Саясаткер Санжар Боқаевтың ұсталуына қатысты істің астарында экс-әкім Ерболат Досаевтың беделіне жасалған шабуыл мен Дариға Назарбаеваның ықпалын тежеу ниеті жатуы мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Танымал журналист Гүлжан Ерғалиеваның пайымынша, ресми айыптар гранит ұрлығы мен тал-теректі заңсыз кесу сияқты ұсақ-түйек заңсыздықтар шынайы көрінбейді. Себебі Боқаев жүргізген репортаждарда Алматы әкімдігінің бюджетті талан-таражға салған әрекеттері, шенеуніктердің қала мүлкін жеке мүддеге пайдаланғаны нақты әшкереленген еді. Ерғалиеваның айтуынша, дәл осы дәлелді репортаждар Боқаевтың биліктің ішінен нақты ақпарат алып отырғанын аңғартады. «Санжар әрекеттері тек азаматтық белсенділікпен шектелмейді, оның артында ұйымдастырылған саяси науқан тұруы мүмкін. Бұл бұрынғы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың беделіне нұқсан келтіруге бағытталған», – дейді…
Автор: Самат Келдібай
Депутат Ринат Зайытов мемлекеттен алған наградасының себебін түсінбей отырғанын жасырмады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Шынымды айтсам, өзім де ойланып қалдым. Неге алғанымды білмеймін. Бәлкім, әлі жасалмаған жұмыстың алдын ала берілген марапаты шығар. Қолымнан келгенше мәдениет саласына үлес қосуға тырысамын. Осы оймен алдағы уақытта 4-5 мақсат қойдым. Солардың тым болмаса біреуіне жеткенде ғана марапатты абыроймен тағуға болады», – деді депутат. Зайытов әзірге өзін бұл марапатқа лайықпын деп есептемейді. Оның пікірінше, мәдениет саласында осы атаққа әлдеқайда лайық адамдар жетерлік. «Марапатты алғанда аздап ыңғайсыздық сезіндім. Менен гөрі мәдениет қайраткері атануға әлдеқайда лайық жандар бар. Оларды санамалай бастасақ, тізім ұзағынан созылып кетеді», – деді ол.…
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Қазақстандағы қатардағы жұмысшылардың құқығын қорғау және халықтың несиеге батуы жөнінде өткір пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, елде көп жылдар бойы бизнесті қолдауға басымдық беріліп, қарапайым қызметкерлердің құқығы шетте қалған. Соның салдарынан 3 миллионнан астам азамат өзін-өзі жұмыспен қамтушы болып жүріп, кейін кәсіпкерлердің мәжбүрлеуімен жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге мәжбүр болған. «Бизнеске жағдай жасалды, тексеріс болмады, несиелері кешірілді, ақыры қарапайым жұмысшылар зардап шекті. Кәсіпкерлер жұмысшыларды еңбек келісімшартының орнына азаматтық-құқықтық келісіммен жалдауды әдетке айналдырды. Осы арқылы олар қызметкерлердің зейнетақы, медициналық сақтандыру, еңбек демалысы шығындарын үнемдеп отыр. Тіпті мектептер мен балабақшаларда мұғалімдер мен тәрбиешілерді жаз мезгілінде жұмыстан шығарып,…
«Болашақ» бағдарламасына жұмсалған бюджет қаражатын қайтару тәртібіне индексация механизмін енгізу қажет. Мәжілісмен Мәгеррам Магеррамов осындай ұсыныс жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, магистратурада оқитын әр стипендиатқа мемлекет орташа есеппен 60-150 мың доллар жұмсаса, докторантураға 200-250 мың доллар бөлінеді екен. Алайда келісімді орындамаған жағдайда, мемлекет қаржыны бастапқы күйінде ғана қайтарып алады. Арада жылдар өткенде, инфляцияның әсерінен қаражаттың нақты құны едәуір төмендейді. «Егер мемлекет бір стипендиатқа 100 мың доллар жұмсаса, он жылдан кейін инфляцияны ескергенде, бұл қаржының құны шамамен 134 мың долларды құрайды. Ал, индексациясыз қайтарылатын бастапқы 100 мың доллардың бюджетке тигізер зияны – 34 мың доллар. Кей жағдайда мемлекет шығыны 150-200…
Алматыда «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің басшысы Әсет Матаев төбелеске қатысты деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға Медеу ауданында орналасқан көңіл көтеру мекемесінің маңында болған. Полиция мәліметінше, ішімдік ішкен екі азамат – М. және Р. мекемеден шығып бара жатып, басқа топтағы ер азаматтармен сөзге келіп қалған. Ақыры дау ұлғайып, соңы жанжалға ұласқан. Тәртіп сақшыларының дерегінде, қарсы тарапқа айтылған дөрекі сөздер кикілжіңді күшейтіп жіберген. Жанжалға қатысқандар түгел ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаға байланысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталып кетті. Айта кетейік, Әсет Матаев пен агенттіктің бас редакторы Әмір Қасенов өткен жылдың желтоқсанында да тергеуге ілінген еді. Ол…
