“Рахман қайнары“ шипажайы мемлекетке қайтарылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Электрон сауда алаңында «Рахман қайнары» шипажайын мемлекеттік органдардың балансына беру бойынша сауда-саттық өтті.
Сауда-саттық нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді.
«22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ», — деді ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.
Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, 1964 жылы ашылған шипажай бұрын олигарх Анатолий Балушкинге тиесілі болған.