Экс-министр Қуантыров Үкіметке қайта келді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», — деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Ал Назира Нұртүлеуқызы Нұрбаева Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған. Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады.
2005-2010 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2010-2013 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.
2013 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.
2013-2019 жылдары ҚР Президент әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.
2022-2024 жылдар аралығында ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.