Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов бастаған депутаттар Сайрам ауданындағы жол құрылысы жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жұмыс сапары кезінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейіржан Жалайыров пен Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Руслан Мұздыбеков құрылыс жұмыстарының барысын түсіндірді.
Депутаттар жол сапасын қадағалау, ауыр жүк көліктерінің қозғалысын шектеу, әсіресе, түнгі уақытта жүрісін тоқтату мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, карьерлерден шығатын жүк көліктерінің тазалығын бақылауды күшейту туралы ұсыныстар айтылды.
Алдағы уақытта депутаттар өңірдегі басқа да жол құрылыс нысандарын аралап көрмек. Түркістан облыстық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылғы кезекті сессияда басқарма басшысының атқарылған жұмыстар бойынша есебі тыңдалады.
Айтқандай, Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан мәлімет бойынша, бүгінде агроөнеркәсіптік кешендегі субсидияның жалпы берешегі 341,3 млрд теңгеге жеткен. Оның 152,2 млрд теңгесі несие пайызын субсидиялауға тиесілі екен.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







