Мәліметке сүйенсек, Қазақстан Республикасының экс-вице-премьер-министрі – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жақын арада жаңа қызметке тағайындалмақ.
Ол соңғы қызметінде Үкімет басшысының орынбасары және бір уақытта экономика министрі ретінде бір жылдан аз уақыт жұмыс істеді.
Мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда Байбазаров 1997 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қаржы министрлігінде, Ұлттық экономика министрлігінде қызмет атқарған.
Қазақстан Даму Банкінің басқарма төрағасы (2022-2023 жылдары) және «Бәйтерек» холдингінің (2023 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейін) төрағасы болған.