Астана сотында «Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетемін» деп 100 млн теңге иемденді деп айыпталған Людмила Грачеваның ісі бойынша жарыссөздің бірінші бөлігі өтті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Informburo.kz-ке сілтеп.
Бұған дейін Людмила Грачева 1995 жылы экс—министр жасаған қылмысты ашу үшін Бишімбаевтар отбасымен қайта байланысуға шешім қабылдағанын айтқан болатын.
«Әділдікті қалайтын адам Людмила Грачева сияқты жасай ма? Оның шынайы ниеті — жәбірленушілердің сеніміне кіру және осылайша қолма-қол ақша иемдену. Ал оның бұрынғы қылмыс туралы әңгімесі ойдан шығарылған«, – деді прокурор Азамат Тоқтарбай жарыссөз кезінде.
Оның айтуынша, филологиялық сараптама Грачеваның өзі Бишімбаевтың анасына алқабилерге пара беруді ұсынғанын және оны қылмысқа итермелегенін растады.
Осылайша прокурор оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушының мүддесін қорғайтын адвокат Оксана Шевченко Людмила Грачеваны толық ақтауды сұрады. Грачеваның өзі де кінәсін мойындамады.