Атышулы Қуандық Бишімбаевқа қатысты сотта мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Астана прокуратурасы мәліметінше, қазір Аймағанова мемлекеттік айыптауды қолдау және Астана қаласы прокуратурасының апелляциялық сатысына қатысу басқармасының бастығы қызметін атқарады.
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша танылған прокурор Айжан Аймағанованың шені бұған дейін де жоғарылаған еді.
Бұған дейін Айжан Аймағанова Instagram желісіндегі парақшасында подполковниктің погонымен («әділет кеңесшісі» сыныптық шені) киімімен түскен видео жариялады.
Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысына айыптаушы тараптың өкілі Айжан Аймағанова әділет майоры шенінде қатысқан еді. Сот шешімімен Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға сотталды.