Атышулы Александр Машкевичтің артында қалған активтерін Дубайда тіркелген құпия компания өзіне қарата бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Өмірден озған олигархқа тиесілі Қазақстандағы 5 компанияның үлесі Central Asian DMCC дейтін шетелдік құрылымға өткен. «Ручная экономика» арнасының мәліметінше Central Asian DMCC былтыр күзде-ақ «Еуразиялық өндірістік компаниясының» құрылтайшысы қатарына еніп, Майшекенің ресми түрде ауыстырған. Осы құрылым арқылы медицина, қонақүй бизнесі және жылжымайтын мүлікті жалға беру саласындағы қомақты активтер басқарылады. «Еуразиялық коллекторлық агенттік», Advance KZ, Kazakhstan Mineral Resources Corporation Investment компаниясында дәл осындай ауыс-түйіс болған.. Машкевич қайтыс болғанға дейін өзі басқарған «Еуразиялық өнеркәсіптік компанияда» әлі де акционер ретінде көрсетілгенімен, іс жүзінде негізгі меншік иесі ретінде Central…
Автор: Самат Келдібай
Билік «алтын жұмыртқа табатын тауықты» қашырып алды. Елден кеткен канадалық инвестордың соңынан өзгелері де ілесуі мүмкін. Тау-кен саласының сарапшысы Телман Шүриев осындай өткір мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Айтуынша, уран өндірісің төбе басында тұрған Қазақстан соңғы жылдары инвесторлар үшін жайсыз мекенге айнала бастаған. Бюрократиялық кедергі күрт көбейіп, жер қойнауын игеру кодексіндегі жаңа талап инвестордың аяғына оратылып тұр. Сарапшы бұған мысал ретінде күні кеше елден кеткен канадалық Laramide Resources компаниясын алға тартты. «Қазатомөнеркәсіп» қолдағы активтерін тиімді ұқсатып отырғаны рас. Бірақ жаңа учаскілерге неге өзі кіріспеді? Геобарлауға дер кезінде мән бермей, уақытта өткізіп алды ма, әлде шетелдік компанияны шеттетіп, саладағы жалғыз қожайын…
Қаржы сарапшысы, белгілі экономист Сұлтан Елемесов «доллар мың теңге болады» деп дүрлігіп жүрген қауымды сабырға шақырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Маман мұндай дүрбелеңге бой алдырмауға, пессимистік болжамнан аулақ болуға шақырып отыр. Пікірінше, кейбір сарапшылардың долбары онсыз да жүйкесі жұқарған халықты одан сайын діңкелетіп жатыр. Елемесов девальвация туралы әңгімеге негіз барын жоққа шығармайды. Шетелдік инвесторлардың мемлекеттік бағалы қағаздан кетуі, мұнай бағасының құлдырауы, өндіріс көлемінің қысқаруы теңгеге қысым түсіретіні өтірік емес. Бұған Каспий құбыр консорциумын (КТК) торуылдап жүрген украин дрондарын және қосыңыз. «Бұған дейін мен де Трамптың мұнай нарығына қысым жасайтынын, КТК құбырына жасалған шабуыл Қазақстан экономикасына жақсылық әкелмейтінін бірнеше рет айтқанмын. Солай…
Шымкентте қаскөйдың қолынан қаза тапқан қыздың шағымын елемеген полицейлерге қарсы қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Сенат дәлізінде Ішкі істердің орынбасары Санжар Әділов мәлім етті. Айтуынша, қызметтік міндетін дұрыс орындамаған тәртіп сақшылары сол күні-ақ жұмыстан қуылған, істі жылы жапқысы келген қызметкерлердің үстінен сол мезетте-ақ іс қозғалған. «Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы, оның орынбасары және басқарма басшысы сол күннің өзінде тәртіптік комиссия шешімімен қызметтен босатылды. Зардап шеккен азаматшаның, оның отбасының арызына атүсті қарап, тартпаға тастай салған қызметкерлер де теріс себеппен жұмыстан шығарылды. Сол күні-ақ Ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері Шымкентке арнайы іс-сапармен барып, немқұрайлылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», –…
Үкімет ауылға апаратын асфальт жолдардан бас тартпақ. Себебі қаражат жетпегендіктен, құрылыс аяқталмай қалып, тұрғындар қыста батпақ, жазда шаңға батып жүр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ендігі жерде ауылға кіретін жол сапалы, әрі нормативтерге сай қиыршық таспен (гравий) төселетін болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Қазақстанда негізгі ауылдардан шағын елді мекендерге апаратын жолдың жалпы ұзындығы 35 мың шақырымды құрайды. Жергілікті әкімдіктер осы жолдарды асфальттауға тырысып, көбіне қаржы тапшылығына ұшырайды. Соның салдарынан жол құрылысы аяқталмай, ауыл халқы сапалы жолды тек түсінде көріп отыр. «Асфальт жол салу гравий жолдан 6-10 есе қымбатқа түседі. Әкімдіктер асфальт саламыз деп бастайды, бірақ…
