жалғасқан саяси-мәдени мұрасы атап көрсетілген. «Жаңа Конституцияның басты принципі Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін сақтап қалу. Бұл құжат қазіргі күрделі кезеңде ұлтты ұйыстырып, ертеңгі ұрпаққа сенімді мемлекет қалдыруға бағытталған», – деді Ерлан Сайыров. Сонымен бірге, жаңа…
Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова үкіметтегі брифингте «Наурыз» ипотекалық бағдарламасының басталғанын жариялады. Бағдарлама бойынша өтінім қабылдау 10 наурыз күні сағат 9:00-де басталып, 31 наурызға дейін жалғасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Егер Отбасы банкіндегі депозитіңізде кем дегенде 2 миллион теңге болса, сіз және отбасы мүшелеріңіз соңғы 5 жылда баспанаға ие болмасаңыздар, әрі бұл талап бойынша тексеруден өтсеңіздер «Наурыз» бағдарламасына қатысыңыздар. Қазір баспанаға тез қол жеткізудің ең тиімді жолы осы. Бастапқы жарна 20%, ал займның ең жоғары сомасы 36 миллион теңге», – деді Ләззат Ибрагимова. Бағдарлама шарттары бойынша өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері (жұбайы мен балалары) соңғы 5 жыл ішінде баспанасыз…
Қазақстанға ресми сапармен келген Эстон президенті Алар Кариске Ресей туралы мәлімдемесін жұмсартуды ұсынған елші Яап Ора айғай-шумен орнын босатты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. ERR порталының дерегінше өткен жылдың қарашасында Астанаға ат басын бұрған Кәрис президент Тоқаевпен кездеспей тұра осындағы елшімен ақылдасып алған. Яап Ора президентке Ресей шапқыншылығына қатысты арнайы әзірлеп әкелген баяндамасын жұмсартуды ұсынған екен. Бұған құлақ асқан Карис Ақордадағы кешкі ас кезінде Киевке қолдау білдіріп, Украина мәселесіне қатысты өткір мәлімдеме жасаудан тартынып қалған. Мәтін қайта қаралып, ондағы Кремльге қатысты қатаң сыни тезистерді сылып алып тасталған. Эстон басшысының Мәскеуге қатысты позициясы әлсіреп, артынша әлгі оқиғаны елдің Сыртқы істер министрі естіген көрінеді.…
Үкімет Ресей мен Беларусьтен келетін көліктердің утиль алымын еселеп өсірмек. Егер ұсынылған өзгеріс күшіне енсе, Қазақстанда сатылатын Lada маркалы көліктің бағасы бірнеше есеге қымбаттап, тіпті саудадан толық шығуы мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрліктің бастамасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы сауда балансын реттеуге бағытталған. Әсіресе, Ресей мен Беларусь үшін қолданылатын коэффициент күрт артпақ. Қазір Қазақстанға Ресейден келген жеңіл көліктің утильалымы 757 мың теңгені құраса, жаңа ереже күшіне енген жағдайда, салық сомасы 29 млн 410 мың теңгеге дейін көтеріледі. Өзгеріс әсіресе қозғалтқыш көлемі 1-2 литр болатын автокөліктерге ауыр тиеді. Осы санаттағы Lada Granta, Vesta, Largus сияқты модельдерге қосымша 4,6 млн рубль…
Испанияның әйгілі әншісі Энрике Иглесиастың Қазақстандағы концерттеріне билет бағасы жарияланды деп хабарлайды Ertenmedia.kz Freedom Ticketon платформасына сілтеме жасап. Алматыда Энрике жанкүйерлерімен Орталық стадионда жолықпақ. Мұнда ең арзан билет солтүстік трибунадан орын алатындарға 45 мың теңге. Ал әншіні сахна түбінен тамашалағысы келетін VIP-қонақтар үшін билет құны 190 мың теңгеге жетеді. Астанадағы концерт Astana Arena стадионында өтеді. Мұнда да ең төмен баға 45 мың теңге шығыс және батыс трибуналар мен Free Zone аймағына арналған. Ал әншіге барынша жақын тұрып, «жұлдызды атмосфераны» сезінуді қалайтындарға VIP Standing билеті 180 мың теңгеден ұсынылып отыр. Энрике Иглесиас Қазақстанға әлемге танымал стадиондық шоуын әкеледі. Астанада концерт 3…
Қазақстанның танымал мәдениет және өнер қайраткерлері елдің жаңа Конституциясына арналған «Халықтың Ата Заңы» атты ерекше ән жазды. Бұл туынды қоғамдағы бірлік пен саяси реформаларға көрсетілген кең қолдаудың символына айналды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жобаға отандық сахнаның жарқын жұлдыздары – Қайрат Баекенов, Мәдина Сәдуақасова, Заттыбек Көпбосынұлы, Бауыржан Исаев, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, Сүндет Байғожин, Анна Уварова, Әділбек Байтанат және қазақ эстрадасының аңызына айналған Роза Рымбаева қатысты. Әннің шарықтау шегі – барлық әншінің дауысы бір арнаға тоғысып, қуатты хорға айналады. Әнге арнайы түсірілген бейнеролик еліміздің жетістіктерін кеңінен қамтыған. Видеода қазақстандық спортшылардың әлемдік ареналардағы жарқын жеңістері, ғылымдағы озық жетістіктер, робототехника мен медицина…
Испания премьер-министрі Педро Санчес Иранға қарсы кез келген әскери әрекетті заңсыз әрі өрескел қателік деп атады және мұндай қадамның зардабы ауыр болатынын ескертті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Испания үкіметі әскери базаларын Иранға қарсы бағытталған операциялар үшін пайдалануға үзілді-кесілді қарсы. Қақтығысты одан әрі ушықтыру ешкімге жақсылық әкелмейді», – деп мәлімдеді Санчес. Оның айтуынша, Иранға қарсы соғыс халықаралық құқықты ашық бұзу және әлемдегі тұрақтылықты сақтаудың басты шарты халықаралық тәртіпке қауіп төндіреді. «Біздің ұстанымымыз тек бейбітшілік. Соғыс арқылы мәселе шешілмейді. Сондықтан Испания еуропалық серіктестерімен және аймақтағы елдермен бірлесіп, дипломатиялық арналарды қайта ашу үшін жұмыс істеп жатыр», – деп түсіндірді ол. Премьер-министр Испанияның басты мақсаты…