Ақ үйде бунт басталды. АҚШ-тың жоғары лауазымды терроризмге қарсы өкілі Джозеф Кент Иранға қарсы АҚШ пен Израиль бастаған соғысқа наразылық білдіріп, қызметінен кетті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ол отставка туралы хатында Иранның Америкаға жедел әрі тікелей қауіп төндірмегенін ашық мәлімдеді. Ұлттық терроризмге қарсы орталықты басқарған Кент президент Дональд Трампқа жолдаған хатында Ирандағы соғысты ар-ожданына қарсы деп бағалаған. Оның сөзінше, Вашингтон әскери қимылға ұлттық мүддеден емес, Израиль мен АҚШ-тағы ықпалды лоббидің қысымынан барған. Кент Трамп әкімшілігінен Иранға қарсы соғысқа бола кеткен алғашқы жоғары шенді шенеунік ретінде аталып отыр. Бұған дейін мұндай деңгейдегі ашық қарсылық байқалмаған. Бұрын Green Beret арнайы жасағында қызмет етіп,…
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айттың алғашқы күні, яғни 20 наурызға арналған айт намазының нақты уақытын жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Намаз уақыты өңірлер бойынша күннің шығуына қарай әртүрлі белгіленген. Жарияланған кестеге сай, Алматы мен Абай облысында айт намазы таңғы 07:00-де басталады. Астана, Шымкент және өзге бірқатар аймақта жамағат 07:15-те сапқа тұрады. Қостанай, Қызылорда және Ұлытау облыстарында уақыт 07:30 болып бекітілген. Батыс өңірлерде айт намазы сәл кешірек оқылады. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында жамағат мешітке 08:30-да жиналады. Мүфтият өкілдері тұрғындарға мешітке ертерек келіп, алдын ала дайындалуға кеңес берді. Сонымен қатар мереке күні қоғамдық тәртіпті сақтау, тазалыққа мән беру және…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыру мәселесіне арналған жұмыс кеңесін өткізді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жиын 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция нормаларын нақты тетіктерге көшіру барысына арналды. Кеңеске Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министр Олжас Бектенов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің жетекшісі Айбек Дәдебай, Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев және әділет министрі Ерлан Сәрсембаев қатысты. Мемлекет басшысы осы күні 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын жүзеге асыру шаралары туралы Жарлыққа қол қойылғанын айтты. Жаңа конституция туралы пікірлер? Оның сөзінше, енді заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерді жаңа Конституция талаптарына сәйкестендіру үшін…
Қазақстанда 17 наурыздан бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке көктемгі шақыру науқаны басталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Енді қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары төрағалық ететін шақыру комиссиялары 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды 30 маусымға дейін әскер қатарына жіберумен айналысады. Қарулы күштер Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысы Алмас Исабековтің сөзінше, көктемгі кезеңде ел бойынша 21 мың адамды әскерге алу жоспарланған. Соның ішінде 11 мыңнан астам азамат Қарулы күштерге, 7 мыңнан астамы Ұлттық ұланға, 2 мыңы ҰҚК Шекара қызметіне, 400 адам Төтенше жағдайлар министрлігіне, тағы 300 адам Мемлекеттік күзет қызметіне жіберіледі. Әскерге шақыру қағазы енді азаматтарға SMS-хабарлама және eGov порталы арқылы жолданады.…
Түркия билігі Қазақстанда өткен жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумның сәтті әрі бейбіт жағдайда өткенін жоғары бағалап, өзгерістер ел болашағына оң әсер етеді деп сенім білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қазақстандағы конституциялық референдум бейбіт әрі тыныш жағдайда өтті, бұл бізді қуантады. Дауыс беру барысын Түркиядан барған халықаралық байқаушылар бақылап отырды. Біз референдум нәтижесінде қабылданған өзгерістердің Қазақстанның болашақ дамуына қолайлы жағдай жасайтынына сенеміз», – делінген ресми мәлімдемеде. Анкара ресми түрде Қазақстанның жаңа Конституциясын қолдап, елдің саяси дамуына серпін береді деген үмітін жеткізді. «Түркияның мәлімдемесі Қазақстандағы конституциялық реформалардың халықаралық аренада маңызды қолдау тапқанын айғақтап отыр», — дейді осы белгілі сарапшы Айбар Олжай. Айта кетелік,…