Шымкентте студент қыз Нұрай Серікбайдың айуандықпен өлтірілуі елдің қабырғасын қайыстырып, қоғамды дүр сілкіндірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президент Тоқаев бесінші Ұлттық құрылтайда сөз алып, қыршын кеткен қыздың өліміне қатысты полиция жұмысына қатаң баға беруді тапсырды. «Нұрайдың қайғылы қазасы қоғамға түскен ауыр соққы. Қылмыс кездейсоқ болған жоқ. Қызды қасақана аңдып, қорқытып, еркін өмір сүруіне мүмкіндік бермеген. Соңы осындай қасіретке ұласты. Сондықтан Ішкі істерге Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекетіне құқықтық тұрғыдан нақты баға беруді тапсырдым», – деді Президент. Еске сала кетсек, Шымкентте 28 жастағы ер адам студент қызды пышақтап өлтірген болатын. Әлемжеліге тараған бейнежазбадан бойжеткеннің қашуға тырысқанын, бірақ күдіктінің оны қуып жетіп, соққыға…
Саяси алаңда ширек ғасыр бұрын жоғалған вице-президент лауазымы қайта тіріліп, билік дәлізіндегі мұрагерлік ойын жаңа серпін алуы мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың пікірінше, билік мұндай лауазымды енгізу арқылы тұрақты саяси құрылымнан гөрі уақытша конъюнктураға негізделген осал жүйе құрып жатыр. Вице-президенттің пайда болуының өзі билік жүйесіндегі тепе-теңдікті сақтау мен президенттің ықпалын күшейту мақсатында ғана жүзеге асады дейді ол. «Кезінде Қазақстанда вице-президент болды. Алғашқы және соңғы болып осы креслода отырған Ерік Асанбаев еді. Назарбаев 95 жылғы Конституциядан соң әлгі қызметті қажетсіз деп тапты. Президентке орынбасар немесе болашақ бәсекелес керек болмады. Тоқаев? Қазіргі президент керісінше, вице-президентті болашақ мұрагерлік жүйенің маңызды элементі…
Президент Тоқаев ел басқарудағы маңызды мәселелерді шешуге арналған жаңа орган Халық кеңесін құру туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Енді Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы Ассамблеясының бар қызметі Халық кеңесіне өтеді. 126 мүшесі бар жаңа органның төрағаларын Президенттің өзі тағайындайды. Этносаралық және конфессияаралық келісімге қатысты түйткілдер, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі де осы Кеңестің құзырына көшпек. Тіпті жаңа органның мәртебесі Конституциямен бекітіліп, заң шығару бастамасына да ие болады. Мемлекет басшысы парламенттік жүйеге де серпіліс беретін өзгерістер ұсынды. Мәселен, ендігі жерде Конституциялық сот, Жоғары аудиторлық палата және Орталық сайлау комиссиясы мүшелерін тағайындау толығымен Парламенттің еншісіне өтеді. Бұған қоса, Жоғарғы сот…
Президент Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөз алып, елдің денсаулығын саудаға салғандардың әрекетін қатаң сынға алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президенттің айтуынша, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (МӘМС) қордаланған жемқорлық пен заңсыздықтың ауқымы ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірер деңгейге жеткен. Мемлекет басшысы миллиардтаған қаржының «қағаз жүзінде» ғана халыққа жұмсалып, іс жүзінде біреулердің қалтасына кеткенін баса айтты. «Ел экономикасы үшін жұрт болып жұмылып жатқанда, әлеуметтік саланың қазынасындағы қаражатты тонап, құжаттарды қолдан жасағандар шықты. 2024-2025 жылдары медицинаға 7,8 триллион теңге (15,5 миллиард доллар) бөлінді. Ал сол қаржының басым бөлігі азаматтардың денсаулығын жақсартудың орнына, әлдекімдердің жеке мүддесіне қызмет еткен», – деді Президент. Тоқаев осы былыққа жол бергендердің ешқайсысына…
Ұлттық құрылтайда «Әділ сөз» қорының басшысы Қарлығаш Жаманқұлова отандық медианың бүгіні мен болашағына қатысты бірқатар ұсыныс жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Ақпараттық заманның нағыз күрескерлері журналистердің еңбегі қашан да сұранысқа ие. Халық сапалы әрі сенімді ақпаратқа мұқтаж. Бірақ Қазақстандағы медиа нарығы қаржылық және институционалдық қиындықтың қысымында қалып отыр», – деп мәлімдеді Жаманқұлова. Оның айтуынша, елдегі БАҚ-тың басым бөлігі жарнамадан түсетін табыстан қағылып, жаһандық цифрлық платформалардың (YouTube, Meta, TikTok) көлеңкесінде қалған. Рекламадан түсетін қаржының 65 пайыздан астамы осы алыптарға кетіп жатыр. Сондықтан тәуелсіз, мемлекеттен тыс медиа ұйымдарға нақты қолдау көрсету қажеттігін жеткізген Жаманқұлова: «Журналистердің еңбегі лайықты бағаланып, редакциялар кәсіби кадрларды тарта алуы…










