Экономист Нұртаза Қадырниязов АЭС құрылысына қатысты бірқатар ұсыныс жасады. Сарапшы АЭС-ті «экс президенттің қыздары салсын» деген пікірін де жеткізді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Экономистің сөзінше, АЭС салу үшін бюджеттен тыс қор құрып, байлардың ақшасына жүгінген жөн.
«Біздің елде 44 000 долларлық миллионер бар, ал 48 адам — қаржысы 500 миллион доллардан аса миллионер. Оған қоса қазақ жерінің арқасында ертегідей байыған долларлық миллиардерлер де бар: А.Машкевич, Патох Шодиев, Ибрагимовтар отбасы, Тимур және Динара Құлыбаевтар, Дариға Назарбаева, Вл.Ким, Анисимов, Клебанов, А.Лаврентьев және басқалары», — деді ол.
Сарапшы Қадырниязов Тоқаев осы байлардан атом электр станциясын салуға қаржылай көмек сұрауы қажет екенін, сонда бюджет ақшасының бір бөлігі үнемделетінін мәлімдеді.
Сонымен қатар, экономист жер қойнауы — қазақ жерінің байлығы есебінен байып жатқан шетелдік компаниялардан атом электр станциясын салуға қаржылай қолдау көрсетуді талап ету қажет екенін айтып, олардың тізімін жариялады:
«СНПС (Қытай), ЭксинМобил, Техсако, Шеврон, ЛукОйл, «Қарметкомбинат», «Казақмыс», «Құмкөл», «Қаражамбасмұнай», «ШНОС», консорциум «Қарашығанақ» СНПС-Ақтобемұнайгаз (Қытайдың иелігінде), «ПетроҚазақстан Құмкөл ресорсиз» (қытайлықтардың иелігінде), «Аджип КСО» (италиялықтар), Норт Каспиан оперейтинг компаниясы – Қашаған (анг, фран, нидерл, итал, қытай), «СНПС-Айданмұнай» (қытайлықтардың иелігінде), «Корея нэшнл ойл корпорейдет», «Каспий Меруерт оперейтинг» (анг), «Бозашы оперейтинг компаниясы» (қытайлықтардың иелігінде), «Махпетролиум» (анг), «Маңғыстаумұнайгаз» (49%-ы қытайлықтарда), «Қаражанбасмұнай» (Қытай), СП «КуатАмлонМұнай» (қытайлықтардың иелігінде), «Эмир ойл» ЖШС (қытайлықтардың иелігінде), АО «КМК мұнай» (86%-ы қытайлықтарда), «Сазанқұрақ» ЖШС (қытайлықтардың иелігінде), «Прикаспиан Петролеум компаниясы» (қытайлықтардың иелігінде), «Сағыз Петролиум компаниясы» (қытайлықтардың иелігінде), «Адай Петролеум компаниясы» (50%-ы қытайлықтарда), «Уралс Ойл газ» (22%-ы қытайлықтарда), «Каспиан Инвестментс ресорсз» (100%-ы қытайлықтарда) және бұл тізімді жалғауға болады», — деді ол.
Айта кетейік, елімізде 6 қазанда АЭС бойынша референдум өтіп, халықтың басым көпшілігі оның құрылысын қолдады. Алайда әзірге қай ел АЭС құрылысын жүргізетіні белгісіз.