Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев соңғы айларда бірнеше маңызды лауазымнан бірінен соң бірінен кетті, деп жазады Ertenmedia.kz.
2026 жылдың наурыз айында Президент Жарлығымен Досаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл қызметті ол шамамен жарты жыл атқарған еді.
Сондай-ақ, Досаев 2025 жылдың желтоқсан айында тағайындалған «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің құрамынан да шықты.
Оған қоса, биыл қаңтар айында ғана құрамына енген «Бәйтерек» ұлттық холдингі директорлар кеңесінің мүшелігінен де шеттетілген.
Осылайша, қысқа мерзім ішінде Ерболат Досаев мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардағы бірнеше қызметінен айырылып отыр. Қызметінен босату себептері ресми түрде айтылған жоқ.
Алматы қаласында тұрғындардан ескі көліктерді сатып алу жобасы басталмақ. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен экология мәселелері жөніндегі кеңесте әкім Дархан Сатыбалды мәлімдеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







